Облом болғаным
Асауботанын Сүйіктіңізге хат жазасыз ба? постын оқып отырып, мына оқиға есіме түсіп кетті. Соны өздеріңізбен бөліссем :)
Қорқыттың студентімін. Студенттік өмір қызып жатыр. Қызып қана қоймай, Валентин күнінде қайнап жатқан уақыт. Екі курс жоғары оқитын жігіттен хат келді сол күні. Хаттың тоқ етері, кездесуге шақырыпты. Кездесуден қашатын басым ол жігітке бара алмайтынымды айтпақ болып, оны кабинетке шақырып алдым.
Келді. Кабинетте екеуіміз отырмыз. Ол маған қарайды, мен оған. Біраз уақыт отырдық үнсіз. Ол қасқа ойлаған шығар, сөз таба алмай отыр деп. Мен отырмын неге сұрамайды деп. Ақыры шыдамадым да, кешір, бара алмаймын дедім. Жабық тұрған тығын ашылды, енді іркіліп қалу деген жоқ қо, хатыңа рахмет, кездесуге бара алмаймын деп споооооооокойно шақыру мақсатымды айттым.
«Уфф» деп демімді алып отырсам, сен емес пе кездесуге шақырған, мен ешқандай хат жазбадым деееп қарап отыр ағам.
Сөйтсем, ол менен хат алған, мен одан. Хатта кездесу орны мен уақыты көрсетілген.
Қыздардың істеп жүрген тірлігі екен. Маған көмектескісі келген екен да. Ол жігіт ұнайды деп миларын қатты ашытсам керек, содан осындай тірлік жасаған. Тек менің кездесуден қашатынымды білмегендері :)

Қорқыт ата кураторларың болған кезде ма?
Қорқыт — оғыз мемлекетінің уәзірі болған, түркі елдерінен шыққан музыкант, философ, дәрігер, саясаткер. Ол кісінің шыққан еліне таласатындар көп, өзбек, тәжіктер мысалыға өздеріне тартады. Ол кісінің кітабы Ватиканда сақтаулы екен-міс. Ақиқаты, Қорқыттың жерленген жері Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы. Сондықтан да, қазақтар Қорқытты өзіне жақын санайды.
Келесі кейіпкер, менің кураторым жайлы. Есімі Бабахан, өзі жоқта Бабах болған керейт руынан шыққан кісі. Қазір Қзда облводхозда директор орынбасары ғо дим, соңғы жеткен сыбыста сондай болатын :)
Толық жауап бердім деп ойлаймын, әрі қарай сұрақ туындамаса керек-ті :)
о_O. Енді түсіндім: Өмірге келуі аңыз да, өмір сүргені шынымен болған оқиға. Солай емес па?
Қорқыттың кім екенін білгің келсе ізденіп көр, еңбегімен тек қана аңызда қалмағанын табарсың, әрине керек болса, ал қағыту үшін ізденіп қажеті жоқ
мына жерінде аса толқыдық бәріміз…
Охо, мұнда не болып, не қойғанын толық жазбағансыз да деп қалдым ;)
АйтпақЧ, Краснодарда бір жігітті кластас қыздары зорлапты, соттасып жатыр, о замана, о Аспан!!!
валентин күні келер де кәдімгідей улап/шулап алушы едік, еще маған ұнайтыны, мектептегі қораптардың түр/түрін қолдан жасалыну ед))))
ұялшақтығым десем қанағаттандырарлық па? :)