ІЛЕ. Қайсар ҚАУЫМБЕК

Менің жыр сұлтанатымнан таңдап тағы бір шайырды алдарыңызға әкелдім. Жыр оқып, әділ бағалаңыздар. Бұл ақын ҚазҰУ-да оқиды.

Ілем менің,
Түнермегін — шерлі анам,
Сені күтіп жатыр алда кең далаң.
Мен де қалдым арман — тауға бара алмай,
Сен де қалдың арнаң толмай сорлаған.
Сен жыладың Балқашыңа кете алмай,
Мен жыладым қалқашыма жете алмай.
Жұртын аңсап бота көңіл боздайды,
Бұлқынады бұғаудан бір босанбай.
Сен де ортайдың, сан тарау боп бүліндің,
Мен де ортайдым, мың сүріндім, жығылдым.
Жағалаудан үні естілер іңірде,
Үйірінен адасқан бір құлынның.
Толқыныңды ұзатып сап сан асау,
Тарылдың ба, беу, ілемнің жағасы — ау!
Сені күткен қасіретті Балқашың,
Мені күткен қасиетті Алатау.
Түнермегін!
Ілем менің — мұңлығым,
Сізге пана, бізге пана кім бүгін ?!
Бетонжүрек, безбүйрек бұл заманда,
Бауырлар да іздемейді бір -бірін!
Толқып -толқып сенен де енді құм қалар,
Өртей -өртей менен де енді күл қалар.
Арғы жақтан жүрек жылытар тым құрса,
Екеумізге келмей қойды -ау бір хабар!..
Бөлісу:

11 пікір

e_zhalgas
Бетонжүрек
креативыңдысс :*)
satibaldi
Шерлі Іле, қасіретті Балқаш… Такеши Китаноның бір алд-хаус фильмі бар еді: кейіпхерлердің барлығы мұңды, оның үстінде киноның аяғында — барлығы о дүниелік болады. Китано шығармашылығымен таныссың деп ойламайм, сондықтан плагиат дей алмаймын.
Жәй, қаззақтарда көңілді кеш, демалыс күн, подъездегі көрші сияқты өлеңдер жоқ, кішкене құпия айтайын: кім осындай өлеңдер бірінші болып жазад — мегатанымал боып кетеді, ендеше бастаңдар, қайғы-ақындар.
Gastarbaiter
Проктеке, хард әдебиетке арналған бір тахерыб болывед дәруішөлгенде.
Мегапозитив шумақтарды сонда оқыдым.
AKY
кім осындай өлеңдер бірінші болып жазад — мегатанымал боып кетеді, ендеше бастаңдар
кепілдік бересің бе? :)))
Ертеңнен бастағым келіп отыр. КүЧт күЧт көңілде өлеңдер жазам.
satibaldi
Менің жыр сұлтанатымнан таңдап тағы бір шайырды алдарыңызға әкелдім.
Сәл шыдашы, жақында сені де ұлықтаймыз, әзірге Елбасыға ескерткіш орната тұрайық. Нақтың.
Kasymolzhas
Менің ескерткішім бар. Сенікін қайтем.
Gastarbaiter
Тасып отырсың ғой:)
ushkin
О, Олжеке, Қайсекеңнің өлеңін шығарыпсың. Осы өлең біздің факультетте бір жылдары хит болған!
Nurgisa
Мына жерге келіп ит болмаса екен…
ushkin
Ит дегеніңізге жол болсын, ұйқастырам деп, мәнсіз нәрсе жазып қойғаныңызға таңмын. Көзі ашық, көкірегі ояу адамдардың ортасы емес пе бұл! Қайта, мына жерге келсе, одан әрі шыңдалады деп ойлаймын.
Abilakim
Олжекеңдей қасқыр жігіттің жүні жығылып Итке айналмауын тілеп тұрғаны болар…