Елбасы туралы тұңғыш спектакль


24 қараша бейсенбі 19.00-де «Бейбітшілік және келісім» сарайында Елбасы туралы «Терең тамырлар» /аллегориялық драма/ атты спектакль болады. «Авторы: Е.Жуасбек, Реж: Н.Жұманиязов.
Бұл спектакльді алғаш Астана қаласының тойы күні 2 шілдеде К.Байсейітова ат. опера балет театрында көрсеткен болатын. Ести салысымен барып көруге бел будым. Ішімнен „Тағы да сол, жағымпаздық па? Біріншіден Астана күні, екіншіден Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, үшіншіден 6 шілде Елбасының туған күні. Осылайша орайын тауып жағынбай-ақ қойса болады ғой. Құдай біледі, спектакльде Елбасының образын артық қыламыз деп, тыртық қылып алмаса болғаны“ деген оймен барғаным рас. Бірақ, қойылым мен ойлағандай болып шықпады. Шыны керек, аллегория жеке көрермен ретінде өз басыма ұнады. Ешқандай жағымпаздықтың, ешқандай лыпыл мен „туфли жалайтын“ көріністердің салқыны жоқ. Бұл енді менің жеке пікірім. Елбасының ролін „Келін“, „Сардар“ фильмінде ойнайтын актер Қуандық Қыстақбаев сомдаған. Бұл ролді алғаш Досхан Жолжақсыновқа ұсынған екен. Ол кісі че-то бас тартыпты. Толығырақ Your text to link... осы жерден оқуларыңызға болады. Айтпақшы, бұл қойылымды Елбасының өзі де барып көреді-міс. Сосын билет құны 600 теңге.
Бөлісу:

20 пікір

sammita
театрдан кеше естідім, ана сарайда өтеді деген соң бірден барғым келмей қалды.
3-4 жыл бұрын Аманшаев «Балкон» қойылымымен Пирамиданы толтырмақ болып, Елбасы қатысып… общым маңызды емес. Нашар қойылым еді. Декорацияға қанша шығын кетті, ең қызығы сол одан кейін сол қойылым астанада қойылмады-ау. Актерлер шеберлігімен ғана шығара алды.
Нұрлан аға жақсы режиссер, мына қойылым көрерменге ұнар деп ойлаймын. Қуандық басты ролде болса әрі.
Abilakim
Елбасыда төлеп пе 600 теңгені
Aldeken
гримердың жұмысына сын.
а-ля Ақорданың тұрғыны болып гримделген актер Сатекеңше айтқанда «біреудің тәрелкесінде» тұрғандай екен…
sammita
қойылымнан кейінгі суреті әрі фото мен сахнадан тікелей көру айырмасы бар.

"Өз ойым" деп қосуым міндетті меД:))))
Abilakim
Баяғыда Рахат Әбдірахманов біреу жайлы "Өз ойы жоқ, Абай мен Шәкәрімнің өлеңдерін пихайттап бірдеңе дәлелдегісі келеді" деп айтып еді
Aldeken
фотодан көріп отырған мені есепке алмағанда, қасында тұрған Асанәлі Әшімов те ұнатып тұрмаған сыңайлы гримердің жұмысын… )))))))))))))))
Zhan
Жақсы қойылым, Астана маңындағы орманмен байланыстырып жақсы келтірген.
sammita
Жансая Сыдықбай мен Қуандық Қыстықбаевтың әмпей-жәмпейлігіне куә болыңыздар.

ұят, ұят, общым сөзім жоқ, үндемей жүріп
satibaldi
Әскермен бірге, жүректің де мәселесін бітіріп жүр де, ееее
sammita
бізді мында ойыншықпен алдаусыратып кеше
Abilakim
еще кіммен, Елбасының өзімен
Zhan
Айеке, не дегенмен Қуандық жақсы актер. Азу тісін ақситып күлген кезде «Мә не деген сексуальный жігіт» деп таң қалдым.
Abilakim
Сенімен кездескен кезде азу тісімді ақсита күлуді ұмытпайыншы…
sammita
"құдаларым қызық екен, адам деген қинамай ма "іш, іш" деп"©
sammita
әй, бабайлар, мынаны алып кетіңдер
Abilakim
қара әшкійді тегін кимеген екенсің
Zhan
Лібәд, сатып беруіс жоқ қой е, «Тілеулестердің намысы бір емес» деген осы екен.
sammita
Ләззатқа* айтам, тыныш жүрмесең
*-Қуандықтың жары.
satibaldi
Бөрік өртеніп, бұйра шаштар дудырап, серіппедей атылып шығуда