Қазақтың жері

Мына сөздерді оқымай тұрып бұрынғы өткен заманда қазақ елінің территориясына қараған бірнеше жерлердің (аудан, болыс, қала) бүгінде Ресейдің қарамағына өтіп кеткенін білуші едім. Менің білгендерім (3-4 қала) түк емес болып шықты. Мынаған назар салсаңдар…
Алтай таулары мен Тоң (Дон) өзенінің арасында алып хандық құрған қазақ жері қарашекпеннің талапайында қалғалы қашан?! Анау Тулаңның алғашқы атауы әйгілі Жәнібек ханның анасы Тайтулланың есімі емес пе еді?! Астраханың –Хажытархан, Саратов – Сарытау, Челябинск – Селебе, Курган – Қорған, Тюмень – Төмен, Барнаул – Баранауыл, Усть-куть – Үстіқұт, Ачинск– Ащылы, Байкал – Байкөл, Енисей – Енесай, Ангара – Аңғар емес пе еді?! Асан Қайғы, Ақтанберлі, Шалкиіз, Доспанбеттер асқақ жырына ораған Еділден (Волга) иісі қазақ су ішпегелі қаншама ғасыр өтті?!
Осының бәрі Софы Сматайдың «Елім-ай» романда тайға таңба басқандай көрініп тұр.
www.zhasalash.kz/ruhaniyat/4843.html
Бөлісу:

36 пікір

asaubota
қазақ емес жалпы түркілердің жері деген дұрыс болатын шығар?
Janasil
Түріктерден дәріс алғандығыңыз көрініп тұрады. Өзімде шет жағасынан өткеннен кейін болар.
Aya
жоооқ, түркілер өз алдына...қазақтар десе артық болып тұрған жоқ ешқандай да...«Елім-ай» өтте ғажап роман, тек соңғы бөлімінде неге екенін қайдам Софы ағамыз жаңа заманды бейнелеймін деп онша да сәтті шығара алмаған. НЕЛІКТЕН ӨЙТТІ ЕКЕН, ӘДДДЕМІ РОМАННЫҢ ШЫРАЙЫН КЕТІРІП?!
Abilakim
заманы соны талап етті
asaubota
Тарих жеңіл жүрістегі ғылым болғандықтан қатты сене бермеймін.
Aya
«жеңіл жүріс» дегеніңізге келіспейді екенмін.Неліктен олай дейсіз?
sigma
Бұрмайлай беруге болады, 1+1=3 бола алмайды өлсең де.
asaubota
жоқ, шынымен тарих проститутка ғылым ғой.
Aldeken
«Отар болған елдің тарихын отарлаушы елдің тарихшылары жазады» авторы Дж.Неру

бірінші мамандығым тарихшы еді…
asaubota
күшті айтылған екен. тарихты әркім әр түрлі жазатын болғасын ғой, кімге сенеріңді білмей жеңіл жүріске теңейтінімііз.

тарихтан облыстық Олимпиаданың бірнеше рет жүлдегері едім… :)
Nurgisa
Astana is the capital of the Republic of Kazakhstan.

ағылшын тілінен облыстық Олимпиаданың…
KILYZAMAN
Иә, «тарихты жеңімпаздар, жағымпаздарға жазғызады» — дегенде бар
omarbirat
Құрығанда Енисейді қырғыздарға қалдырған дұрыс болар ма еді. Әлде олар да қазақтар ма еді?
Тек қазақтікі қылу меніңше артық сияқты, қазір аталған жерлерді иеленіп отырған Ресейдің құрамында жүрген қазаққа жақын ноғайлар тіпті шетте қалып кеткен сияқты.
balzaminka
біздің қарақалпақтардың, ноғайлардың жерін алып отырғанымыз былай, ештеңе емес пе?
Aya
біріккен алты алаш едік қой бұрнағыда… оның жері мені жерім дейтін емес…
balzaminka
солай ма? Еш басқалай емес пе?
satibaldi
Сен ауладағы би удаваться етпесе, неге ашуыңды басқалардан аласың?
balzaminka
Сәтекесі, мені ашулы деп кім айтты? Біле білсеңіз, Сәтекесі, менің көңіл-күйім бүгін керемет :)
omarbirat
Қазақтар баяғыдан тұрып жатқан Баян Өлке, Қытайдағы Үш аймақ неге аталмады деп ойланып тұрмын. Әлде мына мақаланы жазғанда, Сәбет одағы кезінде картаға сызып берілген шекарадан шықпау шарт болды ма екен :)
balzaminka
өзбектерге кеткен жерлерді айтсаңызшы :)
omarbirat
Ол да бар. Бірақ қырғыздың ежелгі жұрты Энесайды иемденіп алыппыз :)
asaubota
қазақтарға бәрібір. жердің аты қазақшаға ұқсас болса болды, біздікі деп айта береді. Соқпақбаев Уругвай мен Парагвайды прикол қылып жазбағанда біздікілер қазір оны да қазақша атау қылып жіберер еді.
AL-ASTER
Баян-Өлгей нақты есімде жоқ, қазақтардың белгілі бір тобының 1800 жылдары шамасында ма көшіп барып қоныстанған жер деп естігенмін.
Қазір менің ойымша, Қожекеңнің салған мына суретіндегі шекарамызға енбей қалған жерлерін қайтару қиын болар. Осы қалғанына да дұрыстап ие болсақ жарар едік.
Жер демекші, Қазақстан мен Моңғолия шекараласпағанымен, Қазақстан-Ресей-Қытай-Моңғолия мемлекеттері түйіскен жердегі алаң ешкімге тиесілі емес деген әңгіме де шықты ғой. Демек, Моңғолия мен Қазақстан шекарасын болмағанда бір колік өтетін жол етіп түйістіруге болады ғой. Және, сол түйіскен жерде, Қазақстан жағынан да, Қытай жағынан да, Моңғолия жағынан да қазақтар мекен ететін жер болуы керек, заңдастырып жатқанда осыны да негіз қылуға болатын сияқты.
Қай бір жылы, Президент халықтан сұрақ қабылдаған кез болып еді ғой, сол жылы жер туралы мынадай сұрақ жібергенмін: Моңғолия мен Қазақстан шекарасын түйістіру мақсатында, ҚР және Ресей Федерациясы өзара жер телімін алмастыру жағын қарастырса деп.
Себебі, Моңғолиядан Қазақстанға өту үшін, біраз салық төлеп, бөтен елдің жерін басып өтеді, азаматтардың өтуі қиындық туғызатын болғанда, материалдық зат алып өту тіптен қиын. Мысалы, Моңғолия жағынан көшіп келетін адамдар өзінің иелігіндегі мал-дүниелерін алып өту қиын, шекара қосылып тұрғанда мүмкін айдап өте салу пайдалырақ болар ма еді.
Altygradus
Осының бәрі Софы Сматайдың «Елім-ай» романда тайға таңба басқандай көрініп тұр.
тарихи монографияда жазылған нәрсе ретінде дәйекке келтірілсе болар, и то ол монографияға қандай дереккөздерген сүйенгеніп жазылғанына қарай…
Ал роман??? хммм
Сосын ең маңызды сұрақ Софы Сматай деген кім??
Ана ЖасАлаштағы мақалды қарап шыққандар бар ма?? Бірдеме түсінген адам болса айтыңдаршы.Әдемі сөздерді теріп шыққаннан басқа дым дерек көрмедім. Жалпы ол Софы Сматай деген кісі не қызмет атқарып не еңбек еткені дыым түсінбедім. Әйтеуір бір роман жазған екен, онысы Дулат Исабекоа, Мұқағалидің шығармашылығына тең екен. Осы біздің журиктер кейде бір адам туралы мақала жазамыз деп «менің ағам деген мындай андай болған» деп келе-келе не жазып жатқаны туралы басты мақсатын ұмытып кететін сияқты.
Aya
Кәдімгі жазушы?! кім дегеніңіз қалай? Ол кітапты оқысаңыз танисыз кім екенін…
Altygradus
ну роман ретінде, көркем әдеби шығарма деп айтсаң онда оқуға болады әрине, тек ондай жерлерден тарих іздеп керек емес.
sigma
Бір брошюраға сиятын тарихымызды оқып білсек жетпей ме? Анау мынау деп не керек, бар жерді кәдеге асырсақ жеткілікті. игерілмеген жерді былай қойғанда игерілген жердегі жарық, отын, су, байланыс мәселелері бастан асады.
dark_nazgul
Стерлитамак бар емес пе, Соданың пачкасындағы?
Сль Істерлітамақ деген қазақтың жері екен…
dark_nazgul
"Өлгендер қайтып келмейдіде" емес пе, Орақпай, Парақбай, Екібатыр деп келіп, Америка да қазақтың сөзі, бірақ ұятты деп, жазбайтыны? Сол қандай сөз екен деп әлі ойланып жүрмін.
asaubota
бірінші сөзін тауып отырмын, қалғанын таба алмай отырмын дейсің ғой :)
e_zhalgas
өткенмен өмір сүргендер кілең, жазатын тақырып таусылған соң басындағы бес тал шашын жұлып, жылауға көшкен екен ғой кейбіреулер :)
Nurgisa
Жапондардың Әкинауасы, орыстардың Қаркөбі де бар…
patick
Түркі қағанатына қараған территория десек кішкене ақылға сыйымды. Әйтпесе, аталған қалалар Қазақ хандығы құрылмай тұрып-ақ салынған емес па?
asaubota
қазақтарда бола береді дедік қой, не бар кайфты бұзып отырсың?!
Aigolek

Менин ата бабам осы алтай онирин мекендеген казактар болатын. Сосын бир куни алыпты да кытай мен казактардын шекарасын белгилепти. Со кезде менин ата бабам кытайдын территориясында калып капты. Сойтип казактын жери кытайдын жери боп шыга кепти.