Қайсысы қазаққа жақын?

Кәпір Шыңғысхан жақын ба, әлде мұсылман Қайырхан жақын ба?

PS:Мына тақырыптың жалғасы.
Бөлісу:

49 пікір

meirzhan
Шыңғыс ханның діндерге көзқарасы жаман болмады. Көп дін адамдарына бостандық берді.
Кейін Алтын Орда мемлекетінде де бұл үрдіс жалғасын тапты.
ken
Отырар секілді қалалардың мұсылмандарын қанжоса еткен емес пе еді?
meirzhan
Қырса, мұсылман болғаны үшін қырған жоқ, бірден бағынбай, керуенді шапқандары үшін қырды.
Және мен дін туралы айтқанда ел басқарудағы саясаты туралы айттым.
ken
қалай болғанда да, факт сол, біраз мұсылмандарды одүниеге аттандырып жіберді.
Алтын Орда мемлекеті құрылған кезде, между прочим, Шыңғысхан уже өмірден озып кеткен болатын. Ол мемлекетті исламды қабылдаған оның ұрпапқтары билеген.
meirzhan
Алтын орданы Жошы құрды. Батый мемлекеттің шекарасын кеңейтті. Ал исламды қабылдағын оолардың үрпақтары. Өзбектен басталған (әлде Берке). Қысқасы, дінге бостандық берілген мемлекет болды.
ken
Жошының мұсылманша жерленгенін білесің бе?

Алтын Орданы Батый құрған, оның әкесіне атасы үйлестіріп берген ұлыстың территориясына.
meirzhan
ммм. Иә, дұрыс айтасың. Жошы ұлысы.
ken
Шыңғысханның Аллаһты тануға мүмкіндігі мол болды. Мұсылмандармен тікелей қарым-қатынста болған.
алайда ол исламды мойындады ма? Жоқ, әрине. Мұсылман шаһарларымен бірге Алланың үйлерін де жермен жексен еткен.
meirzhan
Қазақтың сол кездегі бабаларының да ислам қабылдағанына көп болмады Шыңғысханның шапқыншылығы кезінде. Тіпті мысалы, Найман ханы Күшілік хан керісінше мұсылмандарға қысым көрсеткен. Ал Шыңғысхан керісінше діни бостандықты берем деп уәде беру арқылы Күшіліктің қол астындағы халықтарды өзіне қаратқан.
ken
Хыхы… Халықтың өз діни бостандығын қайтадан өзіне сыйлағанын ауыз толтырып айтарлық нәрсе деп ойламаймын.
meirzhan
Сол кездегі демократиялық түсініктерді ескерсең.
Aya
«АллаҺ» деп ышқынбай-ақ, қазақ тіліне сай етіп Алла, Алда деп айта беріңізші, көкесі… Шектен тыс өтірікке құрылған әңгіме айтпай…
ken
қай жерінің өтірік екенін нақты көрсетіп жіберЧ
Aya
«Мұсылмандармен тікелей қарым-қатынста болған.
алайда ол исламды мойындады ма? Жоқ, әрине. Мұсылман шаһарларымен бірге Алланың үйлерін де жермен жексен еткен.»деген сіздің сөзге Мeirzhan «Ал Шыңғысхан керісінше діни бостандықты берем деп уәде беру арқылы Күшіліктің қол астындағы халықтарды өзіне қаратқан. » ДЕП сізге нақты жауабын айтып тұр ғой…
ken
Мен сізден сол жазғанымның қай жерінің өтірік екенін нақты көрсетуіңізді сұраған едім, сіздің «Шектен тыс өтірікке құрылған әңгіме айтпай…» дегеніңізге қарап.
Әлі де көрсетіп берер деп үміттеніп отырмын.
Aya
«Мұсылман шаһарларымен бірге Алланың үйлерін де жермен жексен еткен. » деген сөзіңізге дәлел қайсы? Советтік отаршыл тарихшысымақтар жазған көпірмеден үзіп алып, жазып отырған осы пікіріңізге орай айтып едім.
konvict
Қап, бензиннің қымбаттап кеткені ай. Баяғы сәбеттік кезең жақсы ед шелектеп шашатын
ken
демек сіздіңше ол Отырарды, Самарқандты қиратпаған болып тұр ғой? дұрыс түсіндім бе?
Aya
әрине)дөп түсінідіңіз…
Onlasyn
Әлгі араптардың «Сұлтан Бейбарыс» атты сериалдарында осы Шыңғысханның ұрпақтары туралы көрсетеді ғо
ken
ол киноны көрмегенмін
Onlasyn
Айтқандай, сол кинода жихадтың не екенін жақсы түсіндірген
just19
Муахаха)) Егер екеуі де жақын болса ше?
satibaldi
Екеуі де — киборг, тарихтың қоқысына тура жол!
ken
просты сол киборгтардың біреуін (кәпірін) соңғы кезде қазақ қылғысы келетіндер көбейіп кетті де, әбілдің
omarbirat
Мен үшін екеуі де бірдей.
Шыңғыс хан қаладағы небір кітапханаларды қиратты, жермен-жексен етті деп жазғырады, какбұтта Шыңғыс хан қиратпағанда, қазіргі қазақтар жапондардан өткен продвинутый болып жүретіндей. Отырардан басқа да мұсылман мемлекеттерінде кітапханалар болды. Солардан пайда көріп, озық болып тұрған мұсылман мемлекетін көрмей тұрмын қазіргі заманда.
Қазіргі болып жатқан экологиялық ахуал көшпенділердің жабайылығының емес, ғылыммен тым әуестеніп кеткен отырықшылардың еңбектерінің жемісі (білім-ғылым отырықшыларда дамыған) сияқты көрінеді маған, басқаларға қалай екенін қайдам Бұл енді жай, сөз болсын деп :)
Aizhantabyn
келісе алмаймын, аға! Кітапхананы қиратпағанда мегамозг болып кете ме едік, әлде жоқ па, мәселе онда емес! Мәселе адам жауыз, та еще сволочь и урод последний болғанында!!!
omarbirat
Оның қасында жүріп, істегендерін көзбен көрген ешкім жоқ қой. Соғысса да, жай ғана спорттық қызығушылықпен, адам өлтіру үшін соғыспаған болса керек. Басып алған жерлердегі адамдардың бәрін қырып тастаса, оған алым-салықты кім төлейді?
omarbirat
Оған басып алған жерлердегі адамдардың өлгенінен гөрі, оның билігін мойындағандары маңыздырақ болған, меніңше. Өлсе, қарсыласқандар өлді. Батырларша өлгенін де жоққа шығармақ емеспін.
Aizhantabyn
Шыңғыс хан періште, жарайды))))
Abilakim
Соғыстың аты соғыс. Кітапхананы Шыңғысханның өзі барып солярка құйып өртегенін көрген ешкім жоқ.
asaubota
қазақ туа сала мұсылман болғандай сөйлейтіндеріңді ай
ken
Шыңығысханның қазақ болғанын өз көзімен көргендей сөйлейтіндерді-ай.
omarbirat
Шыңғыс хан қазақ емес. Бірақ жанама да болса қазаққа қатысы әрі қосқан үлесі бар бәрібір. Қазақтың бұрынғы аталары бір-бірімен соғысқан екен, онда тұрған не бар? Бастысы — олардың ұрпақтары қазір бір ұлт болып отыр.
ken
Иә, қазақтар арасында оның ұрпақтары бар. Оған күмән жоқ.
Қазақ тарихына оның қатысы бар. Оған да күмән жоқ. Ол туралы ешкім дауласып та жатқан жоқ.
Мәселе оны түркі деп (кейде тіпті қазақ деп) көрсетуде болып тұр, қаражорғассс…
meirzhan
Нағашылары түркі. (қоңырат)
Негізі осы тақырыпты казах.руда жақсылап талқылауға болады.
omarbirat
Онда оның діні туралы әңгіме қозғап не қажеті бар еді? :)
ken
мәселені осы жағынан да түсіндіргім келген)))
qisyq
Error post detected!
Baaamp! Baaamp! Baaamp!
asaubota
ұнамаса минуста, адам келесіде ойланып жазатын болады.
Zilola
Жакын/алыс екенi ендi не важнi
konvict
Мына нәрсе қайдан шықты десем, газеттегі көшірме деңдер
ken
Шыңғысхан заманында монголдар болмаған деп жүргендерге.
Болмақ түгілі, өз жазбасы да болған екен. Осы күнге дейін бұл әліпбиді Қытайдың Ішкі Монголиясындағы монголдар қолданып келеді.
ken
ао Монголияның өзінде бұл әліпби орыстар келіп, кириллицаға көшіргенге дейін қолданылып келген, сонау 13 ғасырдың басынан бері
e_zhalgas
қазақтың мұңын жыртып жатқанда, қыстырылма мұңғылыңмен :) хехе!
ken
осыңды сол мұңғылды бізге қыстырып жүргендерге айтсаң, керемет болар еді
KILYZAMAN
"Қаңлыдан ұл туғанда ағашқа күн туар" — тұжырымын зерттеу әлдеқалай тиімідірек боларма еді :-(
MrQ
Отырардың кітапханасы...............................................................................әкең