Парижден Құрбан айтқа үлкен сыйлық!



Жаңа ғана Парижде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында Зульфия Чиншанло чемпион атанды!

Екі жаттығу бойынша да бірінші орын алған ол осылайша екі кіші, бір үлкен алтын медаль алды.

P.S Біздің ескі әнұранымыз Жаралған намыстанды тыңдатты француздар :)
Бөлісу:

55 пікір

Erkekyz
Аяғына дейін көре алмадым, папам ұйықтаймын деген соң бөлмеден шығып кетіп едім. Қуаныштымын! :)
Mansy
Тамаша құттықтаймыз! Бірақ ескі әнұран ұят болды. Тұрлыханов мырза калай жүрегіне қолын қойып тыңдағанына. Ұйымдастыру жағы нашар ау
Mansy
Ертен болады. Онлайн компьютерде көруге болады. www.elarna.kz/rus/online/ ал мына fr.paris2011.com/competition/le_live сілтемеден нәтижелер көруге болады.
omarbirat
Қазақстанның жерінде болған жарыста француз чемпион болып жатса, «Интернационалды» қойып беру керек :)))
omarbirat
Зульфия Чиншанло маладес. Шетелден келгендердің ішіндегі ең сәтті таңдалған спортшылардың бірі деп есептеймін.
saken
тамаша жаңалық екен.
Құтты болсын мейрамымыз да, жеңісіміз де!!!
Nurgisa
Молоток! Машанло дүнген қызы ма еді?
Nurgisa
Түзету: Чиншанло
omarbirat
Иә, дүнген.
Nurgisa
Базарбайыпқа ысқырып жіберетін екен. «Дүнген қызы арманымдап» жүретін.
Jacqabaies_Chirac
Ни жақсы тренер нақ
Nurgisa
Ни-ни, десең иә…
asaubota
Зульфияда потенциал мықты сияқты, келесі жылы Олимпиада алтынын алып береді деп сенемін. кеше 130-дың өзін түк қиналмай көтерді. біздің бапкерлер де жеңді психологиялық ойынды, қытайлықтарды әбден қажытты кеше :)

әнұран косягы біздің кінәміз деп ойлаймын, француздар білмейді ғой әнұранды. қайсысы тұр соны ойнатады. тексермеген біздікілер кінәлі.
Nurgisa
Кейде кей мемлекеттер әлемдік бәсте әлеуетін жасыра тұрып, олимпиадалық бәсекелесуде жарқ ететіні бар. Ерлеріміз ерлемеп пе? Әлде енді шыға ма тұғырға?
omarbirat
Жалпы, біздегі Қытайдан келген спортшылар барын салып, нәтиже шығаруға тырысып жүр. Зульфиядан басқа Қанат Сіләмді мысалға келтіруге болады, мәселен. Ауыр атлетикада тағы бір дүнген қыз бар. Қайсыбір жылдары осы Зульфиямен бірге алтын алып бергені бар еді.
Nurgisa
Майя Манезе ғой.
Бізден әлі Светлана Подобедова мен Илья Ильин шықпапты. Олар да дәмелі шығар алтыннан жеп дәмеленгенім…
Mansy
Майя Манезе бүгін кешке шыгады
patick
Қателеспесем, Ни Олипиаданың алдындағы чемпионаттарға барлық потенциалды көрсетпейді. Мол, алдын ала күш-қуатты біліп қоймасын деп.
asaubota
Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр дей алмайсыз. Зүлфияны мараппаттау сәтінде Қазақстанның әнұраны ауысып кеткені үлкен олқылық болды. Алтынын мойнына іліп, біз шат шадыман көңілмен қазақтың әнұранын тыңдаймыз деп бейқам тұрғанда осыдан бес жылғы «Жаралған намыстан» деп басталатын ескі гимн шырқап қоя бермесі бар ма?! Қазақстан делегациясы осы қателік үшін ұйымдастырушылар комитетіне қат-қат шағымдарын айтып жатты. Шағымның шешімі ертең белгілі болады. Бұған қоса, әлемдік сынның баспасөз орталығыда дұрыс жұмыс жасап жатқан жоқ. Интернет қол жетімді емес. Пресс орталықта өкінішке орай, ноутбук атаулысы атымен жоқ. Өзіміздің ноутбугымызды арқалап бардық. Алайда орталықта WIFI жүйесіндегі интернетке ену мұң. Тіпті камерамен жарыс өтіп жатқан аймақты түсіруге де тиым салыпты. Әлемдік сынның барлық құқығы «Еуроспортқа» тиесілі деген заң болса керек бұл. Ал егер жарысты түсіргіңіз келсе 250 доллар төлеңіз деп қоймады. Міне, осы олқылықтардың барлығы бүгінгі әлемдік сынның сәнін кетіріп тұрғандай.

Әлгі әнұран шатасқанда біз ұйымдастырушыларға барып, алда Қазақстан әлі үш алтын алады. Сонда әнұранды дұрыс қойыңыздар деппіз… Бәлкім, бұны Жаратқан аузымызға салып тұрған болар… Енді сейсенбі күні Мая Манезаның жолына үмітпен қараймыз. Бүгін біздің делегация үшін демалыс.

дейді Аламандық Руслан інішек
Nurgisa
Негізі осылай бірден білдіру дұрыс қой. Алда да үміттіміз. Жұмекен мен Шәмшінің «Менің Қазақстанымын» тыңдайтын, жүрек бүлк-бүлк етіп.
Erke
Накенди умыттып кеттинго!
Adiletshu
Молодец қазақтар!
Delhi
Қазақтар дегенше Қазақстандықтар десеңЩ.
Adiletshu
Құметті, қазақстандықтар!
Delhi
Құметті дегенше, Құрметті десеңЩ. :)
Adiletshu
Жарайт. Құрметті
Gulistan
Зульфия шашын жинап, әдемі болып кетіпті. Ішкі потенциалы мықты сияқты.
Маған одан басқа ұнағаны — түріктің 29 жастағы атлеті, басқалардай емес, боянып шықты.
ал Қытай, Гонконг, Тайпейден келгендер дің реңкі аздап еркекке келеді, мен «ер мен әйелдердікін араластырып жіберген бе?» деп те таң қалғам. Шаштарын шолтитып қиып тастаған қыздарды тану қиын болды.
Доминикан елінен келген атлетшінің денесі басқалармен салыстырғанда әлсіздеу көрінген, ол да мықты болып шықты. Штанга астында қалғанда қорқып кеттім басып қалған жоқ па деп, Кәріс елінің азаматшасы да иығын жарақаттап алқаны қиын болды.
asaubota
Еларнаны қосыңдар. Мая Манеза шығып жатыр, алғашқы жұлқу бітті, әзірше үшінші орында. лидерден сегіз ұпай артта. жету қиын болады енді.
asaubota
заебал ғо мынау, манезаның рекордын санамай тастады судьялар
AKY
Рекордты неге санамады, а? Иятсыздар, жыным келіп отыр.
asaubota
екінші орын алды Манеза, Олимпиадада айдаймыз орыстарды!
Jacqabaies_Chirac
Кеше Ни айтып жатыр Маяға: — Мая сен 150 кг-ны да көтергенсің дабай нақ! -деп, соған қарағанда айдайтынына күмән жоқ.
ЗЫ. осы жолы да айдап алды
asaubota
Мая да сол «Олимпиадада айдаймын ғо сені қаншық» дегендей спокойно тұрды ғой.
omarbirat
Бастысы — Олимпиадада айдап алудың алғышарттары бар екен.
Nurgisa
Сенеміз, сенеміз! Хрусталева қазір зейнетке шығып кетті ме өзі?
Ильяин қашан шығар екен…
TERISKEY
Хрусталева қайсы еді? Биатлондағы Хрусталеваны білетін ем. Ильин 12-күні. Қалғандары мына уақыттарда шығады. Уақыт — Еуропалық жүйе бойынша.
09.11.11 19:00
69кг И.Некрасова
69кг Ж.Жаппарқұл

10.11.11 11:00
77кг К.Павлов
10.11.11 19:00
75кг С.Подобедова
75кг А.Нурмаханбетова

11.11.11 14:00
85кг В.Кузнетцов

12.11.11 11:30
105кг В.Седов
12.11.11 16:30
94кг А.Утешов
94кг И.Ильин
12.11.11 19:00
105кг С.Истомин
12.11.11 21:30
+105кг Д.Каплин

13.11.11 14:00
+75кг А.Абронева
asaubota
кеше ғана әйелім қазақтар қыздарын штангаға бермейді а деп отыр еді :)
TERISKEY
Қазір қарап шықтым, қазақтың қыздары да баршылық екен: С.Сәдуақасова, М.Тәшкенбаева, А. Нұрмұхамбетова, Ж.Жаппарқұловалар бар. Тек аталғандардан тек соңғысы ғана әлемдік сындарға шығып жүр.
Nurgisa
Хрусталева емес, қателестім. Хромова.
TERISKEY
ааа, жерлесіміз бе?:) Татьяна қыз сәуірдегі Қытайда өткен Азия чемпионатынан күміс жүлде алған соң, көрінбей кетті. Жаңылмасам, үлкен спорттан кеткелі жүр деп естіген ем.
patick
Седов та жыртуы мүмкін, күміс алып қалатын шығар.
Abilakim
Подобедова шығар айтқыңыз келгені
TERISKEY
бұйырып жатса, Маяның потенциалы керемет. Ана алтын алған орыстың Отанының баспасөздеріне берген сұхбатында: «Сегодня я поняла, что если не сегодня, то, возможно, этого уже никогда не будет,»- депТ. Ол расында да Маядан қорыққанын жасырмапТ.
Bayan_
Ішіміз күйді, бәрібір Майя — рекордсменка! Молодец, өзгелер (Шайнова) сияқты жылап-сықтамады.
TERISKEY
Зүлфия Чиншанлоны қайта тұғырға жеке шақырып, жаңа әнұранды қайта ойнатып, Қазақстаннан жария түрде кешірім сұрапты француздар! (Аламандықтардың сайтынан)
Nurgisa
Теріскей айналайын, келбетіңнен…
Nurgisa
Подобедова, Седов пен Ильиндерден медал күтем.
TERISKEY
Тәәәәк, кешегі Некрасова мен Жазираны көрдіңдер ғой, иә? Менің естуім бойынша, бұл чемпионатта ұлдардан алғашқы алтылыққа кіргендерге олимпиадалық жолдама, қыздардан 9-орынға дейін олимп.жолдама беріледі-міс. Кеше Некрасова 9-орын алды, сонда ол лицензия алды ма? кім біледі, айта отырыңдаршы…