МР3 жинағын жасау

Братан бір әскери тапсырма берді. Таңғы 5-терде ауылға қарай шығып кетпекші екен, соған жолда тыңдап барғанға бір диск жасау керек болып тұр. Бар орын — 8 ГБ (толтыру міндетті емес, көлемі 1 ГБ немесе 2 сағат ойнап берсе жетіп жатыр). Мүмкіндігінше қазақша әндерден. Шарттары:
— ойбайлаған мұңды әндер болмауы керек.
— ұйқыны келтірмейтін, ішті пыстырмайтын сергек (тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да «бодрый» :)) әндер болуы тиіс.
— жаңа шыққан әндер болуы өте-мөте құпталады.
Кімде қандай ұсыныс бар? Мәшинеде қандай әндерді тыңдаған жақсы?

Алдын ала рақметімді айтамын.
Бөлісу:

15 пікір

omarbirat
Шұғыл керек боп тұр еді. Ұсыныстарың болса, әннің орындаушысын, атын жазып жіберсеңдер. Сілтемесін салып жатсаңдар қосымша рыспек!
Компьютерімде әндер ескіріп кеткен, оларды тыңдап-тыңдап құлақ шіріп кетті үжі :)
Nurgisa
Омеке, мен Алматыдан Астанаға шығарда www.nur.kz тен керекті әндерден жинақ етіп алып едім. Көрсейші, көп уақыт кетпеуі керек. Мен іздеген әнімнің барлығын тапқам.
asaubota
Альбом: Сапалы қазақша әндер жинағы
Жыл: 2010
Жанр: поп
Сапасы/ битрейт: 320
Ұзақтығы: 03:28:09
Әндер саны: 55

www.zhastar.biz/index.php?name=files&op=view&id=894

осы жарайды
AKA
«Арнау» тобының орындауындағы «Махаббат жыры» атты жаңа ән мен оған түсірілген бейнебаянды ұсынамын.
omarbirat
Бодрый өлеңдер демекші, мына ән еске түсіп, қазір тыңдап отырмын:


Бұл видеоға жазылған кей комменттер қазақша емес, соған қарағанда басқаларға да ұнайтын сияқты.
saken
бұрынғы жұмыста жүрген кезімде, Ресейден шеф инженерлер келген. Сөйтсе жолда автобуста осы әнді естіп қалыпты. Маған тауып берші деп. Осы әнді, қасына жүзден астам қазақша ән қосып беріп жібердім :) Ресейді жаулай берсін қазақ әні деп ))
VKM
О, сіздің жиынтық супер екеніне, гарантия беремін:)
satibaldi
Өзіңді Вильгельм Жаулаушы сезініп қалған шығарсың?
saken
жалпы біреуге ән жазып беру өте қиын нәрсе негізі. Маған ұнаған басқаға ұнамайды дегендей. Компютерімде 3000-дай қазақша ән болсада, таңдап отырып ешкімге жазбаймын. Керек пе бәрін жазып беремін, ары қарай өзің таңдап бөліп ал деймін.
omarbirat
Ооо, Сәке, сен жақсы келдің. Жаңа шығып жатқан әндер болса, бөліссең?

Маған тек жинап берсем болды. Өзімде де біраз әндер бар, бірақ… ол әндерді сол ағамның өзінен алып едім, парадоксстың :)))))
asaubota
мен ұсынған жинақты ала сал, шынымен жақсы әндер ішінде.
omarbirat
Оны алып едім. Есіме түсіргенің жақсы болды. Қазір тыңдамасам. Мүлде ұмытып кетіппін :)
omarbirat
Мына әннің музыкасы ұнап жүр, әсіресе домбыра тартатын жері. Бірақ ана қыздардың масқара акцентпен айтатыны ұнамайды бұл әнде — ал былайынша әдемі қыздар. Жалкі :)