Тек қана ұстанған идеясы үшін сотталған адам

Жас Алаш газетінің №88 санында «Уахабизмнiң жоғын жоқтап, мұңын мұңдағандар Саят Ибраевты соттатып тынды» деген мақала шықты.

Мақаладан үзінділер:
Абзал Құспанов, С.Ибраевтың адвокаты, Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының мүшесi:
Тергеушiлер тобы Саятқа “Сен бiзге керек емессiң. Сен бiзге “Бұдан былай сопылық жолды ұстанбаймын. Одан бас тартам. Мен адасып жүрiппiн...” деген қолхат бере ғой” дейдi. С.Ибраев бұдан бас тартады. Өйткенi, С.Ибраев Ясауи ұстанған сопылық жолға ерiккеннен, не болмаса зерiккеннен келген жоқ.
Шынқуат Байжанов, С.Ибраевтың адвокаты, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесi:
Мәселен, Евгений Жовтистi алайық. Ол абайсыз жасаған қылмысы үшiн төрт жылға сотталды. Күйетiн жерiмiз, Саят Ибраевта сол абайсыз жасалған қылмыс та жоқ қой.
Ләззат Ибраева, С.Ибраевтың әйелi:
Бiр жылға жуық созылған тергеу әрекеттерi, 3 айға созылған сот тергеуi, үйге тiнту, ұялы телефонын тыңдау, барлық жазылған мақала, оқылған лекцияларын тыңдау, басқан iзi аңдылып, соңынан қалмай ерiп жүргендегi бар тапқаны – 2010 жылдың 19 мамырында “АБЖАД” интеллектуалды-танымдық клубы отырысында айтқан: “Уахабит, салафит, басқа “иттер” қаптап кеттi” деген бiр ауыз сөзi. Осы сөз үшiн ҚР ҚК-нiң 164-бабы бойынша “дiнаралық араздық туғызды” деп те соттауға болады екен.

Саят ағайға сот үкiмi шыққаннан кейiн (25.10.2011 жыл) «Саят Ибраевты қорғау комитеті» құрылған екен. Бұл комитет қалың жұртшылықтың ақ-қараны өздерi айырып отыруы үшiн интернеттен «ibrayev.kz» сайтын ашыпты. Мұнда С.Ибраевқа қатысты мәлiметтердiң бәрi бар.
Бөлісу:

49 пікір

nurjanbay
«сектанттар сотталды деп» алақайлап қуанып едіңдер, Керекшілер, ешқайсыңның жүректерің ауырмай ма? :(
Qojeke
Исматулладан басқасының бәріне жаным ашиды. Адасып келген біреудің артынан еріп нелері бар? Бірақ жазасыз қалмау керек. Бізде жазаны түрмеге тоғыту деп қабылдайтын топас заңдар мен ол заңдарды шығаратын топастар көп.
Marat
Менің білуімше бұл кісі сопылық бағытты өзі ғана ұстанып қоймай, Қазақстан арнасы арқылы оны насихаттаған. Ақиқаты Аллаға аян. Кінәлі-кінәсіз дегеннен ештеме өзгермейді.
nurjanbay
мәселе кінәлі екенін дәлелдей алмай соттап жібергенде болып тұр.
19852407
Не десең де,«Сенім.Білім.Өмір» қоғамдық бірлестігің қызметі заңға қайшы екені дәлелденді-мыс.
nurjanbay
енді "-мыс" деген жалғаулар жалғанатын болып па? *54
конкретно айтсайш «дәлелденді» деген сөзді.
19852407
Жақсы, солай-ақ болсын.
nurjanbay, онда мынаны конкретно айта қойшы:
Сен сопылық ағымды қолдап, идеясын ұстанасың ғой???
nurjanbay
Мен сопылық ағымды қолдап, идеясын ұстанам.
мұнымды ешқашан жасырған емеспін.
19852407
Түсінікті, жауабыңызға рахмет. Сіз жасырмапсыз, мен білмеген екем.
Жеке басымның болмағанда «Нұр Отан» партиясының мүшелігінде жоқ екендігімді айта кетейінші на всякий пожар :)
Сосын татулығы мен бірлігі жарасқан ұранда емес қоғамда өмір сүргім келеді ше…
nurjanbay
сол «Сенім.Білім.Өмір» РҚБ-нен бір жамандықты өз көздерімен көргендей сөйлейсіңдер. :(
tolagai
«Сенім.Білім.Өмір» бірлестігінің айналасындағы дау дамайда есеп жоқ. соның бірі Ақиқат фильмінде айтылған кісі өліміне қатысты. Айдын есімді азаматты өлтіріп, орнына басқа адамды жерлеген. одан қалса Исматулла Мақсым Ауғандық радикал талиптермен араласқан видеолары, олармен байласқан сәттері әшкере болды. қысқасы Иассаи атын жамылған кезекті бір секта екені анық. Себебі кез-келген ағымға шақырудың артында бір бөліну тұрады ғой. Исматулла әділ сотталды. Тек Саят ағайды қимаймын. жақсы кісі еді. ғалым, ақылды. тек адасқан жолға түсті. Мемлекеттік төңкеріс жасап, Ғалым Боқаштан президент сайламақ болған топқа жақтасты. етене араласты, қолдады. және осы ойына әлі күнге дейін берік сопыларды жақтауда. Фанатизмдік симптом, Исматулланың жеке басына табыну секілді моральдік тозған түсініктерді уағыздайтын сопылықты өз басым қолдамаймын. Атыраудағы жарылыс жасаған баланың сопылықа қатысы бар деген мәліметтер шығып жатыр. бұл рас болуы мүмкін. себебі Исматулла қалай қамалды, солай жарылыстар, көтерілістер әсіресе сопылықты қатты қолдайтын Батыста өршіп тұр.
nurjanbay
Саят ағайды өтірік аяй қалмаш. Атыраудағы жарылыс жасаған баланың сопылыққа қатысы бар деген мәліметті қайдан алдың көрсетсейш бізге де. өйтіп жалған сөйлеп өсек таратқанша. ол баланың аты жөні белгілі болып, бұрын терроризмге қатысы бары анықталып, жарылысқа қатысы бар тағы екі жігітті іздеп, ол жарылысты «халифат солдаттары» өз мойындарына алды деп бәрі шулап жатқанда қайда жүрсің? ұйқыңнан жаңа тұрдың ба?
Janasil
Тағы бір Батыр пайда болды.
nurjanbay
ол кісіге батыр деген атақты әлі ешкім бермеп еді. шын ниетіңмен айттың ба, әлде қызғаныштан, өшпенділікпен айттың ба білмейм, бірақ батыр деп атаған алғашқы адам сен болдың.
Janasil
Біздегі қалыпты әдет қуғын көрген адамды қолдан мүмкін шын батыр қылып шығарады. Оған дейін дыбыстары шықпайды.
nurjanbay
мен Саят ағайды батыр деп атаған жоқпын. ол кісінің еш жазықсыз сотталып кеткенін айтып отырмын.
Qojeke
Жазығы болған күнеде де сен сияқты исматуллашылардың мойындаймайтыны білгілі.
nurjanbay
жазығы болмай тұр ғой.
nurjanbay
сеніңше қандай дыбыстар шығу керек?
Nurgisa
Тақсырларынсыз қиын, әрине, мүриттерге…
nurjanbay
Абзал Құспанов, С.Ибраевтың адвокаты, Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының мүшесi:
"… Осы орайда, 05.10.2011 жылғы сот отырысында куә ретiнде жауап берген мекемеаралық тергеу тобының жетекшiсi, полиция полковнигi М.Құмарбеков адвокат Ш.Байжановтың “Уахабиттердiң құқығы бұзылса, олар неге жәбiрленушi ретiнде танылмаған?” деген сұрағына, Құмарбеков: “Бұл жерде жәбiрленушi болып Қазақстан Республикасының Үкiметi танылады”, – деп жауап берген болатын. Алайда артынша ол “Мен олай деген жоқпын” деп өз сөзiнен өзi жалтарғанын бәрiмiз көрдiк, естiдiк. Мұның бәрi аудиожазбада жазулы тұр..."

Ләззат Ибраева, С.Ибраевтың әйелi:
"… Сонда бұл не? Айтпаса, шындықтың атасы өледi. Саят Ибраевты осы баппен соттау арқылы бүкiл дүниежүзi, президентiмiздiң өзi бас болып күресiп жатқан уахабизмдi сот үкiмiмен өз алдына “бөлек дiн” дәрежесiне көтердiк. Бiр қызығы, “мен – уахабпын, менiң ар-намысыма тидi” деген бiрде-бiр жәбiрленушi жоқ. Сонда бұлар кiмнiң құқығын қорғап, жазықсыз ғалымды қылмыскер деп танып отыр?..."

бұған не дейсіңдер?
tolagai
Нұржанбай, осы сендер сопылар, қит етсе уахабтар құртып жатыр бізді деп өре түрегелетіндерің не? уахабың кім сонда? жала жабуға шеберсіңдер ғой шеттеріңнен. ҰҚҚ, ІІМ, тіпті биліктегілер елбасымен қоса уахаб болғаны ма? себебі Исматулланың ісін мемлекет емес пе тексеріп, ұлтқа қауіпті деп тапқан. қайдан шыққан қыңыр айқай, қаңқу сөз сендердікі? :) уахаб деген ұғымды миларыңа сіңіріп алып, рекламировать еткендеріңді қойсаңдаршы. ондай ұғым да, ағым да жоқ қой.
nurjanbay
жарайд сенің айтқаның болсын. Қазақстанда ешқандай уаххаб жоқ. ешқандай жарлыстар болып жатқан жоқ. ешкім түрмеден қашып өздерін жарған жоқ. Ақтөбеде болған атыстар дінге еш қатысы жоқ, жай мұнай ұрлаған бандиттер мен полицияның атысы. КНБ-нің ішін жарған жігіт жауапкершіліктен қашқан. Дағыстанға барып ФСБ-ның қолынан қайтыс болған қазақ жігіттері туристер. *54
Qojeke
Қойш на, егер исматуллашылар билікке өтіп кеткенде не болар бір Құдай біледі. Сақал қойғандардың барлығын қырып тастар ма екенсіңдер осы сендер :) Исматуллашылардан ешқандай жақсылық күтуге болмайды. Яссауидің атын жамылған дүшелер деп снанаймын, өз аяғым.

Соттың әділетсіз шешім шығарғаны білгі. Оғн таласым жоқ. Жемқорларыңдыссс әділ сотты армандамаңдар, табалмайсыңдар.
nurjanbay
я дұрыс айтасың. ол кезде сақал қойғандар үшін «халифат орнату» идеясы арман болып кететін еді.
neoman
Адамдар ұйымға еріккеннен бірікпейді, белгілі бір теріс пиғылы, мақсаты болады. Мемлекетке, қоғамға зиянды идеяны ұстанатындардың басын кесіп тастаса да болады. Елдің қамын ойлаймын деп жүріп сотталып кеткендей жеткізіпсің
nurjanbay
я дұрыс айтасың. “Уахабит, салафит, басқа “иттер” қаптап кеттi” деп, қазақ жастарын уаххабизмнен сақтандырып жүріп сотталып кетті.
neoman
Саят Ыбырай — өте дарынды ғалым. Көптеген елге белгілі зиялы қауым өкілдері оны мықты ғалым болғандықтан ғана қолдап, елбасына хат жазып жатты.
Бірақ дәл осы іске қатысты сөйлегенде Саяттың ғалым екендігін ұмытуымыз керек, өйткені ол бұл жерде — дінтанушы, уағыздаушы рөлінде. Қазақ жастарына жаны ашыса, білімге, механика-математикаға үйретсін, оқытсын. Ол үйтпеді, ол адасып қана қоймай, қоғамның бір бөлігін артынан ерткісі келді. Елге ақыл айтты, балама дінін насихаттады. Діннің өте қауіпті саяси құрал екенін біле тұра, діншілдерді қақ жарып, іріткі салды. Еліне, ұлтына шынымен жаны ашыған адам бірлігімізге, тыныштығымызға дәл осылай қастандық жасамай, басқа ағартушылық істермен айналысуы керек еді
nurjanbay
е, солай де. :(
Саят ағайға бір құдайдың өзі жар болсын.
VKM
nurjanbay, сонда сен намаз оқымай, зікір саласың ба? Бес парызды өтесек жұмаққа баратынымызды білуші едім. Исматулла сонда Алланың елшісі болғаны ма?
nurjanbay
мен басымды дуалға ұрам. аузымнан көпірік атып жынданып айқайлайм. *54
Serik
Кешір, бірақ мен бұны қабылдай алмаймын. зікір салу, бақсылыққа жақын. Ал бақсылық деген, отқа, пұтқа табыну — мәжуси түсінігіне сай нәрсе.Исматулланың негізгі ілімі шиғадан бастау алады. Ол Қазақстандағы кең етек жайған сопылықтың Нақышбандия және Иассауия болып бөлінетін ағымдарын таратпақшы болған. Саят Ыбырай, Мекемтас Мырзахмет, Шерхан Мұртаза сынды қайраткерлер мен Қасым Аманжол, Ғалым Боқаш секілді отты жастарды «ата баба жолы», "қазақылық" деген желеумен улап мақстаына жетуге тырысқан. Егер Исматуллашылар Қазақстандағы билікке келген жағдай болса, онда елдегі ахуал дәл Ауғанстандағыдай болар еді. өмірі бітпес тәліптер мен мұсылмандардың партизандық соғысы. Осы тұрғыдан алғанда сопылардың сотталғаны дұрыс деп білем. Онымен қоса, елдің батысында жарылыстар жасап жатқан сыртқы күштеріңдің күшіктері боп саналатын такфир жамағатының да қуғындалғаны дұрыс. Ал салафизм, бахабизм деген ұғымдарыдң бәрі осы такфири жамағаттың ауқымына сиып кетеді. қарапайым Қазақстандықтардың арасындағы адасушылық мынада. кімде кім Исламды ұстанып, дұрыс жүрсе, (сопыларша зікір салмаса), әруаққа сыйынбаса онда ол «вахаб» деген түсінік шыққан. Негізінде вахаб дегендердің арғы жағында такфир, радикал ұғымы жатыр. Яғни, ұлтты мойындамайтын, заңға бағынбайтын, ата ананы құрметтемейтін топ.
ал тыныш жүрген, намазын оқып, оразасын ұстап, ешқандай отқа, суға, әруаққа сыйынбай, елбасын құрметтеп, заңды мойындап, ата анасын құрметтеуді парыз санайтын, тек Аллаға ғана құлшылық ететін қарапайым мұсылманды «вахаб», «террор»", жарылыс жасауы мүмкін" деп бостан-босқа қаралай беру әсірсе сопылықты ұстанатын адамдардың арасында көп көрініс табады. Бұл жердегі кілтипан сопылардың иманының кәміл еместігінде деп білем.
Mansy
Өте дұрыс айтасыз. 100 пайыз пікірінізге қосылам.
meirzhan
Біраз нәрсеге көздің аштыңыңыз-ау.
balzaminka
Совет үкіметінің саясатын ұстанатын кез келген сияқты. «Дінсіз» мемлекет болу керек, ал дінді ұстанамын деген кісі тыныш қана, жеке өзі дінін ұстансын. Октябряттарды, пионерлерді, комсомолдарды дүниеге қайта алып келу керек.
nurjanbay
Қазақстан діни мемлекет емес. Қазақстан зайырлы (светский) мемлекет.
balzaminka
мен статусты айтқаным жоқ, тырнақшаға бекер алмаған болармын :)
nurjanbay
тырнақшаға алынған «Дінсіз мемлекет» менің ақылыма сыймай тұрғаны. көзіме елестете алмаймын. егер сен Совет үкіметі сияқты мемлекет десең, онда «атеизм» деген де өзінше бір дін екенін біліп қой. тек қана «атеизм» дінінде құдай жоқ. қалғанының бәрі бар.
мүмкін сен диктатура, қатаң режим туралы айтып отырған шығарсың. олай болса сенің бұл ойыңмен америка келісе қояр ма екен? :)
balzaminka
түсінгің келмесе маған не дейсің, ақты ақ дегенмен бәрібір қара деп қабылдайын деп отырсың. Сосын, менің жазғанымды қайта оқып шық, егер қатты білгің келсе менің не айтқым келгенін. Ал, оқып, түсінгің келмесе, маған жауап жазбай-ақ қой, сөз таластырмаймын :)
e_zhalgas
атеизм дін емес, сенім. меніңше, осы екі ұғымды шатастырып отқан сияқтысың.
Lyaila
Діндегі фанатизмнің соңы адасуларға алып келеді…
Mansy
Соттағандары дұрыс, ату керек мұндайларды. Мұндай ғалымдар Қазақстанда әлі-ақ туады, (бұлар Қазақстан азаматтарың адастырушылар гой )
Serik
«ату керек» дегенің қаттырақ енді. Бұл қатігездігің үшінші Рейхтің өзін жолда қалдырдым деп сене бер
e_zhalgas
кімді ату-атпау керек екенін ешкім шешпуге құқылы емес. егер оған ол құқықты қасиетті кітаптардың өзі беріп отырса да…
nurjanbay
е, солай де. :(
Саят ағайға бір құдайдың өзі жар болсын.
nurjanbay
Керекшілер, шынымен ешқайсыңның жүректерің ауырмайды екен. :(
asaubota
Нұржан, бір күні өзің де түсінерсің. дәл қазір сенде фанаттық сезімдер болғандықтан басқа пікірлерге объектив көзқараспен қарай алмай отырсың. ұстаздарыңды пайғамбардай көресіңдер, жамағатты қолданып, басқа астыртын ойлары бар екенін түсінгілерің келмейді. уақыт емші. кейін өзің түсінерсің деп сенемін.
nurjanbay
жарайд. секта десе десін.
ату керек мұндайларды. Мұндай ғалымдар Қазақстанда әлі-ақ туады
деген сөздерге дейін айтты ғой. қарным жаман ашып кетті. :(
nurjanbay
жарайд. ешкімге абида жоқ. уақыт көрсетеді. ақиқатын бір құдайдың өзі біледі.
Саят ағайға бір құдайдың өзі жар болсын.