Жүргізушілер нені ұнатпайды?

Төменде жазылғандарды газет бетінен алдым, әзіл-шыны аралас деп түртіп жазылыпты.

-Жүргізушілер жаяу жүргіншілерді ұнатпайды, әсіресе шайқалып жүретін сылқымдарға "әй, сиыр, тез жүрсеңші" деп іштей ызаланып отырады.

-Жүргізушілер жаяу жүргіншілерді құрметтемейді, әсіресе, жауынды күндері «саған сол керек» дегендей шалшық, лай суды шашып, өте шығатын көлік иелеріне не айтарын білмей, ызадан жарылып кете жаздаған талай жүргіншіні сіз де кездестірген боларсыз.

-Таксишілер алдыңғы орындыққа еркек адамның отырғанын жақтырмайды, оның себебі әдетте көлікке міне-сала: «мынау мынадай екен, ә», "қай жылы алып едің" деп тірі тергеуге алатын ерлердің жөнді-жөнсіз әңгімесіне байланысты болса керек. Ал керісінше, алдыңғы орындыққа қыздардың жайғасқаны олар үшін бір мәртебе. Өздерін болса да жетпейтін ақшаның соңынан қуып жүргендей сезінетін таксишілер әдемі қыздардың алдыңғы орындыққа жайғасып, өздерімен танысып-білісіп, әңгімелесіп барғанына кәдімгідей марқайып қалады. Межелі жерге де тез жетіп, қызды жібере салғысы келмей, үйдегі бала-шаға мен қатқан келіншегін де бір сәтке есінен шығарып, бой жазып қалатынын қайтерсің.

-Ер мінезді, серілігі қалмайтын кейбір таксистер қыздың берген ақшасынан бас тартып, мәрттік көрсетіп, телефон нөмірін жазып алғанын да қанағат тұтып, енді кездесер-кездеспесі белгісіз қарындастың алдында аспандағы айды әпергендей риза сезіммен кете баратыны да бар. Ал, кейбір ұяты аздау жігіттер ақшаны алып алған соң да ұялмай, телефон нөмірін сұрап қиылып тұрады.

Осы жерде өз ойымды да қоса кетсем:
-Жүргізушілер көлік кептелісін, арасы жиі орналасқан бағдаршамдарды және олардың кейде істен шығып қалуын

-Арнайы рұқсат етілмеген орындарда жүргіншінің тоқтатуын

-МАИ қызметкерлерінің шошаң ете қалатын ала таяқшаларын

-Жауынды күндері биік машиналардың тапалды менсінбей кетуі (әсіресе ой жерлерде )

-автотұрақта бос орын таппай, сенделіп жүргенді ҰНАТПАЙДЫ.
Сіздің қосарыңыз болса, Мархабат!
Бөлісу:

58 пікір

omarbirat
— Американың қызылкөт қызылқұйрық (артқы поворотниктері қызыл түсті) машиналарын ұнатпаймын. Не тоқтап тұрғанын, не бұрылғалы тұрғанын (әсіресе солға) бірден ажырату қиын.
— Ұзынтұмсықтарға* да жыным ұстайды.

*Қарама-қарсы бағыттан солға бұрылу үшін сен келе жатқан жолдың ортасына дейін машинасының тұмсығын сұғып, сені айналып өтуге мәжбүрлейтін машиналар.
omarbirat
Біріншісі ғана маған келеді екен.
Жаяу адамдарға шалшық су шашыратып кетіп мәз болатын әдетім жоқ, байқамай қалған кездерім болмаса. Алдыңғы орындыққа кім отырса да маған бәрібір — тек кішкентай балалар болмаса болды. Таксилетпеймін.
patick
— Кептелісте тұрғанда өзгенің бәріне бұтақ қойып, артта тұрған көліктің бірі екі жолақты кесіп өтіп, қарсы бағытпен зу етің ең алға шығып алып, қайтадан жол сұрайтынын ұнатпаймын;
— Жолдың бойына кез-келген жерден жүгіріп шығатын адамдарды жек көремін;
— Көліктердің арасындағы бос қуыстардың бәрін «иіскеп» шығатын, оңды-солды маневрлер жасап, өзгелерді де асықтырып «бепілдетіп» жүретін жүргізушілерді тіптен жек көремін;
— Ескертпей алдыңа түсіп алатын, ескертпей кілт тоқтап қалатын жүргізушілерге жыным келеді;
— Көшелер қиылысының дәл бұрышынан такси ұстап тұратын адамдарға жыным ұстайды, оларға тоқтаған машиналарға «бепілдетіп» тұрғаның.
asaubota
ұнамайтыны: менің түрім машинаны қатты білетін адамға ұқсай ма білмеймін, ауру-сырқауын, т.б айта бастайды. іммм, імм, иә, иә деп отыруың керек сосын :)
Nurgisa
Енді сен айтишниксің ғой :)
Сен саған ешкімнің базына айтып, моймиріндегі кілтсөзін ауыстырып беруді сұрамайтындарына рақмет де :) Кісі көңілін жығып көрмейтін мінезіңді білем ғой әйтпесе: отырсаң сол, енді Қазақстандағы 7 миллион интернет қолданушысының 4 жарым миллионының сұранысын қанағаттандыру қалды деп. Оларың қанағаттандырылмаса саған сын. Оларың қанағаттандырылмағандықтан репутация дегеніңе де сызат түссе… бәле ғой…
asaubota
өтінемін, мені пароль бұзу істерімен байланыстырмасаңыздар екен. 14-тегі ононистпен тең қылғандай боласыңдар.
alisha
Жүргізушілер жаяу жүргіншілерді ұнатпайды, әсіресе шайқалып жүретін сылқымдарға "әй, сиыр, тез жүрсеңші" деп іштей ызаланып отырады.

Менің күйеуіме келіңкірейді екен. Бірақ ол «индияның сиырлары сияқты» деп сөгеді. Тиісінше, өзім де жолдан өткенде сондай комплимент естіп қалмау үшін, ылдым-жылдым өтіп кетемін.
sigma
Бірде Махамбет жаққа кетіп бара жатырғанда жолымызға сиыр тұрып алды. Әлгіге тоқтап, айналып өтіп жатырсам, қасымдағы жолдас жігіттің -Мал, деген сөз осындайдан қалған болса керек- дегені бар.
araika
Сиырдан проблема жоқ қой
Ал, жылқы… Сонау жерден қараңдағанын көрсем болды, зәрем қалмайды. Қызылордада «опасный аумақ» бар, жылқылар қаладағы күзетшілерден кем емес.
Nurgisa
Бірінші қарды ұнатпайды.
omarbirat
Алдыға шығып алып, нақты бір қатарды ұстамай, екі қатардың ортасында жол бермей талтайып жүретіндерді жек көремін.
ken
көлік кептелісін
Nurgisa
Аха, постта да айтылған екен бұл жай.
Zhan
пешеходтан бұрын асықпай өтетінмін. Бір күні досым көлігімен үйіңе жеткізіп салайын деді. мен мақұл деп алдыңғы орындықта отырғанмын. Бір уақытта пешеходтан ырғатылып қыздар өтіп барады, асықпайды, еще. ана жерде досым тұрмақ өмірімде көлік жүргізіп көрмеген менің өзім әлгі қыздардың сиырдай шайқатылған жүрісіне әбден жыным келді. Содан кейін пешеходта жүргізушінің де жүйкесі әрең төзіп отыратынына көзім жетіп, тез-тез басып өтетінді шығардым.
patick
Иә-иә, тез жүгіре басып өткен жүргіншілерді айналып-толғанып отыратын әдетіміз бар :)

Өзім де жолды тез кесіп өтемін.
MYRZA
Жолдың қақ ортасында тұрып алатын түйелер мен қыздарды ұнатпаймын және де арнайы өтуге (жаяуларға арналған) арналған жерден өтуге ерініп өзі кептеліп жатқан машинелердің арасына қыстырылатын жүргіншілерді ұнатпаймын.
Жеке машинасымен шабашка жасайтын МАИ қызметкерлерін ұнатпаймын
Nurgisa
Жеке машинасымен шабашка жасайтын МАИ қызметкерлерін ұнатпаймын
Қандай шабашка?
madlen
Таксистердің екі проблемасы бар:
1. Жолды білмейді. Өзіңнен сұрап отырады.
2. Ұсақ ақшалары болмайды.

Соңғы кеде оған тағы бір проблема қосылды: бірнеше жолаушыларды алып алады. Оларға по пути или нет қызықтырмайды.
konvict
Бізде ондай емес.
Zilola
Таразда пробка жоқ, демек бензин пұлын өтейді баратын жері.
Ал Алматыда отырғызып алады да, ақшасын есептейді, кететін невісін есептейді, содан барып тағы 2-3 адам алады. Сосын оларды маршрутный такси ұқсап әр ықшам ауданға тасиды.
MYRZA
Жұмыс баббын пайдаланып арнаулы рұхсатынсыз қолдарына радар ұстап, таса жерден жын сияқты таяғын шошаң еткізетін МАИ қызметкерлерін айтам. Заң бойынша кез-келген жерде МАИ қызметкерлері жеке машинасымен көліктерді тоқтатып құжаттары тексеруге болмайды го
Zilola
Түнде Шымкенттен Шаян жаққа жүрсеңіз, алдыңыздан неше түрлісі шығады. Әсіресе демалыс күндері түнде Ақсу ауылы Қарабұлақ жақтан мал базарға әкеле жатқан малы бар үлкен көліктерді тоқтатып ақша сындырады
balzaminka
ал, мен есерлерге жыным келеді. Сағызша созылып келе жатқан машинаны озып кетсең, сенің қыз екеніңді көріп, намыстары оянып кететінін қайтерсіз. Ығырыңды шығарады. Болмаса, өз-өздерінен бүлініп сен қысады. Заправкадағы ұзын кезекті жек көрем сосын. Сосын, Ереже білмейтіндердің, бұзатындардың бәрін.
Aikona
еее қыз айдап отыр екен ғой деп жақтырмай қарайтындарды жек көрем,
алдыңдағы көп машинаны көрмей бибылдатып тезсейш дейтіндерді,
артыңнан алдыңа еңкелеп келіп тұрып алатындарға жыным келеді.
Пешеходтардың жайбасарлығын ұнатпайм, өзім тез-тез өтуге тырысам
a63a1
Маған
1) пешеходта пигурасы ат, мини иөбкедегі, немесе тырситып көк жинс киіп алған қыздардың сызылып ұзағырақ жүргені ұнайды
2) Пробкада жол бергендер ұнайды,
3) аварийканы қосып рахмет айтқандар ұнайды
4) Ауызы жыбырлап боқтап кеткендерді қуып жетіп подрезайтетіп кеткен ұнайды
5) Жаяу тұрған МАИ-ішніктер ұнайды, қасынан ерегісіп 100 бен зу ете қаласың
a63a1
көк жинс киіп
аяқтары оқтай, бойы 180 см дей лерді айтам
a63a1
еее сосын анада ғана тләғын шығарып кеткен лихач кемпір ұнап қалды
meirzhan
Жаяу тұрған МАИ-ішніктер ұнайды, қасынан ерегісіп 100 бен зу ете қаласың
Номер жаттап алса ше?
VKM
Келесі посттағы маищникке номеріңді береді.Әйтеуір біреуі тоқтатады))
meirzhan
Сен солай қашқансың-ау деймін
VKM
жоқ, бір қашқан адамды білемін.Сыра ішіп алған ғой, ақыры 2 жылға куәлігінен айырылды
Janasil
Провадан айрылмау үшін ішіп, қашып қосымша адам қағу керек. Сол кезде жәй ескертумен босата салады.
Gastarbaiter
Провадан айрылмау үшін ішіп, қашып
Бірнеше столбыға соғып, фонарларды қиратып, полицамен қуыспақ ойнап, ұсталып қалғанда, терезеңді ашып, бес жүз теңге шығарып, маған жеті бәліш, бір жарты арақ пажалыста, ыздачысын өзңіе қалдыра сал де керек. Сонда железно отырасың
omarbirat
omarbirat
Мұндай болу үшін амнистия жарияланатын кезді алдын ала болжап, біліп жүру керектігін де ескерген жөн
Janasil
Провадан айрылмау үшін ішіп, қашып қосымша адам қағу керек
меніңде айтқым келгені де осы еді.
a63a1
скоростомермен нақты жылдамдығыңды түсіріп алмаса мейлі 10 маи-никке хабарласса да ешқайссының құқығы жоқ мені тоқтатуға
VKM
Маищник скоростомерді қолына ұстап тұрса, оның көрсетуі дұрыс емес деп саналады. Сотта дәлелдеуге болады. Скоростомер штативте тұру керек.
TERISKEY
мәдис и, мынаны білмейдкенмін
meirzhan
Әккі жүргізуші екенсіңдер )
Marat
Ұнамайды:

Машинасын жөндеп қоя алмайтын жүргізушілер. Үш машина сиятын жерге машинасын көлденеңінен қойып кетеді де, кейін шыға алмай жүреді. Шығатын жолды жауып кететіндері де бар. Қалыптасқан қағида бойынша ондайлардың номерін МАИға телефон соғып хабарлайсың, олар байланыс телефонына шығып машинаңды алып таста дейді немесе эвакуатор жібереді. Болмаса жігіттер болып жабылып жолдың ортасына ығыстырып тастайсың. Басқа амалы жоқ.

Полосаны ұстап жүре алмайтындар. Ондайлар бір бағытқа қозғалатын екі полосаның қайсысында келе жатқанын өздері де білмейді, әрі артында келе жатқандарға жол да бермейді. Көбіне жүк машинасының жүргізушілері немесе кеңес заманынан бері жүргізуші болып келе жатқандар сондай жасайды.

Бұрылар кезде «поворотнигін» жақпайтын жүргізушілер. Кейбір топас жүргізушілер ұзын жолда құйғытып келіп, дәл қасыңа келгенде оңға қарай жалт бұрылады. Әлгі машинаны өткіземін деп күтіп тұрған Сен қала бересің іштей боқтанып. Поворотнигін жағып келіп бұрылмай өтіп кететіндер туралы әңгіме тіпті бөлек.

Бұрылар кезде «обгон» жасайтындар. Ондайлардың қуып жетіп жазалап жіберген кездер де болды.

Түнде автокөліктерінің фарын қосып қарсы бағытқа қойып қоятын МАИшылар. Себепсіз тоқтатын МАИшылар.

Жаяу жүргіншілер. Кейде солар жүргізушілер үшін өмір сүріп жүрген сияқты болып кетеді. Машинадан келетін түрлі қателерді, қауіп-қатерді білу үшін жаяу жүргіншілер тым құрығанда бір рет рульге отырып көрулері керек қой деймін.
araika
мына ұзақ пікіріңізге қарап, машина жүргізген ұнамай ма деп қалдым сізге :) (қалжың, әрине). Түсіндіріп жазып шыққаныңызға алғыс білдіремін!
Marat
Машина жүргізгенді жан тәніммен сүйемін. Әсіресе, тегіс жолда жылдамдық көтергенде ерекше рахаттанып қаламын. Қала ішінде машинамен жүргенде, енді, біраз жүйке жасушаларын тоздыруға тура келеді.
VKM
уау, Марат аға, керекинфо)))
omarbirat
Ксенон фаралар ұнамайды. Артыңа түсіп алса, екі жақтағы айналардан түк көре алмай қаласың.
Nurgisa
Заңсыз орнатылғандарын жұлып, жалмап жатыр еді Алма-атадағы гайлар. Заводта қондырылғандарынан бөлектері заңнан тыс. Алдыңғы машинама қойғызып едім бірақ, ұзақ жол көп жүрдік. Түнде жүретіндерге трассада таптырмайтын нәрсе. Тек, қарама-қарсы бағыттағыңдыкіне кедергі болып, ол саған соқтығысса — ең сорақысы сол.
omarbirat
Трассада қарама-қарсы бағыттағылар менің де фарыма жылайды бірақ, ксенон болмаса да. Аноооу жақтан ближнийіңді қос деп фарларын жыпылықтатып келе жатады, «бұл — ближний, дальний менде мынау» деп дальнийді қосып кеп жібересің :)
Nurgisa
:) Иә, сөйтесің. Тегі болмай бара жатқандармен бәрін қосып, солай зулайсың. А-ля «Мә саған!». Тырп етпей қалады. Тексерілген :)
Zilola
Marat
Осы күні кеше ғана парламенттегілер автомектептерді жабу керек деп жатқан еді. Мына жобада одан сайын қиындатып жіберіпті ғой.
klipmeiker
мундайда сабырлык керек, сабырлыкты уйрену ушин намаз оку керек.бомаса машинанды таста да жаяу жур
asaubota
ла ладно че ты на

айтпақшы klipmeikir деп жазылмай ма?
qisyq
Асығыс тіркеле салған өзіміздің тентектердің бірі шығар.
asaubota
жоқ, ағылшынша жақсы сөйлейтін, бірақ жаза алмайтын Бруклинде рэпер братишкалары бар братан ғой.
konvict
бұндайларды бандап отыратын біреу болса «Банды қуған Хамит»