ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Міне, барша мұсылман сағына күтетін Құрбан айт мерекесіне де жеттік. Алла қаласа, 6 қарашадан бастап, шамасы келген әр мұсылман Алла разылығы үшін құрбан шалып, дініне, иманына адалдығы мен шынайы ықыласын білдіреді. Сол арқылы Жаратушы иеміздің құзырында өзіне лайық дәрежеге қол жеткізеді. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріптерінің бірінде: «Адам баласы құрбан айт күнінде (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті ешбір іспен Алла Тағалаға жақындаған емес» деп бұл құлшылықтың мәнін түсіндірген. Сондай-ақ тағы бір хадисінде: «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» – деп ескерту жасағаны да бар.
Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні Айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні Ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Үзір себептерге байланысты құрбан айт намазына бара алмай қалған адамның, намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін құрбанын шала беруіне болады.
Құрбан айты барша мұсылмандар үшін үлкен мереке. Оның тарихы сонау Ибраһим Пайғамбардан бастау алады. Содан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғаса келіп, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) өмір сүрген алтын ғасырда мұсылмандардың Қиямет күніне дейін атап өтетін ең ұлық екі мерекенің біріне айналды. Әр жыл сайын жер бетіндегі бүкіл мұсылман жұртшылығы осы Құрбан айт мейрамын ерекше көңілмен мерекелеп келеді.
ДерекКөз: www.muftyat.kz/index.php?newsid=4937
Демалыс беріле ме құрбан айтта?

Шексіз мейірімділік туралы бір әңгімелер айтылып еді, бұл қалай болғаны?
Бір шай ішіп, құран оқып кететін айттаушыға дастарханда не болғаны жақсы?
Май, нан, кептірілген жемістер...
жаза кетсеңіздер, ертеңгі айтқа дастарханға керегін алуға баратын едім.
Қонақ тамағыңа емес, қабағыңа қарайды © бір жерден естігенмін