Атырауда жарылыс...

Келіп жеткен бейресми деректерге сүйенсек, Атырауда біраз уақыт бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті кеңсесінің маңында екі үлкен жарылыс болған. Себептері және кімнің ұйымдастырғаны бұдан былайғыда белгілі бола жатар.

Естеріңізде болса, алдымыздағы жексенбіде Құрбан айт мерекесін тойлау басталады.
Бөлісу:

212 пікір

Nurgisa
Іріткі салудың кезекті көрінісі ме?
Nurgisa
ҰҚК Сәтпаев даңғылының бойында орналасқан, қателеспесем. Оның жанында Теңізшевройл ЖШС кеңсесі мен облыс әкімдігі орналасқан. Қала өмірі қайнаған нағыз орталық…
Nurgisa
Елбасы Вьетнамда, Премьер жұмыс сапарымен Алматы облысында… Жаңалық ленталарында әлі дым жоқ.
nurbergen_makym
Ақпарат әр түрлі: біреулер Қалалық ІІБ дейді — ҰҚК мен Прокуратура ортасында орналасқан ғой ғимараты.Үшеуі де жапсарлас. Біреулер, Облыстық әкімдік маңы дейді… Нақты ақпарат күтіп отырмыз.
patick
оқиға орнына жіберген адамдарың жоқ па?
neoman
Ақпараттың тез таралуын-ай

Иә, жаңа ғана жарылыс болды, орнымыз атып тұрдық. Тұрғын үйдің подвалында болған дейді біреулер. Әйтеуір, ТШО-ның маңайында.
Zilola
ТШО-ның маңайында? Ужссс!
Мен бұйыртса 7-ші қараша түнде Атырауда боламын, оған дейін бәрі тынышталса екен :(
timurrr
Сен келгенше жарылатындар жарылып болады, қорықпа:)
Zilola
ұйымдастырып жүрген сіз емес шығарсыз :)))
timurrr
Құдддддай сақтасын! Уауууу… Денем түршігіп кетті ғой… Рәгәткімен торғай атып көрмеген гуманистке қалай осындай сөз айтасың:(
Zilola
алдыңғы пікіріңізге бек сенімді болып жазыпсыз, соған ойлағаным ғо, қапа болмаңыз енді, бір жолы ашуыңызды беріңіз енді
timurrr
Тіліңмен у жалап алғансың бааа… Не деген сөздер…
Zilola
ооой, ағасыыыы, неге олай дейсіз? :(
timurrr
Бұлдануға да щанс берсеңші?
Zilola
онда әбден бұлданып алыңыз, менен басқа сізді кім шолжаңдатушы еді :)))
Nurgisa
Кишкентай жугармектерге «ашу берши, ашу берши» десен алдекандай улкен ис битиргели жаткандай болып колын киндигинен томен аумакка багыттап, сол тракекториядагы манызды нысанмен физикалык контактиден кейин «ашу бершилеп» турганга «узатады». Ашу бершилеуши будан кейин баланын конилин калдырмау ушин «ааааааааааапщуууууу» деп тушкуруи керек. Ия, Тимуржан, юир ашуынжы бересин бе? :)
timurrr
Нұреке, осы жолы аузыңыздан авария болғанға ұқсайсыз:)
Nurgisa
Мен бұйыртса 7-ші қараша түнде Атырауда боламын
Мен бүкіл Атыраулық қандастарымыз үшін алаңдаймын. Олар жетісіне дейін де сонда ғой :((((
Zilola
мен жаман оймен жазбаған едім.
Jacqabaies_Chirac
газ баллон ба, газ құбыры ма жарылған ғой нақ, газдан ол басқа дәнеңе де емес
дүрлігіп не болды соншама
VKM
Кісі өлімі бар ма? Неге газ КНБның қасында жарылады? Неге басқа көшеде емес?
Jacqabaies_Chirac
ол газ деген сондай енді ешкімнен сұрамайды жарылғысы келген жерде жарыла салады, газдан сол пәленің бәрі
VKM
Аға, сіздің жұмыстың қасында жарылыс болды ма? ;))))
Jacqabaies_Chirac
«аға, аға» деп шеттетесің қарағым, ағаңның да ашамай төс, қыпша бел, шпагатқа отыратын қыздардан дәмесі бар ©
VKM
мәссаған… ят-ай)))
Gulistan
Жылу құбыры жарылды деп жатыр. Бірақ орталықта?!
nurbergen_makym
Мендегі анық ақпарат: облыстық әкімдік артындағы қоқыс жәшігінде жарылыс болған, қызметкерлері эвакуацияланды. «Сары-Арқа» ы/а үйлердің бірінің жертөлесінде болған жарылыс. Соңғысының жарылыстың себебі газ құбыры, су құбыры деген пікірлер де жоқ емес.
VKM
2 жарылыс болды ғой сонда? Рахмет ақпаратыңа
asaubota
МОЛНИЯ: ВЗРЫВЫ В АТЫРАУ ВСЕ-ТАКИ БЫЛИ! (ДОПОЛНЕНО)

Сегодня несколько минут назад по Атырау прошел стремительный слух о нескольких взрывах. Сразу же большинство жителей сказали нам о взрывах в областном акимате, прокуратуре и ДКНБ по Атырауской области.

Однако через несколько минут проезжавшие мимо областного акимата водители не заметили полицейского оцепления вокруг главного здания, но было заметно оживление рядом с областной прокуратурой.

Очевидцы нам рассказывают, что они заметили следы крови вплоть до третьего этажа на стенах жилого дома №30, расположенного в микрорайоне Сары-Арка и впритык к турецкому ресторану «Аспава».

По первым признакам, взрыв произошел в подвале этого жилого дома и во многих квартирах включая пятые этажи выбиты стекла. Полиция оцепила район чрезвычайного происшествия.

ДОПОЛНЕНИЕ:

Согласно последним новостям, чиновники Атырауского областного акимата все-таки были эвакуированы с рабочих мест. По неподтвержденным данным, второй взрыв произошел в мусорном баке возле областного акимата. Каких-либо данных о жертвах среди населения нет, и, надеемся, не будет.

Если позже подтвердится версия о втором взрыве возле областного акимата, то речь идет о мрачно срежисированном спектакле. Опасные для гражданского спокойствия граждане вроде арестованы, а кто-то и застрелен. Вопрос теперь в том, кому выгодны эти взрывы?

Подробности позже.
caspionews.kz/?p=7038&cpage=4#comment-718
VKM
оперативно, Аршат аға)
asaubota
аға, аға дейсің… :)

оперативно болғанда мұны маған Марат лақтырып еді жарты сағат бұрын, менің мында қоюыма енді қолым тиіп жатыр.
qisyq
Алматыда, Жаңа алаңда жарылыс болды деп жатыр. Әлі белгісіз.
VKM
Сен онда барма:)))
qisyq
Күлкілі емес, Малика.
VKM
Болмайды,қарап тұр.Үкімет пен КНБда жындылар отырған жоқ қой.
qisyq
Мен болады деген жоқпын, БОЛДЫ дедім. Бірақ, әлі белгісіз. Соған қарағанда, шағындау бірдеңе болса керек.
VKM
Сол алаңда тұратын кісіге звондадым, терезеден қарадым, милиция көп екен, жарылысты естімедім дейді.
qisyq
Ия, солай деп жатыр.
patick
Өскеменде Халық дружиналары әлі бар ма?
VKM
Жаңа алаңда подземкада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деді
Marat
Жарылыс өте қатты болды. Жайықтың келесі бетінде орналасқан біздің ғимараттың терезеларі дірілдеп кетті. Дауыс өте қатты естілді. Әзірге ресми мәлімет жоқ. Түсінгенім, қолдан ұйымдастырылған жарылыс.
Abilakim
олай болуы да мүмкін…
KILYZAMAN
Неше адамның обалына қалды екен мүттайымдар :-(
nurbergen_makym
Аяқтан ұйымдастырылмағаны анық қой...)))
Дегенмен, алаңдайтын дәнеңе жоқ сияқТ. Жоқ, бар ғой, дегенмен, жаппай паникаға бой алдырудың қажеті жоқ сияқТ.
Біріншіден, егер, әкімдік маңындағы жарылыс қуатының екпіні 200-250 метр радиусқа созылған болса, анау-мынау емес, жоқ дегенде 1 келідей тратил шашкасы болар. Екіншісінің екпіні — бұдан аздау. Олай болса, неге жарылысты, адам көп шоғырланатын жерде ұйымдастырмайды? «Сары-Арка» ы/а ауданындағы үйдің жертөлесі мен әкімдік маңы — Прокуратура мен «Дина» базары емес қой.
Екіншіден, «мақсат — әдісті ақтайды/цель оправдывает средства» деуші ме еді?! Билікке таластың бір көрінісі ғой бұл.
nurbergen_makym
Дегенмен, Саясат Бактыгереевич менен жақсырақ тәпсірлеп беретіні анық)))
KILYZAMAN
Билікке таластың бір көрінісі ғой бұл.
— нақ өзі… Содырлықпен тАҚҚА таласқандарды Наққа жіберетіндей шамасы бар шығар мемлекетіміздің…
asaubota
неге жарылысты, адам көп шоғырланатын жерде ұйымдастырмайды?

жәй қорқыту, үркіту шаралары шығар?
alisha
ойлағандары болды ендеше…
VKM
Алишаааааа,қайда жүрсің көрінбей? Естідің бе жарылысты?
alisha
Ой, бармын ғой. Отделдағылар кезекпен-кезек отпускке кетіп, мұршам болмады. Естідік дауысын, қаланың келесі бұрышында отырсақ та. Қанша сабырлы болайын десем де, қорқыныш басылар емес.
nurbergen_makym
Қалай айтсам екен, Саясат Бақтыгереевич бірде мынадай аңыз әңгіме айтып беріп ед: «Баяғыда бір Хан болыпты. Хан қартаяр шағында, оның төрт баласы таққа таласыпты. Бірі асқан бай екен. Тіпті, Хан Қазынасынан да асып түсетіндей бай болыпты. Ал, екіншісі, бай болса да, ондай дәулеті болмапты. Сонда, ол таққа отыру үшін көрші елден көмекке ақша сұрапты. Көрші ел оған ақшамен қоса, бір кітап беріпті. Кітап бір діннің негізгі дінжарғысы екен. Билікке, халықты осы дінге әкелу арқылы келе аласың, депті. Мұны білген Ханның Үлкен ұлы халықты әлгі діннен қайтарып алу үшін, сол дін өкілдері атынан әртүрлі сорақы әрекеттер істепті. Халық екіге бөлініпті, Хандықта екіге бөлінер сәт келгенде, Хан екі баласын да тасынан асып, Хан сарайы орналасқан қалаға кірер қақпаның төбесіне байлап қойыпты. Билікке, социал-демократтар келіпті»
alisha
Билік — билік қой, оған таласатындар қай дәуірде де табылған ғой. Тек «Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өлетіні» ғой қинайтыны.
asaubota
дұрыс на! Сталин керек бізге.
KILYZAMAN
Кітап бір діннің негізгі дінжарғысы екен.
-Саясат Бақтыгеревичтің аңызының тұздығы осында болса… Түйні
Хан екі баласын да тасынан асып,
— осы шығар… Апиыншылар көбейіп кетті(Реллиния — опиум для народа)
konvict
Ханның қалған екі баласы қайда?
Zilola
Олай болса, неге жарылысты, адам көп шоғырланатын жерде ұйымдастырмайды? «Сары-Арка» ы/а ауданындағы үйдің жертөлесі мен әкімдік маңы — Прокуратура мен «Дина» базары емес қой.
«Террорист қайныма» ақыл кеңес біреп жатырсың ба? :)))
VKM
Меніңше бұл:
1. Діншілдердің ісі
2. Солардың атын жамылып, елдің ішіне іріткі салған
а)сыртқы жаулардың
б)ішкі, президентке қарсы адамдардың ісі
e_zhalgas
президентке қарсының бәрі жарылыс ұйымдастыра берсе, күніміз қараң десейш :)
alisha
Соңғы мәліметтерге сенсек, құрбандар бар.
alisha
ТАК ВСЕ-ТАКИ ТРУБА ИЛИ ТЕРРОРИСТ?

Причиной взрыва в Атырау стало самодельное взрывное устройство, заложенное за зданием акимата. Как сообщили в ДВД области, самодельное взрывное устройство было заложено за зданием акимата в мусорном баке. Взрывной волной повреждено 6 этажей здания. Однако служба МЧС заявляет, что все дело в трубе отопления.

Об этом сообщает корреспондент КазТАГ.

Кроме того, во время другого взрыва, произошедшего у здания областной прокуратуры, за жилым 5-этажным домом «Сары-Арка» на пустыре обнаружены фрагменты тела погибшего.

«Скорее всего, это он подложил (взрывное устройство – КазТАГ) и не успел отойти от этого (места взрыва — КазТАГ), — сказал собеседник из ДВД.

Как сообщалось, в Атырау в центре города в понедельник прогремело два взрыва.

Первый взрыв произошел в 9:30 на перекрестке около здания областного акимата и «Казахтелекома». Второй — около 10 утра у здания областной прокуратуры и КНБ.
VKM
Достар! Біз оқымаған, түкті түсінбейтін, кім не десе, соның соңынан жүретін халық емеспіз ғой, сондықтан мұндай 1-2 әрекеттер ешқандай шу көтермейді деп ойлаймын. Әйтпесе, Америка «көмекке келіп қалуы» да ғажап емес.
e_zhalgas
айтпағың, бәріңнің аузыңа құм құйылсын, әйтпесе Сэм әкей бәріңді жазалайды ма? :)
meirzhan
Сэм ағай де :)
qisyq
Кімге аға, кімге әке…
meirzhan
Аға, аға деп шеттетесің, қарағым, ағаң да мұнай мен газға кетәрі емес ©
VKM
соны айтамын… тсссс деп))))
sandibek
Оқиға орнынан суреттер ash.kz






qisyq
Қан үшінші қабатқа дейін шашырапты ғой.
e_zhalgas
жарылыс болған нүктені белгілей алмай әлекпін
Aldeken
Жарылыстың болған нүктесі анау тұрған трубалардың жертөлеге кіретін жеріндегі вентильдердің қасы деп топшыладым. Ауру фантазиям жарылыстың авторы газ ұбыры мен су құбырын шатастырып алған болуы керек деген ойды тықпалап отыр…
e_zhalgas
не болса да, өлген адамның кім екендігі туралы дерек пайда болғанын ғана күту керек сияқты :)
Jacqabaies_Chirac
газ құбыры мен су құбырын шатастырып алған болуы керек
мынау ресми мәліметтке жіберуге сұранып тұрған сияқТ
ЗЫ. айттым ғой газдан бар пәлекет
Nurgisa
Төменнен екінші суретте саусақ па?
madlen
Әйелдікі сияқты, я?
meirzhan
Сайттардың бірінде ер адам деген дерек келтіріліп еді.
sandibek
azh.kz мындағы ресми ақпаратқа сүйенсек, белгісіз ер азамат деп жазған.
e_zhalgas
Мадлен, сен қорқытайын дедің! Неткен батыл тұжырым :)
Dinara
Жанкештілікке бару үшін әйелдерді дайындау оңайлау болады дейтін еді бізде террор сабағында. Бірінші әрине әйел сезімге берілгіш, сосын бір жақыны осындай жағдайлар себебінен өліммен қауышса кек алу дегенді әйелдер жақсы жасап шыға алады екен. Оның күйеуі, ағасы, әкесі әйтеуір бір жолдағы күрескер болып сол жолда құрбан болса яғни. Құдай сақтасын, ужс қой мынау суреттер…
Nurgisa
бізде террор сабағында
Қайда оқитыныңызды сұрауға қорқып отырмын…
meirzhan
Саясаттану ма?
asaubota
жоқ, Бомба жасау және қолдану негіздері. Терроризм факультеті. Хизбулла атындағы Орта-Шығыс террор-техника университеті деп тұрса ше? :)
Dinara
Одан сайын қорқытпасайшы :) Этникалық ұлтшылдық және терроризм, Таяу Шығыста дін және терроризм деген сабақтар алғанмын просто кезінде. Терроризм деген өз алдына зерттеуді қажет ететін жеке сала екенін сол кезде ұқтым. Бізде ондай деген жоқ деп беймарал жүрген едік, ол да келіп жетті міне…
Zilola
Таяу Шығыста оқыдың ба?
Dinara
жооқ Зилола, Анкарада ;)
sandibek
солай сияқты, саусаққа ұқсап тұр.
Nurgisa
Саусақ болса — сұқ саусақ. Оның өзінде ұзындау сияқты. Ішкі құрылыстың фрагменті ме екен әлде…
balzaminka
ана сегіз еркек шөп қарауылдап тұр ма?!

Осындай мамандармен әзір шешімі табылмайтын шығар…
satibaldi
ана сегіз еркек шөп қарауылдап тұр ма?!
Сонда не істеуі керек олар? Бәлкім, келіп, енді жан-жаққа бытырайын деп жатқанда түскен шығар???
balzaminka
Бытырайын деп тұрған түрлерін байқамадым, не десеңізде
satibaldi
Енді, оперативті амалдарымен бөлісіп жатқан шығар нақ. Қалай қарай қазамыз, кімде қандай ұсыныс бар деген сияқты. Үнділер сияқты бірдеңе болса Гангке қойып кету керек пе барлығы.
balzaminka
ой, бұл жақтың полицайлары туралы ваще әңгіме қозғаудың қажеті жоқ :)

Ылайым, сол Сіз айтқандай болсын :)
VKM
Мынандай ит өлімге идея үшін бару үшін,қандай фанат болу керек екен?
meirzhan
Үлгермей қалуы да ғажап емес қашуға
Nurgisa
Менің түсінбейтінім, Сәтпаев бойындағы стратегиялық маңызға ие нысандар жапсарлас орналасқан. ҰҚК, прокуратура, ІІД… Сәл арырақта облыс әкімияты. О баста қаланың бас жоспарын жасақтап, мақұлдар кезде қауіпсіздік тұрғысынан орналасу реті де сарапқа алынуы шарт емес пе?

Елбасы шет елде болғасын бұл хабарды ресми ленталарда тұншықтыруы мүмкін. Дегенмен дүрліккен халықтыкін доғартпассың. Ақтөбедегі жағдайлардан кейін «месседж» болып еді. Оразадан кейін күтіңдер деген. Тиісті құзырлы органдар оған мән бермеді деуі ақылға сыймайды.

Дін туралы жаңа заң қабылданды. Әсіре ағымдарға шектеу күш алады. Бүгінгі жағдайлар кімнің тарапынан ойластырылғанын түбіріне зерделеп анықтаса екен. Іріткі салушылар қазіргі саяси-діни контекстті кәделеріне жаратып отыр. Шын мәнінде діни ағым-ұйымдар болмауы да мүмкін. Қазақстандағы көпконфессиялы қауымдастықтың «айрандай ұйып отыруы» біреулерге жақпай қалмаса деңіз.
KILYZAMAN
Қазақстандағы көпконфессиялы қауымдастықтың «айрандай ұйып отыруы» біреулерге жақпай қалмаса деңіз.
— бір тал(бірншешеу болуынан да секмдебеске амал жоқ) құмалақтың Таққа дәмеленгендегі сойқаны емеспе өзі?
patick
Қаза болған қарапайым қоқыс төгуге келген адам емес пе деген де ой келеді
KILYZAMAN
Патеке, қарапйымдылықтың да өзіндік бағасы бар емеспе?
patick
жо, мысалы бір тұрғын қоқыс төгуге келеді, дәл сол кезде жарылыс болады. олай да болуы мүмкін ғо?
patick
ал құқық қорғаушылар жауапкершіліктің салмағын жеңілдету үшін әлгі бейшараның мойнына іліп жібереді
KILYZAMAN
Пайымдасақ — қарапайымнан гөрі бейшараның өліміне өздерінше қарапайымдар қарапейілдер себепкер емеспе?
omarbirat
Соны мен де ойлап отырмын. Қойып кеткен бомбаны байқамай түртіп кеткен шығар.
meirzhan
БОМЖ болуы мүмкін онда.
KILYZAMAN
Қойып кеткен бомбаны байқамай
— Қоюшы пысық
Байқаңдар бомба
сынды жарнаманы неге ғана ұмытты екен демекпісің?
e_zhalgas
ал мені әлгі үйдің тұрғындарының жағдайы мазалап отыр
madlen
Тірі қалғандарына қуанып отырған шығар. А вдруг бүкіл үйді жарып жіберетіндей бомба болғанда… Аллам сақтасын.
meirzhan
жарылыстың авторы газ ұбыры мен су құбырын шатастырып алған болуы керек
Алдекеңнің версиясы дұрыс болса, сценарий бұдан да жаман болуы мүмкін еді.
omarbirat
Тенгриньюс сайтына да суреттерді шығарған екен. Арасында мынадай сурет жүр:

Меңгерамадым бір түрлі.
satibaldi
Әрі қарай адамның саусағы, тағы бір еті жатыр ғой, соған шығар.
MYRZA
Әдейі сол жерді жару үшін қойылған бомбаға келіңкіремейді. Жарғыш адам үйдің сырт жағына емес алдыңғы жағына қоюы керек емес пе? суреттерді қарап отырсаң не болмаса сол үйде тұратын біреуге қастандық жасамақшы болған, не уақытша жасырып қойған жарылғыш жарылып кеткен, әлде жас балалардың әуесқойлықпен жасағаны ма дейсің?
e_zhalgas
логикаң қисынды!
Dinara
Бұл жәй ғана ескерту шығар, халықты (мүмкін билікті) қорқытайын деді, онысы іске асты әрине.
satvaldo
«Атазаңға өзгеріс енгізіледі» деген сөзге құлақтарынды үйрете беріндер. бұл басы ғана әлі…
KILYZAMAN
?.. сонда анамызбен(халықпен) санасудың жолы қайда қалды.
meirzhan
1. Әке заңы — отбасылық нормалар.
2. Ата заңы — Конституция.
3. Баба заңы — ата салт-дәстүрі.
4. Діни заңдар.

Заңдарымыз өзгеріске түскен қилызаманның болғаны ма?
KILYZAMAN
Анаға(халыққа) пайдасы жоқ заңның Аталығына(Сперма) күмән халықтан(аналықтан) болса қабылданбай қаңғып өлетіні анықталып қойғаны Аксиома емеспе?
Nurgisa
Жақшашыл Қилекем-ай :)
KILYZAMAN
Жақшашыл
— Өз бақшамнан шыға алмай жүрмін: Тікені, түйетабаны, қалақайы, жусаны, изені, бидайығы, алаботасы… деп кете береді. Мен кең(кен) даламның бөлігіне ғана иемін деген ойымды жақшалғаным ғой ;-)
just19
Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді дейді ғой. Дені сау адам өзін өзі жара ма
timurrr
Ювижнде осы тақырып туралы біреу былай пікір қалдырыпты:
в этой стране даже смертники не могут себя нормально подорвать-))))
Nurgisa
Осыны жазған «жазған»*** өзі практикада шеберлік курсын өткізер ме еді біліктіліктерін ұштамаққа. «Міне, алдымен былай етіп белдеріңе байлайсыңдар, сосын мына қызыл түймені басасыңдар, міне бы...»

P.S. «жазған» деп еліміздің оңтүстігінде реалитедегі барлықтан алжасқан, адасқан, оң-cолды танып білуден қалған нетолау пірәдарға қаратыла айтылады.
omarbirat
Өзімен бірге ешкімді о дүниеге ала кетпегеніне шүкір деу жоқ, экшнқұмарлар :)
timurrr
Оның рас! Өзімен кетсін, пәлекеттер! Есі дұрыс адамның әрекеті емес негізі.
balzaminka
Алды-арты осымен тоқтаса екен, халықта зәре қалмады. Қолдан келер бар амалды жасап, тез анықтаса екен, болмаса шетелдік эксперттерді шақырсын анықтауға шұғыл түрде. Арқаны кеңге салып жүретін жәйт емес бұл. Жоғарыдағы биліктің де күйі мәз емес қой қазір, дегенмен әлемдік аренада абыройымыз түседі деп салғырт қарамайтын шығар деп үміттенемін.

СССР-ді жамандаған едік-ау, сөз бостандығы болмаса да, бейбіт өмір болған еді…
satibaldi
СССР-ді жамандаған едік-ау, сөз бостандығы болмаса да, бейбіт өмір болған еді…
Сен қашан жамандап үлгірдің: бір жасыңда-ақ аузыңыз аузыңызға жұқпайтын адуын болдыңыз ба???
balzaminka
Сатеке, азаттықта бір сұхбатты жариялапты, соны жақында оқыдым. Сұхбат беруші, сексенінші жылдары Лондон асып кеткен қазақ әйелі. Сол кісі ҚСРО-да білім алып, ақырында творчестволық бостандық болмағандықтан жер астық депті апасы, сіңлісімен. Соның желісімен кетіп отыр :)
satibaldi
Ненің желісімен жазғаныңды сиырым біліппе, қойшы сен де.
timurrr
Таңертеңгі жарылысқа қатысы барларды ұстады деп жатыр… t.co/jDqT2H9z
balzaminka
расымен солай болса екен…
satibaldi
Ешкім де ұсталған жоқ. Халықты тынышталдыруға арналған ФСБ-ның тәсілі. Байқасаң, Ресейде кез-келген теракттан соң әйтеуір ұстап жатады. 100-пайыздық раскрываемость, неткен құтты мекен болды бұл демеңіздер: әншейін ишара ғана.

Тек табанда атып тастап отыру ғана бұл кеселдің емі болмақ!!!
timurrr
Сөзіңнің жаны бар. Дегенмен көңілге медет. Ал:
Тек табанда атып тастап отыру ғана бұл кеселдің емі болмақ!!!
деген ұстанымды айтам деп осында басым пәлеге қала жаздап еді:)))
balzaminka
табанда атып тастап жазықсыздың қанын жүктеуге қорықпаймысыз?!

Кінә дәлелденбейінше ешкім жазықты да, кінәлі де емес
meirzhan
«Презумпция невиновности» әрқашан сақтайлмайды ғой сол. Хуссейн, Каддафи…
Nurgisa
ДОПОЛНЕНИЕ:

Как стало известно со слов очевидцев, в ходе спецоперации были задержаны двое молодых граждан. Примерно в 23.02-23.04 жители Авангарда услышали громкий звук третьего взрыва за этот день. Однако поиски в городе не выявили следов взрыва. Весьма возможно, что силовики уничтожали взрывное устройство где-нибудь на пустыре.

Тем временем появились первые слухи о личности человека, подорвавшего себя возле дома №30. Согласно непроверенной информации, им, якобы, оказался один из продавцов сотовых телефонов на одном из рынков Привокзального.

Atyraunews.com
alisha
31 октября в Атырау в 21.00 в районе магазина «Лидер» в мкр. Авангард-4 прозвучал сильный одиночный хлопок.

Буквально в считанные минуты район был оцеплен сотрудниками правоохранительных органов. Жители близлежащих домов утверждают, что из дома №4 были выведены все жильцы, а бойцы спецназа принялись «прочесывать» территорию. Переполох был вызван звонком о якобы заложенном в доме взрывном устройстве. Спустя некоторое время из дома вывели человека и, посадив в «воронок», увезли. В микрорайоне наблюдалось скопление людей в штатском на автомобилях с номерами правоохранительных органов, а некоторые авто были и без номерных знаков.

В нынешней ситуации прокуратура области – единственный орган, которому разрешено давать какую-либо официальную информацию для населения и журналистов, однако её пресс-секретарь Светлана ДЖУМАШЕВА находится в отпуске. Как известно, прокуратура уже через 2 часа после двух утренних взрывов провела пресс-конференцию. Ночью удалось дозвониться до прокурора города Халидуллы ДАУЕШОВА, который сказал, что ничего серьезного в мкр.Авангард-4 не произошло, а всю остальную дополнительную информацию пообещал предоставить утром.

Тем временем приблизительно в 23 часа в городе недалеко от автодорожной развязки на пересечении проспекта Сатпаева и улицы Курмангазы прогремел второй сильный хлопок, который услышали многие жители, в том числе и на противоположной стороне реки. По этому поводу пресс-секретарь ДВД области Гульназира МУХТАРОВА также поспешила успокоить тем, что сейчас по совпадению находится в одном из ближайших домов, но никакого хлопка или взрыва не слышала, все в этом районе спокойно.

Лев ГУЗИКОВ
Nurgisa
Авангард-4 қай маң еді, Сәтпаевадан солға бұрылып, «американ қалашығынан» өте бере басталатын ықшамаудан ғой? Ана бір бәрі тоқтап, дұға бағыштайтын жер еді, иә, 4 үй дегені?
alisha
Иә, дәл өзі. Сол тұстан оңға бұрылғанда.
Nurgisa
Сол төртінші үйде талай мәрте досымыздыкінде қонақтап, шай ішіп едік.
Бұл қоғамның секьюритидің элементарлы ұсақ-түйегін назарда жіті ұстау қажеттігіне итермелейді. АҚШта он бірінші қыркүйектен кейін қырағылық қалай артса, дәл сондай батыл тактика қажет. Қазірге дейін болып үлгергендерді тізбектеп отырсаң, биылғы жылды аса бейбіт өтті деуге негіз аз. Сыртқы күштерге қарсы тосқауылды, барлау һәм қауіпсіздік ведомстволарының жұмысының берімділгін арттыру айтпаса да өзекті екені түсінікті. Кейбір стратегиялық жұмыстары ақылымызға сыйымсыздау болсын, жаппай барлық бұқараның қолдауын таппасын, бірақ ол қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталса — кеткен ресурстың өзін-өзі ақтағандығы деп білер едім, мысалы.
Мұндай келеңсіздікке ет пен көзді үйрету де үрейлі. Қоғамдағы бірауыздылық мұндай өкінішті жағдайлар призмасы арқылы айрықша артуы керек. Керегіне керек қой, бірақ мұндай лаңкестікпен ауқымды түрде күресуге жұмылып көрмеген қазақ даласы абдырап қалу ықтималдылығын да жоққа шығармады ғой ойластырған арамза пиғылдылар.
Көздегендері — азаматтарымыздың жаппай дүрліккені, құзырлы органдарға сенімсіздіктің күшеюі, дисбаланс пен хаос. Провокациялар да болуы мүмкін. Ондайда сауатты шешім қабылдау машығы қатты қажет шығар.
Атыраулық бауырларымызға бәріміз алаңдаулымыз. Ақтөбедегі жағдайдан кейін эпицентр сіздерге ойысты. Осынау сындарлы шақта сіздер қаскөйлердікіне мойымай, біріге табандылық пен ауызбіршілік таныта отырып, жағдайды еңсерерсіздер деп ойлаймын.
alisha
Алматы. 1 ноября. Kazakhstan Today — Террористическая группировка Джунд аль-Халифат или Солдаты халифата (Jund al Khilafah или Soldiers of the Caliphate) взяла на себя ответственность за взрывы в Атырау, передает Kazakhstan Today.

О том, что «Солдаты халифата» берут на себя ответственность за взрывы, говорится в заявлении, распространенном на джихадистских форумах, в частности, на форуме Shumukh al-Islam, сообщает Long War Journal.

В заявлении, которое было переведено SITE Intelligence Group, террористическая группировка отрицает, что взрыв был целенаправленно совершен террористом-смертником и утверждает, что взрывы «были просто предупреждением правительству».

«Мы отрицаем, что последнее нападение было совершено, как самоподрыв. Кажется, бомба взорвалась случайно, что привело к мученической смерти носителя. Мы просим Аллаха принять его в число мучеников. Отметим, что эти два взрыва были лишь предупреждением правительству, и мы сознательно не стремились к смертности и травматизму из-за опасения причинить вред большому количеству людей. Однако, если в будущем мы не увидим, что к нашим требованиям прислушались, то мы клянемся Аллахом, который поднял небеса без колонн, что следующие атаки принесут реки крови...», — говорится в тексте перевода, сделанного SITE.
patick
Тікұшақпен төбелерінен пулеметпен себелесе, шіркін.
alisha
Шынымен солай ма екен? Әлде өздерінің бос сөздің адамдары емес екендігін дәлелдеу мақсатында осы фактты «кәделеріне» жарата салды ма екен деген ой жоқ емес. Неліктен олар ескерту жасаудың алғашқы нүктесі ретінде әп дегеннен Атырауды таңдады? Сәйкестік болуы ғажап емес.
balzaminka
қамыс бос болса, қол кеседі деген осы :(
Zilola
өтірік деп ойлаймын
alisha
өтірік болсын, мен де солай ойлаймын.
alisha
Атырау. 1 ноября. ИА CaspioNews (Алдияр Аманиязов) – Сегодня в прокуратуре Атырауской области подтвердили факт установления личности человека, подорвавшегося на неустановленном взрывном устройстве в Атырау. Им оказался уроженец и житель города Атырау Султангалиев Бауржан Канатович, 20 декабря 1987 года рождения.

— Его личность опознана родственниками и идентифицирована по отпечаткам пальцев. В результате обысков, произведенных по месту жительства Султангалиева, обнаружено самодельное взрывное устройство, компоненты для изготовления взрывчатки, а также инструкция по сборке самодельных взрывных устройств, говорится в заявлении надзорного органа.

Обнаруженное в ходе обыска самодельное взрывное устройство было вывезено в безопасное место и уничтожено. По предварительным данным, приведенные в действие по улице Кулманова и в микрорайоне «Сарыарка» взрывные устройства не были начинены поражающими элементами.
balzaminka
иманды болсын деуден өзге сөз келмей отыр
Zere
Қандай обал, жап-жас балалар…
alisha
Жаңа ғана жиналыста қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде айтылды. Бүгіннің жәйі белгілі, болашағымыз не болар екен? Осындайда бәріне қолды бір-ақ сілтеп, ауылға тартып кеткім келеді.
nurbergen_makym
Көппен көрген — ұлы той, Алиша! Мұндайда 200 грамм тартжіверсең, еш сөлекеті жоқ…
qisyq
Атыраудағы жарылысты «Джунд әл-Халифат» тобы мойнына алды

«Джунд әл-Халифат» («Халифат сарбаздары») деп аталатын Ауғанстан мен Пәкістанның шекарасында орналасқан исламшыл топ Атырауда қазанның 31-і күні болған екі жарылысты өз мойнына алды. Бұл туралы ақпарат SITE (Эс-Ай-Ти-И) зерттеу ұйымының веб-сайтында жарияланды.

Исламшыл топ өз хатында жарылыстың тек үкіметке жасаған ескертулері болғанын және көп адамға зардап тигізуден сақтанғандарын айтады.

«Алайда, егер алда билік біздің талабымызға құлақ аспаса, келесі шабуылдардан құрбандық көп болады» делінген сайтта жарияланған шет елдік топтың хатында.

Бұған дейін Рейтер агенттігі «Джунд әл-Халифат» деп аталған исламшыл топтың қазанның 21-інде араб телеарнасына видеожазбасын шығарып, Қазақстанды жаңадан қабылданған дін туралы заңның күшін жоюға шақырғанын хабарлаған болатын. Топ өз талаптары орындалмаған жағдайда Қазақстан билігіне қарсы әрекет ете бастайтындарын білдірген.

Түпнұсқа: Азаттық радиосы
ken
сопыларға тиіскенше осындай топтардың қазақстандық өкілдерімен айналысу керек
konvict
Сопы болсын, уаххаб болсын, бәрін ату керек нақтар
nurbergen_makym
a63a1
«Если вы будете настаивать на вашей позиции, то мы будем вынуждены сделать ход против вас. Знайте, что политика, которой вы следуете — та же, что была применена в Тунисе, Ливии и Египте. Однако, как вы видели, это отразилось только потерями для тех, кто осуществлял её»
мынаған қарағанда, бұл тағы да сол НАТО-ның жендеттері тәрізді ме қалай өзі
konvict
Жетісті дін туралы агенттік
boztorgai
қазақстанды елес кезіп жүр
ол ылаңкестік елесі
Ahi
nurjanbay
білім джихадтан артық деп көпіріп «дәлелдеп» келіп арасында
Бірақ, мұсылман еліне кәпірлер шабуыл жасаса және джихад фардуль-‘айн болса, онда ислам жерін қорғау мешітте немесе дәрісте отырып білім алудан маңыздырақ екеніне күмән жоқ. Өйткені әр ғибадаттың өзінің ең жақсы болған уақыты бар.
деген сөзді уды балға араластырып бергендей етіп қыстырып жіберген.
джихадтарыңмен қоса құрыңдар. бәлелерің өздеріңмен бірге кетсін. :(
еліміз аман. жеріміз тыныш болсын.
asaubota
Ханшатыр жақта теракт болған дей ма? кім естіді? маған жаңа агентпен sigma айтты. қонақүйде іші пысып жатқасын мана айтып едім Ханшатыр жаққа барып қайт деп :) бармап еді :)
Nurgisa
Әжет өтейтін жерде бір баланы тіліп кеткен дейді. Рас-өтірігін білмедім.
sammita
4 баланы өлтіріпті дейді рас-өтірігін. Жалған болсын.
AKY
оны кім айтты??
jazzgyw
агент айтты, агееееееент))
a63a1
ондай қауесет Қарағандыда да бар)) Бізде Астанадан кем емеспіз)
AKY
Қарағанлыда 3 автобус жарылған дей ме…
a63a1
3 баланың басын кесіп әкетіпті, сосын 70-ші автобусты жарып жіберген дейді
Nurgisa
Ақпараттық дүрліктіру ғой. Халық қорықсын, паника болсын деген пиғыл, меніңше. Провокация. Арғы жағын ішіңіз білсін, алуа-ай…
a63a1
соны айтамын, мен арнайы қырғын болды деген жерлерге жаңа біразда аралап барып келдім, ТЫП-ТЫНЫШ, автобустардың үстіне бозторғай жұмыртқалап тұр екен)
Zilola
автобустардың үстіне бозторғай жұмыртқалап тұр екен)
Иии, жаны сол! Бүгіндікке естіген жақсы жаңалық, көп жасағыр!
Lyaila
Агент деген "өсекші" Қарағандыда кеше 5 бала, бүгін 4 жасар бір бала мәйітінің табылғандығы туралы гуілдеп жатыр… Бұл халықты дүрліктіру ме, алде елден жасырып жатқан ақиқат па..Қалай болғанда да көпшілікті үрей билегендей…
ken
Бұның бәрі халықтың назарын Қазақстанның Ресейге қосылу процессінен басқа жаққа аудару үшін әдейі билік тарапынан жасалып отырған нәрсе.
Lyaila
ой, мынауыңыз бәрінен де сорақы ақпарат қой…
ken
еврейлік саясат. бастысы, жұмыс істейді.
jazzgyw
сорақы не айтып отырсың көсегемді көксеп…
Dinara
Мынауыңыз шынайылыққа жанасады дер едім. Болып жатқан оқиғалар іштен емес, қандай да бір сыртқы күштің ықпалымен болып жатқанын ескерсек, бізге ең жақын, бізбен «айналысуды» жақсы көретін, елде ұлтшылдық деген ұғымның оянып өріс алып жатқанын байқап отырған Ресейге әрине Қазақстанның өз ішінде халқын бірбіріне басқа жағынан арандатып қойған тиімді.
jazzgyw
қойған
граматикалық қате арандатып қойғаны тиімді.
asaubota


Атырауда ұсталғандар қателіктерін түсініпті.

platon.kz/kazakhstan/5726-atyrau-terroristy-video-youtube.html
19852407
Ақсақ қой түстен кейін маңыраса да қой, не дейміз енді…
asaubota
басқаларға сабақ болса жақсы енді
konvict
Сенімсіздеу секілді. Түрмеден қалай ютубқа сала қалды?
asaubota
түрме мен әскерде сотка ұстау сен үшін жаңалық болып тұр ма?

видеодан түсінгенім жігіттер СИЗОда отырып, асықпай ойлануларына уақыттары болған сияқты. сөздеріне қарағанда да сол, бұрын ештеңе ойламадық, ақша үшін істеп жүргендеріне де көз жұмдық, енді түсініп жатырмыз дейді. біреулер ұрмай-соқпай, дұрыстап адекватты сөйлесіп, барлық мән жайды түсіндірген сияқты. басқаларға сабақ болады деген үміттемін.
sammita
енді көрдім. Меніңше жазасын жеңілдету үшін тапқан айласы. Әйтпесе осы уақытқа дейін неге ойланбаған? Арнайы дайындалып бесеуі артық сөзсіз келісіп отыр. «Бауырларыма айтарым, ақымақ болмаңдар, жихад туралы айтпаңдар анау-мынау» деп. Бес адамның ың-шыңсыз бірауыздан бұлай шешім қабылдауы тегін емес.
Немесе сырттан келген нұсқауды орындап отыр. Бәрін бірге неге қамаған мысалы, қылмыс заңы бойынша бір қылмыспен сотталғандар не тергеліп жатқандар бір камерада отырмайды. Ертең сот болады, өкініп өз қылмысын мойындады деп жазасын жеңілдетуден үміті бар. Адвокаты, «басшылары» т.б. берген кеңес шығар.
Ұрмайды, жағдайымыз жақсы дейді осының бәріне мән берсек.
nurjanbay
"қасқырды қанша бақсаң да орманға қарап ұлиды" десейш.
sammita
қанша асырап бақсаң да, ұрының аты ұры ғой шіркін қашанда©
Janasil
Басқалар /жарылғылары келіп жүргендер /ондайлар жоқ деп сенейік// ойлансын деп әдейі ұйымдастырған шығар.
sammita
әке-шешесін тыңдамаған олар соны тыңдай қоя ма екен. Ондай болса мында жаман, қиналдық десе бір жөн.
omarbirat
Тәубелері қабыл болсын.
VKM
Аяйсың осындай адамдарды.Семья, балалары қалады.Сосын түрмеден қандай адам болып шығады, мүлдем белгісіз
VKM
Кейбір түрмелерде интернет бар деп айтқан бір білетін адам. Кітапхана сияқты арнаулы уақытта қолданады екен.
Сонда отырып алып, кейбіреулері «Танысу»сайттарды әйелдерді «жынды» қылады екен.
Armanjan
Байқа БыКы сені де жынды ғып кетпесін, әр қадамыңды абайлап бас, иә рас айтам сауысқандай сақ бол!!!
nurjanbay
Мына жерде тағы да Атырау туралы айтып жатыр.
sammita
— Бүкіл Қазақстанды бұзғың келе ме?
— Иә.
Неге елордаға бармайсың?
— Мүмкіндік жоқ.
VKM
Кеше папама сілтеме беріп едім, ана видеоны қара деп. Қылмыскерлер бәрін түсініпті деп. Папам жазыпты: Қызым,өтірік бұл. Егер қылмыс группамен жасалса, оларды 1 камераға ешқашан бірге отырғызбайды деп.Әр камераға бөліп тастайды. Жәй, халық адаспасын деп,әдейлеп жасалған видео деді)))Не обольщайтесь