Нәпсім менен насихат сұрады!

Менің нәпсім менен насихат сұрады. Мен оған жауап берейін, алайда қызығушылық танытқанға аз да болса пайдам тиер деген үміттемін.
Ұстазым айтқаны бар: "Өмір капиталы өте аз, ал орындау керек болған істер өте көп". «Мен өз нәпсімді насихатқа ең мұқтаж деп білемін».
Алыстағы затты көру үшін дүрбіні пайдаланғанымдай, алыстағы ақиқатты жақындатып көру үшін мысалды пайдаланам.
«Бір күні бір Сұлтан өзінің екі қызметкерлерін шақырып алып, оларға айтты: — Мен сендерді өзімнің алыстағы жазғы сарайыма жіберемін. Сендер сонда қызметтерін жалғастырып, сол жерде дем аласыңдар. Алайда ол жер өте алыс, ол жаққа баруларың үшін алдымен біркүндік жолда станция бар. Соған жетіп, менің беретін ақшама өздеріңе билет аласыңдар.
Екі қызметкердің әрқайсысының қолдарына жиырма төрт алтын теңгені ұстатты. Екеуі жолға шығып, станцияға қарай жол алды. Біріншісі станцияға дейінгі жолда ақшасын үнемді пайдаланып, сауда жасап, қаражатын көбейтіп алды. Ал екіншісі жол бойы алды-артына қарамай, босқа малын шашып, станцияға дейін жиырма үш алтынын жұмсап, қолында бір алтыны ғана қалады. Сонда бірінші адам айтты: — әй, бауырым, сенің қолыңда бір ғана теңгең қалды. Сен мұны босқа жұмсама, билетіңе сақтап қой. Әйтпесе, сонша жолда жаяу, жалғыз қаласың, сондай-ақ Сұлтанымыз да сенің бұл жауапкершіліксіз әрекеттіңнен ашуланып, сені жазалайды.
-Дұрыс айтасың, бауырым, рахмет саған, есіме түсіргеніңе. Расында мен ақшасыз бұндай жағдайға тап болатынымды білгенмін. Бірақ ол жайлы ойланып, мән бермеппін, ескермеппін, — деп рахметін айтты екіншісі. Сөйтті де, соңғы ақшасына билетін алып жолға шықты.»
Мұндағы мысалға түсіндірме жүргізейін:
Сұлтан дегеніміз – Раббымыз Алла тағала, екі адам дегеніміз – біз өзімізбіз, Алла тағала бізді жәннатына жіберіп тұр. Расында Алла адамды ең көркем түрде жаратты, жәннат үшін жаратты. Алла адамға, яғни бізге айтады: «мен сендерді жәннат бақтарына жіберемін, алайда ол өте алыс, өте қашық жер. Ол жерге жетулерің үшін, алдымен біркүндік (жалған, қамшы сабындай, өткінші осы өмір) жолды басып өтулерің керек. Соноң станцияға (қабір) жетерсіңдер. Сендерге берген жиырма төрт алтын – тәуліктегі жиырма төрт сағат. Сол қаражатты пайдаланып, билет (намаз) сатып аласыңдар».
Шынында, мен біреу үшін қажылыққа барып, зекетін бере аламын, ал намаз – әр адамның жеке жауап беретін құлшылығы. Иманна кейінгі ең маңызды ғибадат та осы намаз. Алла тағала өмірімізге жиырма төрт сағатын беріп, соның жиырма үшін өздерімізге жұмсауын қалады да, бір сағатын Оған беруін бұйырды. Әлбетте Алла оған мұқтаж емес, алайда біз оған мұқтажбыз.
Иә, адамдардың көбісі екінші жолаушыдай барлығын біледі, бірақ оған мән беріп, ой сала бермейтіні рас. Әрине жүз кіләны бірден көтеру ауыр болуы мүмкін, сол себепті аздап-аздап көңілдерімізді соған бұрсақ жаман болмас деп сенемін. Менің мойнымдағы парызым тек қана жеткізу болғандықтан, өз нәпсіме сөйлеу арқылы басқалардың жүректеріне жаратылыстың бір ақиқатын жеткізгім келді. Алла бәрімізге хидаят пен сәлеметтілік бергей!
Бөлісу:

6 пікір

satibaldi
Менің нәпсім менен насихат сұрады.
Өзіміз-ақ емдеуге болар еді әрине, бірақ инструкция бойынша — облыс орталығына жіберуге тиіспіз. Бұрынғыдай емес: тегін ыстқы тамақ, дәрі-дәрмек те мелмекеттің мойнында.
qisyq
Жоқ, жоқ, атамаңыз. Облыс орталығы мұндай дәрежедегі адамды қабылдай алмайды. Өздерің емдеңдер.
qisyq
Нәпсі деген қиын дүние…
Adiletshu
Жақсы мысал. Бірақ қүран мен хадистен болғанда дұрыс болар ма еді. Дұрысын Алла біледі
Zhan
+5! Мынадан кейін намаз оқымай көр!