15 пікір

satibaldi
Ох, адамдар әрбір болтқа тасымен жауап беретін керемет замандар болған ғой, епті-ай!!!
Jacqabaies_Chirac
Советтік Социалистік Республикалар Одағының гимні
с. С. Михалков пен Г. Эль-Регистандікі
ә. А. В. Александровтікі

Азат елдердің мызғымас одағы,
Ұлы орыс елінде нұр алып, шыңдалған.
Жаса біртұтас Советтер Одағы,
Халықтар еркімен мәңгіге құралған!

Дәуірле, дарқан ел – ерікті Ұлы Отан,
Шын достықтың сенімді тірегі!
Лениндік партия – халықтар қуаты,
Коммунизмге жол бастай береді.

Шықты нұрлы күн көк дауыл ішінен,
Ленин – данышпан нұсқады жарқын жол.
Бастап біздерді әділет ісіне,
Еңбек пен ерлікке құлшынтты халқын ол!

Дәуірле, дарқан ел – ерікті Ұлы Отан,
Шын достықтың сенімді тірегі!
Лениндік партия – халықтар қуаты,
Коммунизмге жол бастай береді.

Өшпес мәңгілік коммунизм нұрынан,
Елдің ертеңін біз айқын көреміз.
Даңқты Отанның алқызыл туына,
Айнымас адалмыз, әрқашан сенеміз!

Дәуірле, дарқан ел – ерікті Ұлы Отан,
Шын достықтың сенімді тірегі!
Лениндік партия – халықтар қуаты,
Коммунизмге жол бастай береді.
omarbirat
Осының емпүші болса енді :) Қазақ ССР-інің гимнін тауып алдым да, осыны таппай жүрмін.
Jacqabaies_Chirac
мында эстон тіліндегісі бар екен ыхы-хы-ха-ха
Jacqabaies_Chirac
Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Торлаған тұманнан жол таппай тұрғанда,
Жарқырап Лениндей күн шығып, атты таң.
Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді бірлікке,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!
Дақ салмай Лениннің жеңімпаз салтына,
Ұрпағы қосты даңқ Отанның даңқына,
Одақтас, ұрандас елдердің қамқоры,
Көп алғыс айтамыз ұлы орыс халқына.
Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді достыққа,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!
Іргелі мемлекет, ерікті болдық ел,
Достықпен, бірлікпен жайнайды туған жер.
Еңбекте, майданда, жеткізген жеңіске
Данышпан партия — сүйікті кемеңгер.
Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді бақытқа,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!
Janasil
Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Осы жері керемет та.
patick
Осыны қалдыру керек еді, аздап мәтінін өзгертіп.
VKM
Жарқырап Лениндей күн шығып, атты таң.
Лениннің орнына бір адамның атын қоюға болады)
satibaldi
Масқара, не айтывотсыз?
Жеке ісіңізге «Саяси сенімсіз» деген бұрыштама қойылды, нан комбинатының директоры лауазымынан артық шенде болуға енді құқығыңыз жоқ.
VKM
Сіздің атыңызды қойсақ та келеді екен)))
satibaldi
Қаззақтардың химніне кейіпхер болғанша, атылып өлгенім артық.
izbasar
Қазыбек бидің айтқан сөзі рухынды көтерер.

Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз!
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзасына үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса,
Құл боламын деп тумайды.
Анадан қыз туса,
Күң боламын деп тумайды.
***
Сен темір де, мен көмір,
Еріткелі келгенмін.
Екі еліктің баласын
Теліткелі келгенмін.
Егесетін ер шықса,
Иіткелі келгенмін!
Тұтқыр сары желіммін,
Жабысқалы келгенмін.
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенмін.
Қазақ-қалмақ баласы,
Табысқалы келгенмін.
Табысуға көнбесең,
Шабысқалы келгенмін!
Сен қабылан да, мен арыстан,
Алысқалы келгенмін!
AKY
соңғы жағын рэп қылып айтжверсе)))