Шымкентті шошындырған кімдер?

Соңғы күндері Шымкентті үрей билеп алды. Көшеде де, көлікте де, тіпті магентте де сақтандыру туралы суық сөздер өріп жүр. Жұртты дүрліктіріп, шошындырған кім? Бұл шындық па? Адамдар бір-бірінен сұрап, үрейленеді. Тіпті, 15-25 жас аралығындағы ұл-қыздарды құрбандыққа шалу туралы үнпарақшалар таратылған деседі. Ал, жұмыстағы бір апайымыз шеткері шағынаудандардың бірінде бір қыздың басын кесіп тастап кетіпті деген әңгіме айтып келді. Құдай сақтай гөр деп жаға ұстадық шынында… Бірақ, кеше облыстық ІІД Баспасөз қызметі үнпарақшалар таратқан екі азамат ұсталды деген хабар таратты. Олардың бұндай іске қатысы жоқ дейді. Кім біледі, бірнәрсені жасырды ма? Ал, енді бірі бұл жағдай діни ахуалмен, кешегі сотты болған Исматулламен тікелей байланысты дейді. Егер оны босатпаса… деген әңгімелер бар… Білмедім, басым қатып кетті…
Бөлісу:

90 пікір

satibaldi
Аһмадилердің салафилікке бүйрегі бұратын тармағының ымырашыл бөлігінің заратұштраға иман келтірген каннибал бөлімшесі болса керек.
sammita
Ораза кезінде дәл осындай әңгіме Ақтөбені де дүрліктірген. Бәрі өтірік.
AKY
Ия, мен де естігем. 100 адам құрбандыққа, 50 еркек, 30 әйел, 20 бала.
sammita
 санап тұра ма)
satibaldi
100 адам құрбандыққа
Төрт тұяқтыға теңестіргенде — 25 ірі қара шалған бола ма сонда?
AKY
50, математикаң бар болсын
satibaldi
Пяншік ғалымбас нақ, төрт аяқтан — 25 болмай ма?
AKY
адамда 2 аяқ емес пе??? өзің пяншік!
satibaldi
Төртаяқты мал болуы үшін — екі адамнан алмай ма? Өзің магистр!!!
AKY
 100/2 тең болады 50, болды енді, қоймағандай-ақ!
satibaldi
Лібә, 25 ірі қара = 100 адам.
AKY
кетшәй
2 адам тең 1 мал.
100 адам тең 50 мал.
енді жауап қайтарма.
satibaldi
25X4<>100? Адаммен емес, тұяқ санымен есептеп тұрмын нақ!!!
satibaldi
Егер алғашқы адамның қисыны сенікіндей болғанда, адамзат әлі Корветпен жүрер еді.
AKY
Төртаяқты мал болуы үшін — екі адамнан алмай ма?
мынаны айтқан сен.
satibaldi
Рифат «Кустанайский» ЕНУ-де әлі дәрі жүргізе ме?
patick
Адам мен малдың ортақ өлшемдерін таптыңдар ма енді
satibaldi
Бәрі өтірік.

Аса сенімиділікпен тұжырым жасауыңызға себеп болған — білмейтіні жердің астында Юра Магаданмен достық қарым-қатынасыңыз деп ұқтым.
sammita
Юра Магадан
Антон Измайловский
менің ойымша солай дүрліктіру, үркіту сияқты.
satibaldi
Менің ойымша тіпті ой болмаған сияқты.
Zilola
Каддафи өлді тақырыбында осы жайлы жазған едім, демек менің естігенім дұрыс болды ау.
Erkekyz
Солай дүрлігіп жатыр. Бірақ әлі ешқандай ата-ана шағымданбапты, өтірік те болуы мүмкін. Шардарада да, менің бұрынғы ауылым Асықатада да сондай бірдемелер боп жатыр дейд(((.
rauka
иә, ол жақ менің де ауылым еді
Gastarbaiter
Бүкіл Қазақстанда сондай болып жатыр ма?
Ауылда бір маньяк пайда болды, адамдар ваххаббисттерді кінәлап жатыр дегенді естідім.

«Меня зовут Хан» -фильміндегідей болатын шығар мұсылмандар жағдайы.
satibaldi
адамдар ваххаббисттерді
sammita
Ақтоғайда тұяқты қыз пайда бопТ
qisyq
Боян ғой мынау)))))
sammita
иә. «Кездесу»де талқылағанбыз.
Adiletshu
Ондай аңгімелер Шуда да болған. «Түрмеден қашып шыққандар екен.Түнде жұмыстан келе жатқан бір еркекті өлтіріп, бұтағын аузына тығып кетіпті. Үйдің қақпасына енді „Пәленше“ адам адам өлтіреміз»- деп жазып кетіпті-мыс.
Zhan
Мына постыдан бұрын Сатыбалды мен АКҮ-нің тайталастары қызық боп кетті ғо.
rauka
сондай дау тудыратын посты екен былмеппын
omarbirat
«Сенбеңдер» деп жатыр ғой.
AKY
олай да болмайД. Ақтөбедегісі жай дайындық болған шығар. Өй тағы өтірік деп жайбарақат жүргенде, қырып тастаса ще? Тәлібтерден бәрі шығад
Gastarbaiter
Енді барып тексеріп қайтсайш бірінші дерекөз боп. Сосын ақойенный пост жаз онанитикалық.
AKY
Тексеру туралы әңгіме айтқам жоқ. Балаларын артық-партық сыртқа шығармай, үйде ұстасын Шымкенттіктер.
Gastarbaiter
Рас-ей!
Еріккен шымкенттік ата-аналар «адреналин жинап қайт» деп балаларын қаңғытып жіберетіні бар деп естідім.
AKY
Сарказмыңды жиып қойғын. Қорқыңдар! Қорқыңдар! ©
Dinara
Қорқу керек, АКУ айтқаның орынды. Таң қалатын кез емес қазір ондай оқиғаларға.
rauka
адамдар, ойланып сөйлесеңдерші!!!
e_zhalgas
провокация!!! (сияқты)
Gastarbaiter
Уринасы кемеліне келіп, ерік-жігері әбден жиналмайынша комптан туалетке қарай қадам басуы мұң Керекшілер ондай профокацияға көніп, митингі-көтеріліске шықса прикинь!
satibaldi
Айталық, қажетті шаралардан кейін, Шымкентті дүрліктіріп жүрген Қазығұрт ауданының тұрғыны, уақытша жұмыссыз Сансызбай Оңдасынов екені белгілі болды деік.
Әрі қарайғы әрекеттеріңіз?
qisyq
Короче оған мындай жаза. Әлемнің тесік-тесігінен ең атақты деген жиырма палачты шақырамыз. Сосын олар кезек-кезек Сансызбайды азаптайды. Өнер жарыстырады. Бәсекелестікке қабілеттілігін дамыдаты. Елдің алдында көзайым болады. бірақ, анау амиго кімнің қолынан өліп кетсе, сол өзі дарға асылады.
satibaldi
Мына қатыгездігіңізден Шымкентті дүрліктіріп жүрген — сен деген күдік ұялады…
e_zhalgas
мынауың «Пиланың» мотиві боп кетті ғо
Zhan
О тоба, Қисық, сен осындай ма едің? Сен әлгі 17-ші ғасырдың Франция королі болсаң жұрттың біразын гильотинамен басын шаптыратын шығарсың. Қорқайын дедім сенен.
Nurgisa
Басын шаптырғанда не ғой, "қожаларға" бәсекелес боп, міштәрмен емес, осынысымен әкәуін піштірсе керек қой мұсылман болажақтардың  
Димаш — біздің сүйікті доғдырымыз.
qisyq
«Хостел», «Хостел 2», «У холмов есть глаза», «У холмов есть глаза 2», «Поворот не туда», «Поворот не туда 2» — менің сүйікті фильмдерім.
Nurgisa
Жапон хоррорларына не көзқарастасың?
qisyq
Жапон хоррор әдебиеті ұнайды. Фильмдері спецификалық қасиетке ие, сондай бір керемет дей алмаймын. Қорқыныштысы қорқынышты, әрине, бірақ, ұлтқа тән ерекшеліктерін түсінбей қаламын.
e_zhalgas
өзің жоғарыда атаған хоррорларда американдық ойлау спецификасы бар деп ойламайсың ба?
qisyq
Аяқ астынан білгіш болмашы. Сенің қитығыңа салсақ, «Любовь-Злода» қазақстандық ойлау спецификасы бар. Мен тек жапондарға тоқталып, соларды ерекшеледім. Ал американдықтар жаһандық ойлау деңгейінде деген ой айтқан жоқпын.
Zhan
Хостелді көргеннен кейін біразға дейін өз өзіме келе алмай жүрдім. жалпы, осы тектес фильмдерді көруге жүрегім дауаламайды. Қалай осындай фильмді түсіретініне, сосын актер актрисалардың осындай фильмге түсуге қалай келісім беретініне таң қалам. Ал сен түк болмағандай «сүйікті фильм» деп қоясың. Сүйіктіңе осы сөзіңді қимайтын шығарсың. Мұндай киноны қалай көруге болады қорықпай?
qisyq
Қалай осындай фильмді түсіретініне, сосын актер актрисалардың осындай фильмге түсуге қалай келісім беретініне таң қалам.
Енді, қанша адам болса, сонша ой-пікір бар ғой.
Ал сен түк болмағандай «сүйікті фильм» деп қоясың.
Бұл не? Айыптау ма? Сүйікті фильмім болса, сүйікті демей не деймін?
Сүйіктіңе осы сөзіңді қимайтын шығарсың.
Қудың, Жан, сүйіктімнің не қатысы бар?
Мұндай киноны қалай көруге болады қорықпай?
Қызық сұрақ екен. Саған ұнамаған дүние маған да ұнамауы міндетті емес қой.
zafar
Оскопление демегендеріңізге шүкір!))
rauka
Сансызбай кінәлі ме, кінәлі емес пе, алдымен соны дәлелдеу керек, біздің гумманды коғамда, бул сценарий кабылданбайды
qisyq
Уахахаха Линчтеуге плюс ал мен ұсынған жазаға минус қойылғанына қарағанда біздің қоғам тыс гуманды-ау, а!?
balzaminka
сұмдық, не болып бара жатыр мына өмір?! Кісілердің жазғандарын оқып, елім менің осындай ма еді деп сене алмаймын. Не болса да, жамандықтың беті аулақ, қауесеттердің бәрі еріккеннің ермегі болсын деймін.
satibaldi
Тамилшеңіз жақсы екен.
balzaminka
Сіздікі де нашар емес екен.
satibaldi
Менікі — қазақша ғой, ароматерапиядан миыңыз шайқалған ба?
balzaminka
Ароманы жақсы еске салдыңыз, рахмет, қазір жағып қоймасам

Мен Сізді, Сіз мені түсінгенімізге қарап, бір тілді таңдалық
satvaldo
Қазақстандағы Израиль-Ресей қанаты афтеНАН кезеңіне дайындалып жатыр. Түркияда болып жатқан Ергенекондай қар көшкіні елімізде де дөнгеленіп жатыр. өздері ұйымдасқан түрде терракт жасайды, елді дүрліктіреді, содан соң заңнамалар қабылдап ислам дінін қыспаққа алады. кейін ҚЗдағы ислам сепаратистерінің 27 қанаты «оянып» елді "ұйқтатады". ал, мақсатқа жету үшін елдегі діншілдер де, ұлтшылдар да ойыншық қана. мәселе детский мат қою ма? партияны сәл ұзарту ма? оны олардың «патша» көңілдері ғана біледі. ал, халықтың рөлі ертеректе Гастаның осында қойған карикатурасындағыдай ғана-ақ…
satibaldi
Саясатпен — Саясат Бақтыгереич кәсіби түрле айналысам деп уәде беріп еді…
satvaldo
менікі білгеніммен бөлісу. ал, саясатпен, светоч, сіз айтқан тұлға айналыса берсін…
e_zhalgas
мына білгеніңмен әлі тірі жүргенің таңданып әлекпін
asaubota
эххх Көкжалдар мекенінің соңғы сезондары аударылып, қазір ҚЗда көрсетілгенде көп адам түсінер еді осы ойындарды.
rauka
Бұл менын сүйікті фильмім деп айтуға болатын шығар бізге де
satvaldo
брат, ТР-да оқығаннан кейін орадағы гюндемди жақсы білеміз. ал менің достарым, бұрынғы класстастарым со киноға қызыға алмай қойды. фантастика деп, шшс. ал, ҚЗдағы гладиоджулар мен олардың көпеклери (біреулердің иті екенін білмейтін) алысқа барып алған. бір қуантарлығы, бізбен санаса бастады. себебі келешекте бізден бәле жұға ма деп сескенгендіктен алдын алып жатыр. Атазаңға өзгеріс енгізу осының басы ғана. Т.ДЖ. 30-40 жылда бір-ақ есін жинады. біз ше? деген сұрақ қатты толғандырады. бірақ 5-10 жылда-ақ тышқандары судың бетіне шығады. Заман қартаюда — уақиға тез өрбиді.
KILYZAMAN
Заман қартаюда — уақиға тез өрбиді.
— Расында солай, әдемі қартаюға уақыт жетпей әлекпін…
VKM
сіз креативный ағайсыз, сосын қартаймайсыз)))
asaubota
Түркиядағы «терең мемлекет», Гладио, Эргенекон туралы қысқаша шолу жаза аласың ба пост қылып? егер жазсаң соған қарап Қазақстандағы мотиві де шығар еді.
Nurgisa
Жазыңдаршы, өтініш! Маған оқу/білу қызық боп тұр.
satvaldo
жазып көрелік. апта соңына қарай ілермін
asaubota
негізі пост жазудың да стратегиялары бар :) апта соңы жазба, дүйсенбі күні таңертең шығар. сонда көп адам көреді.
KILYZAMAN
Арғымақты ауыздықтаған халқымыздың өз ерекшелігі бар…
e_zhalgas
нақты жазба бойынша жазылған пікір ме? :*)
KILYZAMAN
Арғымағын(……… ) үркітіп құлатамын деген үкісымақтардың мысы құритынына сенімім мол!!!
satibaldi
Қыли «Хрестомат»
KILYZAMAN
Құйысқанның қадірін кетірмейтін сен сияқтыларға Рысбек әдейілеп барар, аман болшы… Қилызаманды қыйлатқаныңа шұкір :-)
VKM
Шымкенттіктер аман ба екен?
Nurgisa
«Не дождетесь» ©
rauka
Аман, амааааннн
Adiletshu
Стинингтің бір әні дәл осылай басталады