Nokia C3: Видео шолу

Видеоның сапасына алдын ала кешірім сұраймын. Бұл телефонды 19 мың теңгеге Интернет дүкен арқылы сатып алдым. Сырт келбеті қымбат смартфонға ұқсайды. Былай қарапайым телефон болғанымен смартфонның қызметтері бар. Экраны сенсорлы емес. Интернетке кіруге бағытталған. Wi-Fi қолдайды.

Бөлісу:

36 пікір

asaubota
сенцорға қызықпайсың ба? менікі істемей қалды, күн суықта солай болады енді ауыстыру керек дейді форумдардағы білгіштер :(
gerakl
Қытайский сенсор болған. Екі жыл ұстадым. Қарапайым телефонға үйрене алмайтын шығармын деп ойлағам, бірақ тез ұмыттым сенсорды :)
Nurgisa
Айфонның жаңалары да суықта сыр бере ме екен деген сұрақ туындады.
Мына телефон ұнады. Менікі де осыған келіңкірейді.
araika
Алғаш шыққан кезде менің де осыған аңсарым ауған, алайда жақын танысымның да көздегені сол боп шықты. Қашанда бірдейлікті ұнатпайтын мен, оған жол беріп, бірге барып алдық.
Ұнамайтыны камерасы
patick
Сосын дыбыс динамикасы әлсіздеу.
omarbirat
Дыбыс — Nokia телефондарының ең әлсіз тұсы ма деймін. Ұстаған телефондарымның ешқайсысы (3230, N70, X3) бақырып шығатын даусымен ерекшеленген емес, бос тұрған бөлмеде ғана жақсы жаңғырады :)
qisyq
2700-дің динамигі жақсы. Бірақ тез құртылады, қазір қырылдап-сырылдап жүр.
omarbirat
Бірақ 3230 сөйлесуге жақсы еді, жарықтық. Желінің арғы бетіндегі адамның дауысы қасыңда тұрғандай анық, таза естілетін. Енжетпістен ондайды байқай алмадым. Тек камерасы жақсы болғаны болмаса.
araika
менің құлағымның қабылдауы әлсіз екен деп жүргем, төмендегі пікірлерді оқып, кінә менен емес екенін білдім:)
Nurgisa
Менікі E5 дегені екен. Бірақ сыртқы пішіні тура сенікіндей. Жалпы, ыңғайлы. Пернелерінің орналасуы компьютердің пернетақтасындағыдай болғаны ыңғайлы. Кездесу үстінде аударып жатып, біреу шұғыл соқса шағын смс теруге ыңғайлы.
Айтпақшы, сөйлескенде loudspeaker режимін қосып сөйлейтіндірдікін, қай мағынада болмасын, түсіне алмаймын.
omarbirat
Лаудспикерді қосып алып, телефонда құлағына тақап сөйлесетінін қайтесің :))))
Nurgisa
Қалтафон ілкібаста тарала бастағанда сіңіп қалған мода. Ол кезде қазіргідей тариф жоқ, сөйлесу қымбат, торпедо лақтырудың ушыққан кезі. Біреу телефон соға қалса, алдымен өзінде «сотка» барын, сосын, онысымен қоймай, ол өзі телефон соға алатындай/оған біреу телефон соғып сөйлесе алатындай жағдайы бар екенін айқайлай сөйлеп көрсетуге құнығу емес пе екен деймін.
patick
сол бастапқы кездерде көшеде тұрып өтірік сөйлесетіндер болды деп еді көзкөргендер :*)
Nurgisa
Ал өтірік сөйлесіп жатпағандының дәлелі ретінде loudspeaker көмегімен сөйлескен болса керек :)
omarbirat
Телефонның тұтқасын көтеріп, «Алло» дегенде ызбандаушылардың бірінші айтатын фразасы «Е, мен соткімен ызбандап тұрмын» болушы еді. Уақыт та, ақша да аз, бірден іске көшейік дегені ғой. Кейбіреулері ол фразаны тура мағынасында да айтатын. Ол да бір қазақы понт еді :)
Adiletshu
будильникке қойып қойып, өтірік звондағансытып сойлескендерин қайтесин
Gastarbaiter
 Операционкасы Андройдты қолдайтын телефондарда будильниктің қажеті жоқ
HTC -да Жалған қоңырау функциясы бар, бір жағымсыз жерден технично ешкімді ренжітпей тайып тұру керек болса, алдын ала будильник сияқты келтіріп қоясың уақытын. Сосын кез келген абоненттің контактысын, мысалы «Пернегүл -бастық» деп таңдайсың.
Сәлден соң телефоның шыр етіп, экранға әлгінің нөмірі жыпылықтап тұрады.
Abilakim
Кейбір ЕЛджій мен самсунгтарда бар осы функция.Пайдаланғанмын
omarbirat
Уайфайы бары жақсы екен. Соған сәйкес, жады да көлемді шығар?
patick
Өзінің жады 55 Мб деп жазыпты сипаттамада.
omarbirat
Картаның жадына сүйенуге тура келеді екен ғой. Үлкен файлдарды Wi-Fi арқылы алуды рекомендейді өндірушілері.
omarbirat
немесе WLAN арқылы
patick
WLAN сол Wi-Fi емес па?
omarbirat
Екеуі бірдей ғой пашти. Уайфайға ВЛАН арқылы қосылады.
omarbirat
Уайфайы — сымсыз байланыс түрі де, ҰЛАН дегені — сымсыз жергілікті желі :)
patick
бір Нақүйде WLAN-мен қосылдым. Ноқиа С3-те орнатылғаны сол WLAN.
Nurgisa
))))))))))) Нақүй деймісің ))))
patick
Сіздің тилапонда қандай сымсыз байланыс бар? :)
Nurgisa
Омардан сұрадың ба? Мен де жауабымды айта салайын :) ҰЛАН, хайфайлар бар ғой. Негізінен, бірақ, кәдімгі веб браузерімен, www. арқылы толық сурет, флештерімен көргенді ұнатамын. Негізінен жаңалық ленталары ғой қарағыштайтынымыз.
patick
Сізден сұрадым Нұреке :)
serjan
Ай-фон, ай-пат дегендерді түсіндіріп беретін адам бар ма екен осы.
patick
Тақырыптан тыс қуып сөйлеу сіздің әдетіңіз ба осы?
Gastarbaiter
Тым қатты қумаған сияқты. Мұндағы кей тақырыптардың мал шаруашылығынан басталып, Марста тіршілік бар ма? деген сұрақпен аяқталатынын есепке алсақ))))
Abilakim
Бұл телефонға мен де қызыққанмын, бірақ алмаппын неге екенін. Камерасының жанында вспышкасы жоқ-ау деймін. Ыңғайлылығына сөз жоқ.Оны сенің ролигің дәлелдегендей.
Gastarbaiter
Бағасы 100 мыңнан асып жығылатын смартфон иелеріне, "Қой, сним ал менікінен несі артық?" дегісі келетіндерге HTC Wildfire рекомендеймін.
Бағасы 35 мың диллерлерден. Магазинде 40-45 мың.
Андройдпен істейд. Бәрі ішінде. Былтыр баға/сапа тәуелсіз сайысынан екінші орын алған Wildfire- дың жаңартылған варианты.
Биыл интернеттегі сараптауларды әбден оқып, осының жаңартылған S версиясын алдым. Өкініш жоқ. Тосын сыйлар көп