Мәсімов мән-жайды түсіндіріп берсін. Болмаса, қызметінен кетсін!

Бүгіндері елде күрделі жағдай қалыптасып, қоғам тығырыққа тірелудің аз-ақ алдында тұрғаны ешкімге де жасырын емес. «Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бізде бейбітшілік пен тұрақтылық!» деп кеуде қағып, бүкіл әлемнің алдында көсіліп мақтанатын едік. Бірақ, қазіргі жағдай, жұмсақтап айтқанда, «тұрақтылықтан» әлдеқайда алыс екені әркімге де түсінікті.

Елдің батысында діни алауыздықтың күшеюі, оның арты қарулы қақтығыстарға ұласуы, Маңғыстаудағы мұнайшылар ереуілінің бірнеше айға созылып, әлем тарихындағы ең ұзақ бас көтерудің біріне айналуы, Кедендік одаққа енгелі бері азық — түлік бағасының қымбаттауы мен жанар — жағармайдың тапшылыққа ұшырауы және халықтың әлеуметтік — экономикалық жағдайының нашарлауы — бүгінгі билікке үлкен сын болғаны айқын. Қоғамдағы осындай оқиғаларға бірден — бір жауапты орган және тұлға — үкімет және оның басшысы екені белгілі. Бірақ, үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осындай қиын — қыстау кезеңде қоғамды тығырықтан шығара алды ма? Жоқ! Қайта оны дағдарыстың шыңырауына одан да тереңірек батырды.

Біріншіден, Кәрім Мәсімов Қазақстан үкіметін басқарған 5 жылдың ішінде елдегі әлеуметтік — экономикалық жағдай ушықты. Азық — түлік пен жанар — жағармайдың бағасы күрт қымбаттады. Елде жанар — жағармай тапшылығы айқын сезілуде. Оның себебі неде екенін Кәрім Мәсімов неге түсіндірмеді? Мұнай мен газдың үстінде отырып, Қазақстан жанар — жағармайдан неге тапшылық көруі тиіс? Түсініксіз!

Тәуелсіз экономистер дерегіне сенсек, 90 — жылдары Қазақстан жылына 26 миллион тонна мұнай өндірген. Ол кезде халық қажеттілігін өтеуге 7 — 8 миллион тонна мұнай қажет болған. Мұнай өндірісінің осы көлемінің өзі — ақ жанар — жағармай тапшылығын сезінбеуге толық мүмкіндік жасаған-ды. Ал қазір мұнай өндіру 80 миллион тоннаға жетті. Халық қажеттілігі 10 — 11 миллион тоннаға өсті. Сонда мұнай өндіру үш есеге артты деген сөз. Бірақ, 90-жылдармен салыстырғанда, жанар — жағармай тапшылығы айқын сезіліп, оның бағасы күрт көтерілді. Неге? 26 миллион тонна мұнай өндіргенде сезілмеген жанармай тапшылығы оның өндірісі 80 миллион тоннаға жеткенде неге айқын байқалды? Осы мәселені Кәрім Мәсімов үкіметі мен мұнай — газ саласын «ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын» «Самұрық — Қазына» ұлттық қоры неге шешпейді? Олар қайда қарап отыр?

Екіншіден, 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ресей, Беларусьпен бірге Кедендік одаққа ресми түрде енді. Бұл да Мәсімов бастаған үкіметтің үлкен қателігі деп санаймыз. Ресей саясаткерлері «2017 жылы Кедендік одақтың негізінде КСРО — ны қайта жаңғыртамыз!» деп ұран көтеріп жүр қазір. Президент Путин «Кедендік одақ Еуразиялық экономикалық одақтың алғашқы баспалдағы, мұны ары қарай жалғастырамыз, осы арқылы Батыс елдеріне терезесі тең бәсекелес боламыз» деп ашық мәлімдеді. Бір сөзбен айтқанда, Кедендік одақ бізге экономикалық жағынан ғана тиімсіз емес, бұл — тәуелсіздігімізге нұқсан келтіретін қатерлі құрылым. Осыны біле әрі көре тұра, Қазақстан билігі, оның ішінде Кәрім Мәсімов үкіметі бұған неге жол берді?! Әлде көрші елдің қас — қабағы мемлекеттік тәуелсіздігімізден де қымбат па бізге?

Үшіншіден, Кәрім Мәсімов үкіметті басқарған жылдары ел экономикасындағы Қытай ықпалы едәуір күшейді. Қазірдің өзінде Қытай Қазақстан мұнай — газ саласының 22 пайызын өз бақылауында ұстап отыр! Қазақстанның сыртқы елдерге қарызы 120 миллиард долларға жетсе, соның 20 миллиарды Қытайға тиесілі. Осы ақша қайда және неге жұмсалды? Оның есебі қайда? Ұлттық қорда 40 миллиард доллардан астам қаржы бола тұра, Қытайдан неге 20 миллиард доллар қарыз алдық? Түсініксіз! Қажыгелдин, Балғымбаев, Тоқаев, Тасмағамбетов, Ахметовтер премьер — министр болған кезде Қытай компанияларының үлесі неге артпады? Кәрім Мәсімов үкімет басына келгелі бері Бейжіңнің ықпалы неге күшейді?! Осының өзі-ақ бізді күмәнді ойларға жетелейді.

Соңғы кездері ел арасында «тақ мұрагері» туралы әңгіме жиі айтылып жүр. Оның ішінде мүмкіндігі жоғары деп екі тұлғаның аты аталады7 Олар — Кәрім Мәсімов пен Тимур Құлыбаев. Ашығын айтқанда, біз бұған түбегейлі қарсымыз. Жастарға да, қарапайым халыққа да нұсқаумен тағайындалған «мұрагер» емес, демократиялық жолмен, жалпыұлттық сайлауда әділ жеңіп шыққан басшы керек!

Қорыта айтқанда, біз, Алматы жастары, бүгінгі үкіметтің жұмысына төмен баға бере отырып, қоғамдағы көптеген проблеманың түйткілін шеше алмаған премьер министр Кәрім Мәсімовті отставкаға жіберіп, «тақ мұрагері» деген әңгімені «әділ әрі ашық сайлау» тәрізді ұғымға алмастыруды талап етеміз.

Құрметпен,

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің студенттері;

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері;

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студенттері;

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенттері;

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің студенттері;

Алматы экономикалық колледжі студенттері

Барлығы: 8396 қол.

Қол жинау әлі жалғасуда.

P.S. Саяси партия, қоғамдық ұйым жетекшілерін, белгілі қоғам қайраткерлері мен тәуелсіз азаматтарды осы үндеуді қолдауға шақырамыз. Елдің келешегі мен ертеңі біздерді, яғни жастарды да қатты алаңдатады. Осы себептен, «Рух пен тіл» жастар клубының қолдауымен осындай қоғамдық саяси маңызы зор мәлімдеме жасауды жөн көрдік.
ДерекКөз: www.abai.kz/content/prezident-n-e-nazarbaevtyn-nazaryna
Бөлісу:

77 пікір

qisyq
Инга шаршамайды екен
satibaldi
Болмаса, қызметінен кетсін!
Отпускіге дейін істеп кетейін, а?
Onlasyn
Мән-жайды түсіндіріп бер!
Qojeke
Ол епті пример (масыл) министр қызметіне кіріскелі бері еңбек демалысына (отпускке) шықпаған.
Onlasyn
Азарт та
Qojeke
Ahi: Азарт ойындар мен азарт қызметтер харам
asaubota
халық туралы көп ойлай бермей кейде өзін де ойлап тұрғаны дұрыс ау негізі. бір Сингапурдың өзіне бәленбай ресми және ресми емес визиттердің өзі шаршатады ау адамды!
Zilola
пенсияға дейін істеп кет
Gastarbaiter
Қаламыңа гүл бітсін © Өрімтал
e_zhalgas
тізімдегі студенттердің талайы қолдарын крестеп, өз бастамаларынан бас тартатынына кепілдік
satibaldi
Барлық студенттер қасқайып тұрып алса, осы тақырыпты өтірік көрмеген болып жүресің бе?
e_zhalgas
олар қасқая қалғанынан бірдеңе өзгере қойса…
KILYZAMAN
Неге бауырым? Болашақ Олардікі… Бұға бергендердің тағдырын түсіне білген жастарға Рысбекті неге қызғанасың?
Onlasyn
Осы типтес әңгіме мода болды ғой қазір ))
e_zhalgas
практика жүзінде дәлелденген болса, нетесің енді
KILYZAMAN
Боойды ғана түзеп үштей мүңсігеннен гөрі Ойды түзеудің пайдасын түсіненімісің?
balzaminka
осыны ақ орда сайтында жарияласа не болады екен
satibaldi
Астана дереу Ханбалыққа көшірілер еді.
KILYZAMAN
Ауыз суды сүзгіден өткізіп ішікіштердің ағзасы дистрофияға бейім…
patick
Пікір жазбаңдар е, бұ қазақтар сендердің никтеріңді қол қойғандар тізіміне қосып қояды ертең.
satibaldi
Бибігүл Төлегенова: "Өздерің шаршамайды екенсіңдер нақ әкесстер!".
qisyq
Scheschesse.
Қол қойғандар

balzaminka
e_zhalgas
Onlasyn
patick
qisyq
satibaldi

деп тұр дейсің ғо…
satibaldi
@KILYZAMAN екі рет: үш паспорты бар.
KILYZAMAN
Көкектің ғылыми атағын жасап жүргендердің бірі екеніңе күмәнім қалмады
balzaminka
Гастаны принципиально қоспадыңыз, Қилеке?
qisyq
Позитивті пікір жазған екен, көрмей қалыппын
KILYZAMAN
Тісне алмай қалдым? Ол:
Гастаны принципиально қоспадыңыз, Қилеке?
— қай төбедегі талдау?
balzaminka
Қилеке, Қисеке дегім келіп, автоматты түрде кетіп қалған ;)
Janasil
Хат жазу мода болып кетті шынында. Шын жүректерімен қазаққа жандары ашыса, Мәсімовты құртқысы келсе барлығы шықсын көшеге. Вот сонда е ары, не бері қылуға болады.
Zilola
сонда барлығына кінәлі «кішкентай» мұртты ағай ма?
Janasil
Енді үкімет басшысы сол емес па? Әлде Сатыпалды ма?
Zilola
Ол орынға кімді отырғызса да, жағдайды шеше алмайды. Мәселенің түйінін бір ғана адам шешпейді, кетсе командасымен кетуі керек.
Gastarbaiter
Лібә, команданың кетуімен бар проблема шешілсе, осы заманға дейін небір көсемдер келіп, небір көсемдер кетті ғой.
Жалықсаңдар ашығын айтсаңдаршы, жалықтық, тыныштық жақпайды. Бізге Ирак пен Ливиядағыдай, Қырғызстандағыдай демократия керек деп.
asaubota
калай тусиндиреди, калай?
omarbirat
Хатты президентке жолдап, жауапты премьер-министрден талап еткенін түсіне алмай отырмын.
Qojeke
Заттың ауырлық нүктесі болғандай, Қазақстанның ауырлық нүктесі Аппақ Ордаға жіберген.
ushkin
Бәрі бекер, бос әурешілік. Көзім жеткен.
patick
Мәсімов мән-жайды түсіндіріп берсін. Болмаса, қызметінен кетсін!

— Әбілдің, түсіндіре алмаймын. Жұмыс орнымнан кету туралы өтініш жазып жатырмын
— Абиль, не могу объяснить. Пишу заявление об увольнении с места работы.
(с) Премьер-министрдің «Туиттердегі» таспасынан.
sigma
86дағыдағыдай студенттерді тағы да отқа айдап салмақ па?
KILYZAMAN
Студент деген ұғымның ұңғысына үңіліп көрелікші… (86да 4курста едім :-( )
a63a1
мен ол жылы өмірге деген құлшыныспен жүргем.
a63a1
неге тек студенттер? Неге басқа қоғам мүшелері емес? Бір гәп бар-ау ос ыжерде
ken
басқалар қорқады. себебі, жоқ болып кету қаупі бар.
ал студенттерге ештеңе істей алмайды деп ойлаймын. ары кетсе, оқуынан шығарып тастар.
qisyq
Оқудан шығып қалғанның оңайы ә!
ken
оңай емес, әрине. дегенмен сегіз мың студентті оқудан шығарып тастайды дегенді кезге елестетудің өзі мүмкін емес қой.
omarbirat
Студенттер қылмыстық және/немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды деген заң жоқ шығар.
ken
бұл жерде қылмыс немесе әкімшілік құқықбұзушылық орын алып түр ма?
omarbirat
Оқудан шығарып тастау үшін қандай себептер керек енді?
balzaminka
үкімет әрқашан жастардан қорқады. Себебі, жастар тез көтерілетін, артында ересектерді ұстап тұрған аяқты аңдап басу, отбасына алаңдаушылық ұстап тұрмайды. Қызуқандылық жасқа тән. Өжеттілік те. Жастар сенім деген нәрседен алшақтамаған жандар, не нәрсеге де шынайылықпен қарап, жеңіске жетуге болады дейтін жандар. Күш бірлікте дейтін жандар. Сондай-ақ, ықпалға тез берілетін де солар :) Жастардың көп бөлігі студенттер
satvaldo
жастардың жоғалтар бәлендей ештеңкесі жоқ. сондықтан бағындырылмайтын күш секілді көрінеді. бірақ сәл өскеннен кейін қарсы күрескендерінен де бетер боп кететіні де бар. мысалға, Мысырдағы «мұсылман-бауырлар» партиясы жасындай жарқылдап, кейін тілдерін шайнап қалды…
balzaminka
менің айтқаным не?
saken
Хатқа қол қоймасамда Мәсімовтің үкімет басшылығынан кетуін қалаймын!
Zilola
Өз ойын бүкпесіз жеткізе алатын адамдар аз біздің қоғамда. Сенің мына ойың батырлардың ерлігімен бірдей!
ken
2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ресей, Беларусьпен бірге Кедендік одаққа ресми түрде енді. Бұл да Мәсімов бастаған үкіметтің үлкен қателігі деп санаймыз
Мәсімов жәй ғана бұйрықты орындаушы ғой.
Zilola
иии, жаны! Ақылыңнан айналдым!
patick
Мәсімов кетсе, басқа келеді. Адекватты, қоғам үшін тиімді шешімді өздігінен қабылдай алатын лидер аз бізде, сондықтан аса бір өзгеріс болады деп ойламаймын.
Zilola
ооо, дөп бастың! Мәсімов кетсе жағдай жәннаттағыдай болады деп ойлайтындарға жақсы айттың!
Zhan
Мәсімов те, Құлыбаев та қазақи адамдар емес.
e_zhalgas
мынау киіз үйде отырып, қымыз ішпейді дегенің бе? :)
Onlasyn
Қазаққа бүйрегі бұрмайды дегені шығар
Zhan
Қазақилықты қымыз ішумен өлшемес болар. Қазақша ойлайтын адамдар емес дегенді айтқым келген.
meirzhan
Екінші адамнан қорқам
sigma
Студент қозғаушы күш, Жастар деген пәлен, түген деген жалынды сөздердің бәрі қыршыған әңгіме деп есептеймін.
Жастар, соның ішінде студенттер (әрине кешірерсіздер) мал секілді тобыр, бақташылары қалай айдаса солай жүретін.
Ия, студенттер айтуы мүмкін -Олай емес, біздің өз басымыз бар, өз қалауымыз бар, көзіміз ашық- деп, Біз де студент болдық, дәл осылай ойладық. Дегенмен күштері бойына тасыған не боларға білмей жүрген жастардың басын біріктіретін — авторитет. Жастар кімді авторитет санаса соның артынан ереді. Жастардың арасында өз авторитеттері болады, сыртта оның авторитеті болады деген сияқты ғой. Сондықтан студенттерді көтеру өте оңай, студенттерден қорқатынымыз да сол. Олар бас көзді білмейді, айдаған жаққа баса береді, оларға тосқауыл болып тоқтату да оңай шаруа емес.
a63a1
расымен де бір қозғаушы күш болмаса, студенттердің ондай тірлікпен айналысуы екіталай, менің де жоғарыда айтпағым сол еді. Бірақ қандай күш? Белгісіз. Ниеті түзу күш болса деп тілеуден басқа айтарым жоқ
patick
Сосын, мұғалім айтса: Бар сыртқа шығып бір кісі өлтіріп кел, әйтпесе оқудан шығасың десе, ол студен орындаудан тайынбайды.
omarbirat
«Рух пен тіл» жастар клубының қолдауымен осындай қоғамдық саяси маңызы зор мәлімдеме жасауды жөн көрдік.
Жанболат Мамай ма еді, әлгі осы клубтың жетекшісі — соны ұсынсын премьер-министрлікке. Бас уәзірлікті дөңгелетіп әкеткенін көрелік :)
e_zhalgas
ол кезде үкімет отырыстары бас жарылыстар мен көз көгерулерден, сондай-ақ қызыл кеңірдек ауыз жыртыстардан ары аспайтын болады :)
VKM
Маған да сол ағатай ұнамайды.Апам айтар еді " Ежелгі дұшпан ел болмас","Іштен шыққан жау жаман" деп)
satibaldi
Бастысы — маған ұнайд, сол жеткілікті емес пе?
VKM
мәссаған, шырпы сындыру керек екен: арақ ішуден кейін сізге ұнағаны осы адам ғана. Дожили
satibaldi
Иә, көрші қаззақтарды әлсірету жолындағы ұшан-теңіз еңбегі үшін Орденге ұсынып, табан соқпасқа болмайды.
neoman
Нұрекеңнің тірлігі баяғы Абылай ханның саясатына ұқсап кетті. Қытайдың келгені де, Ресеймен одаққа біріккеніміз де елдің тәуелсіздігі, тыныштығы үшін болса керек. Бірақ бұл екі алып держава айласын асырып кетпесе болғаны.
omarbirat
Сол айла да керек болмай қала ма деп қорқам.