Ханафи мазхабтың ұлттық құндылықтарымызбен үйлесуі.

Ханафи мазхабтың ұлттық құндылықтарымызбен үйлесуі.
Фиқхи мазхабтардың бір-бірінен айырмашылығына пайдалану әдістері не хадистердің түрлі риуаяттармен келгендігі негізгі себептер болуымен қатар, мазхабтың қалыптасу мекендегі әлеуметтік ортаның әсері де белгілі мағынада әсері болған. Мазхабтардың айырмашылығы жайында көптеген зеріттеулер жүргізілу барысында, оның қалыптасуында әлеуметтік негіздердің әсері және орны назардан шет қалып отырды.
Адамдар түрлі аймақтарда өмір сүруде. Олардың климат-жағдайлары, өмір-салты, әдет-ғұрпы және құндылықтары да әр түрлі. Кез-келген заман мен мекенге сай, сандай-ақ адамдардың барша талаптарына жауап бере алатын ислам шариғаты, олардың өмір сүру салтына сәйкес үкімдерді келтіруі өте маңызды. Дәл осы мәселе осы мазхабтар тарапынан жүзеге асырылады. Дәуіріміздің ұлы ислам ғұламаларынан болған Рамазан Бұтый осыған орай: «мазхабсыздық – исламдағы ең қауіпті бидғат. Ол дінсіздікке алып баратын көпір»,- деп айтып кетті.
Мазхабтардың пайда болуы мен қалыптасуында әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістердің үлкен әсері болғаныдай, фиқһтың кемелденуінде, сондай-ақ өмірде қолдану процесінде де бұл әсер ету өз жалғасын тапты. Әсіресе Аббасилер кезеңінде мемлекет құрылымының жаңадан қалыптастырылуы және ретке келтірілуі «ресми мазхаб»-тың шығуына мұқтаждық туғызған. Алайда ғалымдардың арасындағы ихтилафтар(қарама-қайшылықтар) себебінен, бір мазхабты заңдастыруға келісім болмаған соң, имам Әбу Юсуфтың (рх) бас қазы лауазымына келуімен, аз да болса, құқықтық істерде жалғыз құрылым орнатылды.
Сол ғасырдың атақты сарай қызметкері болған Ибн Муқаффағ «Рисалатус-Сахаба» деп аталатын проектісінде мазхабтарды біріктіру және барлық ислам әлемі үшін бірдей заңдар енгізілуі қажет деген маңызды түрде алға тартқан болатын. Бұл істі жүргізу мен барлық үмметті бір мазхабқа біріктіру Имам Мәлікке бірнеше рет ұсынылса да, ол кісі мұны қабылдамады. Ибн Муқаффағ бір қалада харам деп саналатын нәрсені екінші қалада халал саналуын, бір жерде намазды бұзатын амал ретінде көрген істі басқа жерде зиянсыз деп танылғанын және тағы сол сияқты қайшылықтарды үлкен келіспеушіліктерге алып келетінін айтты. Имам Мәлік болса, Шам жерінде Әл-Аузағидың барлығын, басқа қалалардың да өз ғалымдары барлығын, әсіресе Ирак халқы Имам Мәликидің сөздеріне құлақ асатынын ескеріп, адамдарды бір кітап пен бір пәтуа үстіне біріктіру пікіріне қарсылық көрсеткен. Мұның себебі, сол уақыттың өзінде Хиджаз, Шам және Иракта бөлек фиқһ мектептері пайда болуы мен олардың қалыптасып үлгергені болатын.
Фақиһтар өз пәтуаларында сол аймақтардың әдет-ғұрыптар мен салтын да назардан тыс қалдырмаған. Бұған мыналарды мысал етуіміз мүмкін: Имам Шафиғи Бағдаттан Мысырға көшіп келген соң, кейбір мәселелрдегі көзқарасын өзгерткен; Имам Әбу Юсуф көлеммен өлшеніп сатылатын нәрсені (мысалы бидай, арпа) ғұрып өзгергендіктен пәтуасын өзгертіп, «маузун» яғни ауырлықпен өлшеп сатылатын нәрсе деп санай бастады.
Ғұламалардың фиқһи мәселелердегі қайшылықтарға бағалауда екі жол ұсталған: бірі «мусаууиба» (مصوبة), ал екіншісі «мухаттыйа» (مخطئة). Бірінші жолда әһлі сүннет ғұламаларының барлығының сөздері дұрыс хақ дейіледі. Олардың тек келтірген дәлелдері қуатына қарай бірі басқалардан күштірек деп бағаланады. Ал екінші жол бойынша мұжтахидтерден бірінің сөзі дұрыс, басқалары болса қате деп саналады. Олардың ұстанымдары «ақиқат бірнешеу боламайды, керісінше ақиқат беру ғана» деген логикаға негізделген.
Бірінші жолды ұстанатындар нақли дәлелдерден тыс мынадай шешімдерді келтіреді: үкімдер адамдардың рухани, тәндік және материалдық жағдайларға қарай түрлі болуы мүмкін. Мысалы, бір кесе суды ішудің емдік тұрғыдан үкімі сұралса, адамның саулық жағдайына қарап жауап беріледі. Шөлдеп өлім аузында қалған адам үшін сол суды ішу парыз деп есептелінсе, жәй шөлдеген кісі үшін бұл суды ішу емдік жағынан сүннет дәрежесінде. Біраз мазасы қашқан адам су ішсе дерті асқынатын не жазылуын баяулататын болса, оған су ішу макруһ. Егер адам ауыр жағдайда жатып, су ішу оны өлім жағдайына түсіру ықтималы болса, ондайда ол кісіге су ішу харам болады. Міне осындай ескерулер бойынша, ешкім су ішудің үкімі барлығы үшін бірдей болады деп айта алмас. Бұл сараптаманы неке мәселесінде де жүргізуге болады. Адамның қаржылық, саулықтық және ахлақтық жағдайына байланысты, оған некенің үкімі түрлі болуы әбден мүмкін.
Осындай сараптамаларға қарай, мазхабтар нақли дәлелдерге сүйеніп, белгілі бір үкім шығаруда қоғамның және сол аймақтағы адамдардың өмір салты мен материалдық-рухани ауасын ескергендіктерін айқындайды. Мазхабтарды өзара қияси сараптамаға салсақ, олардың қандай қоғам жұртшылығына сай келуі көрінеді. Әйгілі мутасаууиф фақиһ ғалым Абдулуаххаб Шағрани «Мизан» атты кітабында Ханафи және Шафиғи мазхабтарын бір-бірімен салыстырып, мынадай қорытындыға келді: Ханафи мазхабы көбірек қалалық жерде өмір сүретін және мәдениеттілігі жоғарырақ болған қоғамға сәйкес. Ал Шафиғи мазхабы қалалыққа қарағанда, бәдәуилікке жақынырақ, ауылдық жағдайға сай келеді екен.
Берілген сараптамадан алдын басқа бір мәселені ескергеніміз орынды болар. Орта Азия аумағында ислам діні кріп келуімен қысқа уақыт аралығында, жұртшылық тарапынан қуана қабыл алынды. Бұл процесті дәуіріміздің үлкен ғалымдарымыздан Абдулхаким Шағрани Джузжани былай сипаттайды: «Орта Азия халықтары бастапқы кезде ислам дінін жеткізуші арабтарға қарсы тұрып, сұрапыл соғыстар жүргізсе де, ақырындап сол дін олардың өмірлік салтына сай, әрі пайдалы екендігін түсінгеніден кейін, оны қабылдап, ислам дінінің үмметіне айналды. әсіресе, 10-шы ғасыр басында түркі елдерінің көпшілігі бірінен соң бірі қуана исламға өте бастады».
Жұртымызға ислам діні кіріп келіп, халықтардың өміріне сіңіп бару заманыда, бұл жерде ханафи ғалымдарына қарағанда шафиғи ғалымдарының әсері көп болған. Еліміз өркендеуге бет алған алғашқы заманда ислам ғұламалары ханафи мазхабына тиісті болмаған еді. Бұған Имам Термизи секілді мухаддистер мен Каффал Шаший сияқты фақиһтарды мысал етсек жеткілікті. Тіпті, Каффал Шаший жасаған заманда да Мәуреннахрда ханафилік мазхаб оншалықты берік орнықпаған болатын. Мазхабтардың бұл аймақта таралу уақытында ханафилік мазхаб барлығынан үстін келді. Бұл туралы Абдулхаким Шағрани былай жазды:
«Орта Азияға ислам діні кіріп келуімен-ақ, бұл аймаққа соған сай түрлі мазхабтар, ақидалы ағымдар мен фиқһи бағыттар да тарала бастады. Маруа қаласынан бастап, Бұхара Самарқанд, Харезм аймақтары аталмыш мазхабтармен ағымдардың жарысу алаңдарына айналып, олардың әрмен қарай таралуын немесе майданнан кетуін, сондай-ақ барша салада Ханафи мазхабының нақты жеңіске жеткендігіне күә болдым».
Мұнда ханафилік халқымыз өміріне терең сіңуіне қандай жағдаяттар себеп болды, деген орынды сауал туындайды. Бұл сұрақтың жауабын Шағранидың сараптамалар көмегімен табуымыз мүмкін. Ханафи мазхабының бұл аймақта берік орналасуына, сол елдің исламға дейінгі кезеңде қалалық ахуалда өмір сүргендігі негізгі себептердің бірі болған. Орта Азияда мәдениет, өнер секілді басқа да қоғам негіздері бұрыннан бар болатын. Халықтардың мәдени өмірі мен дәрежесіне толық сай келген мазхаб, олардың өмірінен бек орын алуы табиғи жағдай. Анық мысалдарға өтсек:
Бірінші мысал: ханафи мазхабы бойынша, намазда имамның артынан ұйыған адам қырағат етпейді. Өйткені имамның қырағаты ол үшін жеткілікті. Шафиғи мазхабыда болса, муқтади имамның қырағатын (кифая) жеткіліксіз санап, әр кім өзі үшін қырағат етеді.
Қалалық адамдар әдеті бойынша, белгілі бір мәселені көтеруде не елдің арызын жеткізуде барлық жамағат атынан бір кісі сөйлейді және басқалар оны растап, қолдап-қуаттайды. Оншалық қалалықтанбаған, не бәдәуилікке жақын ауылдық жерлерде, адамдар өз мәселелерін өздері жеке шешуге үйренген. Әдеттеріндегі мұндай айырмашылықтар ғибадатта да өз бейнесін тапқан. Сол себепті қалалық жерде кең таралған Ханафи мазхабында намазда бүкіл жамағат атынан бір адам (имам) қырағат оқып, Аллаға жалбарынады. Қалғандары болса «амин» деп, оның сөзін растайды. Ал Шафиғи мазхабында әр бір адам намазда Аллаға өз дертін өзі айту үшін, өздері қырағат оқиды.
Екінші мысал: Ханафи мазхабында киім не денеге аз мөлшерде (3-грамнан аспайтын) нәжіс тисе, зиян тимес, онымен намаз оқыса болады. Шафиғи мазхабында ондайды жуу шарт.
Қалалық жерде не адамдар тығыз орналасқан жайларда киімге не денеге тиген лас нәрсені жуу мүмкіншілігі туыла бермейді. Өйткені адам көзінен пана болатын жерді табу қиын. Ауыл, тау не далада болса, паналы адамдар көрмейтін жер әрине көп. Сол үшін қалалықтардың жағаяттарын сай келген ханафи мазхабында өте аз мөлшердегі нәжісті жумауға рұқсат етілген. Қалалық аумақтан алыстау жерге сай келген шафиғи мазхабында мұндай рұқсат жоқ.
Үшінші мысал: Ханафи мазхабында таң намазын күннің шуағын біраз жарық етіп оқыған мұстахаб. Шафиғиде болса намаз уақыты кірісімен, күн шуағы шашырамай тұрып оқыған мұстахаб саналады.
Қала жұртшылығы көбірек өнер, сауда және басқа да сол секілді істермен шұғылданады. Мұндай халықтың күнделік істері, әдетте күн шыққансоң басталады. Ауылдарда болса адамдар аңшылық, егіншілік және шаруашылық сияқты істерді істейді. Мұндай адамдардың жұмысы күн шықпай тұрып басталатыны белгілі. Осыған орай, шафиғи мазхабында адамдар жұмыстарына тезірек жетсін деп, таң намазы кірген бойда, оны оқып алу абзал деп танылған. Ал Ханафи мазхабында адамдар күннің шығуымен жұмысын басайтын болғаны соң, таң намазын кешіктіріп барып оқығанды жөн санайды.
Төртінші мысал: Ханафи мазхабы бойынша ер адам махрам емес әйелдің денесі не кез-келген дене мүшесіне тиіп қалса, немесе қолы қолына жанасып қалса, сондай-ақ әйел адамда ер адамның денесін тиіп қалса, дәрет бұзылмайды. Ал Шафиғи мазхабында бұндайдан дәрет бұзылады.
Бұл мәселеде де қалалық-ауылдық салыстырмалар көзге түседі. Қалада әсіресе базар немесе қазіргі қоғамдық көліктерде адамдар көптігінен еріксіз ер мен әйелдер бір-біріне тиіп кетуі мүмкін. Алайда ауылды жерде мұндай ықтималдықтар жоқ. Тіпті ер мен әйелдің жақын жүруіне мұқтаждық жоқ. қалалық тұрғындардың осындай жағдайларын инабатқа алып, адамдардың қайта-қайта дәретті ала бермес үшін, ханафи ғалымдары мына рұқсатты берді. Далалы жерде тұрған жұртшылық үшін шафиғи ғұламалары дәрет бұзылады деген. Мұның тәрбие жағынан да маңыздылықтары бар. Адамдар көп жерде еркектің бөтен әйелге күш көрсету ықтималы жоқ. Алайда далалы мекенде ердің басқа әйелге тиісу мүмкіншілігі бар. Міне сондай жамандықтарды алдын алу үшін ол жердегілер перзенттеріне «бөтен әйелге тиме, дәретің бұзылады» деген сөздермен оларды ыхтияттыққа шақырады. Бұл да исламның шариғаты кез-келген мекенге, қоғамға сай келетіндігінің көрсеткіші.
Жоғарыда келтірілген мысалдар мен сараптаулардан соң, біз мынадай қорытындылар жасай аламыз: ислам Орта Азияға кіріп келуден алдын да, еліміз дүние мәдениетінің орталықтарының бірі болған. Бабаларымыз исламды қабылдағаннан соң, өздерінің өмір сүру шарттарына сай болған Ханафи мазхабын таңдаған. Егер бұл мазхабтың заң-қағидалары халықтың өмір салтына сәйкес болмағаныда, мұншалықты арамызда сіңіп кетпесі, әрі жұртымызда мұншалық көп ғұламалар шықпас еді. Елімізден шыққан фақиһтардың баршасы дерлік Ханафи мазхабының ғалымдары. Ең маңыздысы, бұл ғалым бабаларымызды бүкіл ислам әлемі мойындаған, сондай-ақ ханафи мазхабындағы әр бір сөзі мен пәтуасы ислам дүниесінде елеулі рөл атқарған.
Бөлісу:

6 пікір

satibaldi
Мақаланың демеушісі — «Көвәрів Технолоджис» компаниясы «ПрозЫРЫҚ» сауда белгісімен. «ПрозЫРЫҚ» — көркем сөзге спичрайтеріңнің тасы жетпеген кезде!
e_zhalgas
«ПрозЫРЫҚ» — көркем сөзге спичрайтеріңнің тасы жетпеген кезде!
qisyq
«х» рет оқылды дегенге сенбе, афффтор, кірушілердің 95 пайызы посты ашып, ұзақ екенін көріп, оқымай кетеді.
patick
Мынаны Ақзере де оқымас
e_zhalgas
аптырдың келесі жазбасына назар аудар