Kuzey Güney S01E01

Kuzey guney poster
Түрктердің жаңа феномен сериялдарының бірі десекте болады.Өзімде сіздермен бірге бастап көргелі отырмын.Көпшілік оң баға беріп жатыр қазірше.Басты рөлде көптен таныс Кыванч Татлытуг бар.«Гүмүш, Езел, Ашкы Мемну» сынды сериялдардан естеріңізде болар.Баға беріп көрейік...

Бөлісу:

20 пікір

araika
Қазақстандық арналардан берілмейді ме?
Аудармасы болмаса, бағалай алмайды екенмін
Басты рөлдегі жігіт өзіме қатты ұнайды әрі режиссер де
muza
jana shikkan serialgoi.kazakistanda bitkennen kein birak korsetetin bolar
muza
bul jerde turkshe biletin koldanushilar kop bolgandiktan jariyalagam.Eger admin agai bolmaidi dese oshire salamizgoi
bazuka
Кыванч сымбатты, керім жігіт деп қояйын.
asaubota
Ay yapım жаман сериал шығармайды, сценарийлері де оригинал болады. олай болса неге қарап көрмеске. ертең бастаймын
araika
Ay yapım жаман сериал шығармайды, сценарийлері де оригинал болады
сізге қосыламын,әсіресе «Күзгі жапырақтар»-ы өзіме қатты ұнады
Zhan
Түріктер негізі әдемі ұлт. Сериалдағы кейіпкерлердің көбісі әдемі болып келеді. Бірақ, почему-то мен оқыған ХҚТУ-да түрік жігіттер мен қыздар көп болды. Сериалдағыдай әдемі қыз бен жігіт көргенім жоқ.
asaubota
ал менің айналамдағы қыздар әдемі болатын.
Zhan
Туба деген бір ғана әдемі қыз болды айтпақшы, қазақша жақсы білетін
Nurgisa
Түркістандағысында оқыдың ба?
Zhan
Иә, Түркістанда 1999-2003 жылдары оқыдым.
Dinara
оо Түркістанда? мен 2000-2004 оқыдым
Zhan
1999 жылы Түркістанға бармаймын деп еңіреп жылағаным есімде. Кейін бармаймын деген жерімнен керісінше кеткім келмей қалған. Студенттік жылдарымды қимай
asaubota
қарауға уақытым болмай алғашқы 4 сериясын жазып алғам, кеше түнде қарадым таңғы 4.30-ға дейін. сериал мықты, ұнады!

Кыванч Татлытуғ бұрынғы модель, спортшы ғой. Гүмүштен бері актерлік қабілетін мықты дамытыпты. андай рольді ойнау оңай емес. жалпы сериалға актерлар жақсы таңдалған, сценарийі де күшті. бүгін түнде тағы отырамын :)
asaubota
осы сериалды қазір Бекжан да қарап жүр. бүгін Нұрғисаны үгіттедім. Омар бырат, сен де қарап көр, ұнауы керек :) www.youtube.com/user/kuzeyguneytv
Nurgisa
Махаббат пен жазаны бітіріп тастап ем. Қазір тек сол Фатмагүлмен арпалысып жүр ем. «Көкжалдар мекеніне» дауаламай жүрмін, уақыт тым тапшы. Мынаның да шәпкісі қайырыла ма деп қорқам…
asaubota
Фатмагүл мына сериалдың қасында ойнап қалады, шын.
Nurgisa
Қарамауым үшін себеп азайып бара жатыр күн сайын. Әбден құртатын болдың мені :(
asaubota
5-ші серияда Кузей жалғыз өзі ішіп отырған кезде, фонға Думанның музыкасы жақсы келер еді деп ойлап болғанышмша болған жоқ Думанның мына әні қосылды :)