Ағамның асыл сөздерінен

ҚҰРАН ЕКІ ДҮНИЕ САҒАДАТЫ
Алла тағала құран кәрімді пайғамбарлар мен елшілердің соңғысы әрі сардары Мухаммедке (с.ғ.с.) адамзатты хақ жолға және иман нұрына бастау үшін жіберді. Маида сүресінің 15-16 аяттарында:
قد جاءكم من الله نورٌ و كتابٌ مبين يهدي به الله مَن اتبع رضوانه سبل السلام و يُخرجهم من الضلمات إلى النور بإذنه و يهديهم صراط مستقيم.

«Расында сендерге Алла құзырынан нұр мен айқын кітап (Құран) келді. Онымен (кітаппен) Алла Өз ризалығын іздегендерді тура жолға бастайды. Және оларды зұлыматтан нұрға шығарып, тура жолға салады»,-деп айтқан.
Алланың кәләмі болған бұл кітап адамзат игілігіне қажет күллі дүниені және оларды бақытқа жетелейтін әрі адасудан құтқаратын үкімдерді қамтиды. Кімде-кім бұл кітапты берік ұстап, оны тиләуат етуге, терең мағынасына ой салуға ұмтылса, ондағы пәрмендерді бұлжытпай орындаса бұл дүние және ақирет бақытына қол жеткізеді. Ал, кім бұл иләһи сөзге, яғни құранға құлақ аспай, теріс айналып кетсе үлкен бақытсыздыққа және орасан зор шығынға тап болары анық. Исра сүресінің 9-10 аяттарында Хақ тағала:
إن هذا القرآن يهدي للتي هي أقومُ و يبشر المؤمنين الذين يعملون الصالحات أنّ لهم أجراً كبيرا و أن الذين لا يؤمنون بالآخرة أعتدنا لهم عذابا أليما.
«Расында бұл Құран ең тура жолға жетелейді. Сондай-ақ, ізгі амал жасаушы мұсылмандарға үлкен сауап барлығын сүйіншілейді. Ал, ақыретке иман етпейтіндерге (Біз) ауыр азап әзірледік»,-деп әмір етеді.
Алла тағала бұл құранды тиләуат етуді, мағынасына терең бойлауды, үкімдеріне амал етуді және һидаятынан мықтап ұстауды әмір етуде. Сондай-ақ, құранды оқып, үкімдеріне амал еткен жандарға мол сауап және жәннаттан жоғары дәреже уәде еткен.
Құранды тиләуат етуші және үкімдерін орындаушы мұсылманға берілетін фазилеттер жайлы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистеріне тоқтала кетейік.
Сахаба Ибн Масуд (р.а.) пайғамбарымыздан (с.ғ.с.):
منْ قرأ حرفا من كتاب الله فله حسنة و الحسنة بعشرة أمثالها لا أقول: الم حرف و لكن ألف حرف, و لام حرف, و ميم حرف.
Мағынасы: «Кім Алланың кітабынан бір әріп оқитын болса, оған бір сауап беріледі. Ал, сауап он еселенеді. Мен: Алиф, Лам, Мим бір әріп деп айтпаймын. Бәлкім: Алиф бір әріп, ләм бір әріп, мим бір әріп»,-деп айтқан. Демек, Алиф, лам, мимге отыз сауап.
Ал, хазіреті Абдулла ибн Амр (р.а.):
يقال لصاحب القرآن: اقرأ و ارتق و رتّل كما كنتَ ترتل في الدنيا, فإنّ منزلتك عند آخر آية تقرؤها.
Мағынасы: «Құран иесіне (жаттаған адамға): оқы да жоғарылай түс және дүниеде мәнерлеп оқығаныңдай оқи түс! Расында сенің жәннаттағы мекенің соңғы оқыған аятыңның орны»,-деген хадисті жеткізген.
Құран иесі дегеніміз: үнемі тиләуат етуші, жаттап жүруші, мағынасына мән беруші және амал етуші мұсылман. Міне, мұндай мұсылман Құран аяттарын жат алумен, үкімдерін амалға асырумен және Құран әмірлерінен шет шықпаумен өзіне жәннаттан мекен әзірлейді.
Бөлісу:

25 пікір

satibaldi
Ренжіме, бірақ мынау дүниелерің қызық емес.
mistermarlen
жарайды, бұл өзіме арналған дүние. блог дегеніміз осы емес пе
meirzhan
Дұрыс айтасың, блог — ресми мінбер емес.
satibaldi
Дегенмен өзіңе арналған емес, сосын блог деген де осы емес; дегенмен жұрт оқысын дедің, әйтпесе Вордқа жазып сақтап қояр едің.
meirzhan
Дегенмен аудиторияның көңіл-күйін, талғамына қарау керек. Әйтпесе «аузым өзімідкі...» дегендей болады.
Onlasyn
Сен білесің бе, білмейсің бе, білмейм, бірақ, ислам дінінде «мазхаб» деген түсінік бар.
Мазхаб — жол деген сөз. Бұл осыдан пәленбай ғасыр бұрын Әбу Ханифа, Имам Малик, Имам Ханбал, Имам Шафи сынды ғұламалар біз үшін жол салып кеткен.
Енді бізге қалғаны құранды оқып, өз ойымызды айту емес, аталмыш ғалымдардың салған жолымен жүру.
Осы сендердің, құранды ашып алып, бірнәрсе түсіндіргілерің келетініне күлкім келеді. Онымен қоймай арапшасын жазып қоясыңдар, бұл типі алдап жатқан жоқпын деген дәлелдеріңнің түрі ма?
mistermarlen
кешіріңіз ағатай, мен мазхаб туралы сөйлемегенім — мазхабсыздық емес. Аллаға шүкір, Әбу Ханифа (Нұғма ибн Сәбит) мазхабын ұстанамын. ал құранды шынымен арапшасын түсініп оқыған Ляззатты айтып жеткізу қиын. Адамның сөзі емес, Алланың кәламы екендігіне көзің жетер.
Onlasyn
ал құранды шынымен арапшасын түсініп оқыған Ляззатты айтып жеткізу қиын
Қателесесің!
asaubota
ағамның дегенде қалай сонда? ағаң айтқан сөздер ме әлде ағаң сақтап-жинап жүрген сөздер ме?
mistermarlen
Ол кісі мешіттің имамы, мен соның жұмадағы уағызынан ұнаған жерін ғана көрсетудемін,
asaubota
жақсы мысал, әңгімелермен бөлісіп тұр.
Abilakim
Ағаңның сөздері Алланың сөздеріне ұқсайды екен
timurrr
Аллаһ разы болсын, бауырым!

Бірақ… Байқағаным, осы күні көп адамдар ислами ақпараттан жеритін боп кеткен. Себеп? Оқуға қызықсыз. Көп жағдайда тым шұбалаңқы. Ашып кеп қалғанда 28 километр боп жатқан мәзхабтар туралы (қателеспесем) жазбаңды оқуға тіпті зауқым соқпай қалды. Ең құрығанда бір абзацтардың арасын ашып, кейбір маңызды жерлерді қаралап, адамдардың сөздерін тырнақшаға алып әрлемесең, анау-мынау адамның оқуы қиын-ау… Әлде үзіп-үзіп жариялайсың баааа? Білмедім, бір технология табу керек шығар. Егер қолыңнан келсе мәтіннен басқа да өзге контент түрінде ақпарат жариялауымыз керек шығар осы. Мыс: видео, мықты презентация, кескіндер, инфографика болса тіпті тамаша болар еді. Әрине, бұл айтқандарымды өзіме де бағыттаймын. Соңғы кезде ойланып жүргенім осы…
satibaldi
Тозақтың суретін инфографикамен салу — қаншалықты шариғи?
timurrr
:) Мәселенің барлығы тек сол тозақтың суретіне тіреліп қалып па? Тап сол тозақты айтпай-ақ басқа да позитив жолдармен бе әлде бір ғибратты оқиғалармен бе, білмедім, әйтеуір адам сүйсінетін жолмен жеткізу керек шығар…
satibaldi


timurrr
:) шығармайтындарың жоқ…
nurjanbay
1 журналистер
2 саясатшылар
3 заңгерлер
4 сопылар
5 ішпиендер

неге сопылар 4-ші орынға түсіп қалған?
asaubota
дұрыс айтасың, материалдың берілу формасы нашар болғасын қазір ешкім оқығысы келмейді діни тақырыптарды.
e_zhalgas
Ал, кім бұл иләһи сөзге, яғни құранға құлақ аспай, теріс айналып кетсе үлкен бақытсыздыққа және орасан зор шығынға тап болары анық.
еркін интерпретация ма, әлде бекіген тұжырым ба?
satibaldi
Атеистер Қоғамын құрсаң қайтеді?
e_zhalgas
агностиктер қоғамын құрғанға қалай қарайсың? :) хехе!