Netken, бұл неткенің?
Орта толсын! 3 қазанда Қазақ Интернеті тағы бір қазақтілді қазақы сайтпен толығыпты. Ол сайттың атауы Netken.kz екен.
Сайттың бісмілләсі былай басталады:
Бұған дейін "Ұлттық портал", "Қазақ тіліндегі тұңғыш спорт порталы", "Ұлттық Интернет-газет", «Ең алғашқы… сайт» деп келетін арзан тіркестерді жалғап алған сайттар мен сайтсымақ кәкір-шүкірді көрдік. Ал мынадай сөздер орыстілді ортада кеңінен қолданылатын шаблон-мәтін болушы еді:
Netken, бұл неткенің? деуімнің себебі мынада: Неткен.кз сайтында жарияланатын суреттердің басым бөлігі шетелдік ақпарат агенттіктерінің меншігі болып таылатын дүниелер. Неткен.кз фотолдарды алып, сілтеме қоймағаны аздай, сол фотоларға өздерінің логотиптерін де "қыстырып" жібереді екен. Мұны мен «Маса.кз синдромы» деп атаймын.
Сайттың бісмілләсі былай басталады:
Netken.kz — нендей сайт?
Дәл қазір Netken.kz Қазнеттегі ең қарқынды, сапалы әрі нақты ақпарат таратушы интернет-басылым ретінде қалыптасу жолында.Сайттың санаулы адамдардан тұратын шығармашылық тобы оқырмандарға ең маңызды деген ақпаратты дер кезінде жеткізуге барынша тырысады. Оларды, бірінші кезекте «Жаңалықтар» айдарынан таба аласыздар.
• Өзекті — айрықша тоқталып, басқа да деректермен толықтырылатын түйіткілді жаңалықтар айдары. Ал Жаңа эпизод айдарында көпшіліктің назарындағы жүрген елеулі оқиға төңірегіндегі жаңа деректер жарияланады.
• Репортаж бөлімінде журналистердің «өздері көрген, қатысқан» оқиға туралы жазбалары жарияланады.
• Төтенше жайт – қылмыстық және төтенше оқиғалар хроникасы.
• News maker – қоғамды дүр сілкіндірер мәлімдеме жариялап, бар назарды өзіне аударатын тұлғалар туралы мақалалар және сұхбат жарияланатын айдар.
• Жаһан жаңғырығы – айдарында әлемдегі айтулы оқиғалар туралы Қазақстан журналистерінің ой толғаулары, құзырлы сарапшылардың талдауы жарияланады.
• Ой орталығында – түрлі тақырыптар бойынша жарияланатын мақалаларды талқылауға қатынасып, ой-пікір білдіруге болады.
• Тың технология – заманауи технологиялар жетістіктері туралы ақпараттар топтамасы.
Бұған дейін "Ұлттық портал", "Қазақ тіліндегі тұңғыш спорт порталы", "Ұлттық Интернет-газет", «Ең алғашқы… сайт» деп келетін арзан тіркестерді жалғап алған сайттар мен сайтсымақ кәкір-шүкірді көрдік. Ал мынадай сөздер орыстілді ортада кеңінен қолданылатын шаблон-мәтін болушы еді:
Дәл қазір Netken.kz Қазнеттегі ең қарқынды, сапалы әрі нақты ақпарат таратушы интернет-басылым ретінде қалыптасу жолында.

2 пікір