Wi-Fi дан соң Li-Fi болмақ.

Жарықты мәлімет беру құралы ретінде қолдану идеясы жаңа емес. Бұл әдіс бір ғасыр бұрында қолданылған. Сымсыз телефондық ақпарат жіберген ең бірінші адам Александр Белл – бұл оқиға 1880 жылы болған. Белл бұл мүмкүншілікті өзінің жасаған қондырғысы арқылы іске асырды. Ол құрал кейін Фотофон деп аталып кеткен.
Жарық арқылы мәліметті жөткеу әдісіне ғылыми және коммерциялық қызығушылықтар жыл артқан сайын күшейуде. Жартықтыдиодтық жарықкөздері көбеюде, оған себеп бұл құралдарды үйреншікті болған жарықкөздерін қадағалаудан әлде қалай оңай және үнемділігі мен ыңғайлылығы болып тұр. Сонымен қатар Wi-Fi ды осы күні кез келген жерде қолдану мүмкіншілігі (теледидар мен тоңазтқыштар) өзіндік кедергіге душар болуда. Өйткені ол әдісте қолданылатын байланыс протоколы радиодиапазон – ол да шектеулі…
Эдинбург университетінің профессоры Гаральд Хаас осы жарық арқылы мәліметті жөткеу әдістемесімен 2004 жылдан бері айланысып келеді. Ол бір тәжірибесінде стөлдегі жарықтыдиодтық лампаны қолдану арқылы жаңадан жапырақтарын ашып келе жатқан раушан гүлінің бейнефильмін түсіру барысын қабырғаға ілінген экранға проекциялау арқылы көрсетті. Бұл жерде мәліметті жөткеуші жарық екенін дәлелдеу үшін ол жарықты қолымен көлгейлей қойғанда бейнефильмнің тоқтайтынын көрсетті. Ал енді гүлдің ашылуы экранда қайталанып бейнелене бастағанда ол енді лампаны қабылдағыштан басқа бағытқа бұра қойып еді экрандағы бейнефильм қайтадан тоқтады. Мұндай әдіспен мәлімет алмасу жылдамдығы 10 Мбит/с екен, ал Хаас болса ол жылдамдықты 100 Мбит/с ке жеткізуге болатынын айтады…
Түпнұсқасы
2 пікір