Бәрі де өткінші

Нан-шайына ақшаны әрең айыратындай кедейленіп те өмір сүрдік. Азын_аулақ ақшамыз болғанымен нан алу үшін талон керек болатын. Таңертең тұрған ұзын да сонар кезекте кезегіміз келіп, нан алып үйге келгенде түскі ас уақыты болып қалатын. Бүкіл ауыл тұрғындарының таңғы астары осылай өтетін. Ол уақытта өтті. Құдайға шүкір, қазір елімізде астығымыз бар, нан дайындайтын зауыттар мен кішігірім наубайханалар бар. Бұрынғыдай жаппай қысылтаяң кез жоқ.

Ақшадан қысылдық. киім, аяқкиім алатын ақша болмады. Жұмыссыздық жайлады. Әкеміздің жалақысының орнына жүздеген дана пышақ берді. Сол пышақтардың сатылғанына қарай тамақ алдық. Пышақтан басқа кәсіп ретінде түсті темір-терсек жинап, соны өткізіп ақша қылдық. Табысы бірде бар, бірде жоқ. Болса да бірнеше жүз теңгені құрайтын.
Ақша болмағандықтан үйде аяғымызға киетін, мектепке киіп баратын аяқкиімдеріміз болмады. Жыртық аяқкиімге бола мектепке бармай қалатынбыз. Бар аяқкиімді ініміз екеуіміз ауыстырып кидік. Мен таңертең, ол түсқайта мектепке баратын. Аяқкиімді мектептің артында ауыстыратынбыз.
Қыстың суық күндерінде мектепке киетін аяқкиімім болмағанда әкемнің қарындасының етігін де киген кезім болған. Ол үшін сыныптастарымнан қатты ұялатынмын. Сабақ аяқтала салысымен үйге қарай зулайтын едім. Ондай қиын кездер де өтті.

Қаладан 60-70 км қашықтықтағы бөлемнің ауылынан қымыз тасып, қаланың маңындағы ауылымызда сататынбыз. Сондағысы бірге-бір пайда болды. Қанша пайда түссе де теңгемен есептегенде мың теңгеге де жетпейтін еді. Аз да болса кіріс болсын деп таңғы алтыда оянып, қымыз құйылған месті ұстап, Рафикке (бұрынғының Газелі) мініп қалаға әкелетінбіз. Ол кез де өтті. Есейдік.

«Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді» деген сөз бар. Сол кездері біз тек картопты суға қайнатып, піскенде қабығын ашып, помидордан жасалған консервілермен қосып жейтінбіз.

Осынау материалдық жағынан аздап қиындық тудырған күндер біздің басымыздан өтіп кеткеніміз, қазір басқа біреулердің басында бар. Дүние кезегімен. Қиын күндерден жарқын күндерге өткенде өткен қиын күндерімізді ұмытып, айналамыздағы қиналғандарға қол ұшын созуды ұмытпайық. Өйткені бүгін болмаса ертең сіздің ұл қыздарыңыздың басында сондай қиын жағдайдың болуы мүмкін.

Қазір бай емесіпіз, бірақ, қанағатшылмыз. Қанағат — қарын тойғызады. Құдайға шүкір, қарнымыз тоқ, армандарымыздың біразы орындалды. Көппен бірге өмір сүрудеміз.

суреттің алынған жері: mojojho.blogspot.com
Бөлісу:

75 пікір

izbasar
Қанағат қарын тойғызады. Ал, қанағатсыз байлар не істейді.
KILYZAMAN
Қанағатысыз байлардың — қарынның құлы болып кеткені байқалмайма?..
satibaldi
Лібә, қиындықты бүкіл дүние жүзі халықтарының барлығы көрватыр.
«Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді» деген сөз бар. Сол кездері біз тек картопты суға қайнатып, піскенде қабығын ашып, помидордан жасалған консервілермен қосып жейтінбіз.
Епті, сен 32-нің аштығын тіпті елестете алмайсың. Ал соғыс кезінде сиырдың терісін қазанға қайрақпен қырып, сорпа асып жегендерді білесің бе сен? Құр картоп жедік дейді ғой!
Aldarkose
Сенің сол сөздің мағынасын осылай түсінгенің қызық екен.
Лібә, қиындықты бүкіл дүние жүзі халықтарының барлығы көрватыр.
Көріп жатса көмектес. Аздап жерге түсіп ойлансаңшы.
satibaldi
Жәй, "құр картоп жедік" дегеніңе құсқым келіп тұр нақ. Картоп та арман болған ауылда тұрғанбыз нақ. Ал аяқ киім. Осы жердегілердің 90 пайызы со жылдарда жоқшылықты көрді (әрине, @KILYZAMAN-нан басқасы: ол 1992 жылы Иранға жалданып тыңшы болған еді). Түк трагедия көріп тұрған жоқпын.
Onlasyn
Барлық нәрсе салыстырмалы түрде
Sashok
Пахан айтып ед: «Шалдар айтатын, „Ана пәленше, түгеншелер ашаршылық кезінде даладан тышқан ұстап, асып жеген. Әрқайсысы өз тышқанына жіп байлап ұстап, қарап отырады екен, семіздеуі басқаға кетіп қалмасын деп,“-деп.
edige
Қызылордалық емессіз ба?
KILYZAMAN
Алма кезек нәрсе бәрі. «Бір аштықтың, бір тоқтығы...» — дегендей.
AKY
Есімде жоқ. Құр картоп жемедім, әпкемнің аяқ киімін кимедім. Қазір де қанағат әрине, біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, бірақ ол кезде, керісінше, көбісінен (құр картоп жеушілерден) ілгері едік
AKY
Әлгі Бердібек Соқпақбаевтың повесіндегідей «соғыс біреуге соғыс, ал біреуге — ырыс» деген пыразасындай, ол кезең бізге ырыс болды десем, артық айтпаспын.
satibaldi
Иә, шешемебельді "Қаралтын" ресторанынан алты мыңа әбед ішіп кететінсіз. Есімде, есімде, ох, қаным қайнаушы еді…
AKY
"Қара алтын" ол кезде расымен шешемебельді ед
AKY
Бірақ защем 4-5 класстың оқушысына ол жерден әбед ішуге?
satibaldi
Понт деген кесел жайлап еді Қурайлы кентін…
izbasar
Сонда қалай қарның ашпағандардың қатарында болдың? Қызық болып тұр. Әкең көке болдыма?
AKY
Әкем — әке болды. Қолынан келгенін жасады.
sammita
неге күлдің АКУ қыз?
Болды ондай кездер, 1 қап ұнды 1 қойға сататын ауылда саудагерлер.
AKY
Сенбеймін деп жатқан жоқпын, өзім ондайды көргем жоқ деймін. Не қылған адамсыңдар ей.
sammita
мен де ондай қиындық көргем жоқ, әке-шешем жұмыс істеді. Бірақ көзбен көрген соң күле алмаймын Осындай адамдармыз)
Aizhantabyn
көрмесең кінәлі емессің ғой)
serjan
Қиындық көрмегендігің қазіргі мінезің нен адамдық мәдениетіңе әсерін көп тигізген сияқты.
AKY
ліба, жаман айттың ғо.
Qojeke
«Жаман айтпай, жақсы жоқ»
AKY
жақсы сөз — жарым ырыс.
Qojeke
«Бетің қисық болса, айнаға көпеле»
AKY
«сын түзелмей, мін түзелмес»
serjan
лібә деген сөзді қолданбай-ақ қойшы.
AKY
сен маған қарап сөйлемей-ақ қойшы.
serjan
Шынымен лібә деген сөзді сенен басқа қай қыз қолданады? мүлдем ерсі көрінеді.
AKY
тағы мораль оқыш
serjan
Айтпақша ҰСТАЗ болыпсың, «Лібә!!! сабақты неге оқып келмейсіңдер нақ» демейтін шығарсың.
AKY
Ооо, күшті кетватыр  Тағы.
Abilakim
Қайсың-ей, солярка, бензинге кеткен, мынналар дауласып отырғанда шашып-шашып жіберейік…
AKY
Мен дауласып отырған жоқпын, ұлы ұстаздың айтқанын тыңдап қана отырм.
Abilakim
Мейілінше, дауласпауға тырыс ол кісімен
Qojeke
Ол да бір қыстырма сөз.
Nur
Ауылға камазбен келген коммерсатқа бір тоқтымды апарып, алты сыпырғышқа айырбастап қайтқанмын. Арық тоқты апарғандар төрт сыпырғыш алып қайтып жатты. Жаз бойы баққан малымның қызығын көріп, үйге сыпырғыш әкелгеніме мамам қуанып еді. Қазір ойласам, күлкім келеді)))). Бір жағынан жылайтын жағдай. Ауылдың әкімінің баласы сөйтіп жүргенде басқаларының жағдайын ойлай беріңдер
Aizhantabyn
Аштық дегенде кезінде тарихтан беретін апаймыз айтқан әңгіме мен блокадада қалған Ленинград туралы кітап есіме түседі.
20 ғ. басындағы аштық кезінде бір әйел кішкене қызы мен баласымен қашып келе жатады екен, содан ізінен аш қасыр еріп келеді, әйел қолындағы кішкенен қызын тастап, ұлын ала қашқан дегенде қыздар боп жылағанымыз есімде…
Ал Ленинградта адамдар пәтердегі обойды да жеген, мысық пен тыщқан қалмаған екен қалада. Бәрін жеп болған екен…

Бізде де болды аштық. Қалада тұрған түсінеді.Өйткені ауылда жер бар, сол картоптың өзін егіп, анау мынау өсіріп, қымыз ішіп күн көруге болатын еді… туу, қайдағыны еске салдыңыз!!!
satibaldi
Вы тоже тогда заработали язву души?
Aizhantabyn
айтпаңыз((( есіме түссе, көзіме жас келеді…
satibaldi
Сенің көзіңе жас әкелмейтін уақиға қалды ма өзі? Меніңше, Сіздің көз бездеріңіздің орналасуында бір аномалия бар.
Aizhantabyn
әрине қалды) мен негізі кекшілмін қатты. Мені ренжітсе біреу, кегімді алмай қалмаймын. Ал оның қиналғанын көрсем мәәәәәз болам)) Вот осы аномалия точно)))
satibaldi
Дабай, приколға екеуміз жауласайық? Қиналғанымды көре алмай, құсалықтан ертерек кетіп қалуыңыз мүмкін.
adilet88
90 жылдары да қиын заман болды гой. Дүкендерде дым жоқ. Нан алу үшін өшіредке тұрасын. Бір адамға 1 бөлке нан беріледі. Дәу орыс әйелдер бөкселерімен қысып тастайтыны әлі есімнен кетпейді
Onlasyn
2 жаста болатынмын деп қосып қойсай ))
Onlasyn
2 жаста болатынмын деп қосып қойсай ))
Abilakim
Осы тектес жазбаны мына жерден оқуларыңызға болады www.kerekinfo.kz/blog/Abilakim/810.html
Aldeken
Себепсіз ештеңе болмайды.
Анамның айтатыны бар-тын.
Кеңес Одағының дәуірлеп тұрған тұсында атам анда-санда дүкенге барғанда алған заттарына қоса, міндетті түрде балта алып келетін көрінеді. «Ата, сонша балтаны не істейсіз?» десе, «Шырағым-ай, бұл үкімет мен білсем, оңбайды, мына балтаны жасау үшін қанша адам тер төгіп, еңбек етті, ал оның құнын бар болғаны 2 тиын қылып қойыпты. Бұл адамның еңбегін бағаламау ғой, сосын жұрт зат алғанда қалдығына шырпы (сіріңке, шақпақ) алса, мен балта аламын» дейді екен. Сонымен қатар, сол кездің бір қызығы, үйде ұн толып тұрса да, нанды ешкім қолдан пісірмейтін. Дүкенде нан болмаса, «нан жоқ» деп, тамақтарын нансыз ішіп отыра беретін. Соған қарағанда, адамдардың сол бір еріншектігі мен жалқаулығына орай туған болар деп ойлаймын, осы заман дегені бар еді.
Сол да дұрыс-ау деймін.
Abilakim
Бала кезімізде бізде анда-саңда дүкеннің нанын жедік. Бірақ ауылда тұрып нан пісіріп жемеу дегенді бірінші рет естіп тұрмын. Сол кезде сендер жақта ұн тапшы болған болар бәлкім…
Aldeken
мәселе ұнның жеткілікті болуында болып тұр ғой… Білмеймін, сондай бір үрдіс қалыптасты, үйде нан пісірмейтін. Кейін, қысылғанда нанды өзіне пісіру былай тұрсын, нанды пісіріп сатуды кәсіп көзіне айналдырғандар болды.
Abilakim
Әлде тезек, қи теріп келуге еріндіңдер ме? мен қаппен тезек теріп өсіп ем. Кепкен тезектерден жинайсың ғой енді. Әрбір жерден терген соң қабың да тез тола қоймайды. Содан кейін бір қулық ойлап таптым. Боса да болмаса да жайлауда малды мен бағамын. Малды жайып әкеліп түске қарай өзеннің жиегіне жусатамын. Ол жерде тойып келген малдар су ішіп, жусап, күйсеп екі сағаттай дамылдап алады. Бір екі күннен кейін барып тезектерін теріп аласың. Кеппеген тезектерді айырмен кері аударып кетуші едім, келесі келгенде кеуіп тұру үшін.
Aldeken
Біздер жақта тезекті тергеннен көрі басып (тауықтың жұмыртқа басқанымен шатастырмаңдар-ей), ал, қиды оюға көп көңіл бөлетін, Қи оятын жасқа жете бергенде Алматыға кетіп қалып, онша тәжірибе жинай алмағаным болмаса, тезек басудан біршама тәжірибем бар.
Сіздер жақта мал жыл бойы тебіндеп жайылатын болар, сол себептен терімшілік әдісі көп тараған деп түсіндім. Ал, біздерде қыста мал қорада қамаулы тұрады, сосын оның қыс бойғы органикалық қалдықтарынан жазда тезек басылады, Қойдың қиы да солай…
Abilakim
Бізде қыста малды қораға қамаймыз Қарағандының суығында, Сарыарқаның сарышұнақ аязында еңбекпен жиған малды аязда қырып алғымыз келмейді. Қиды да ойдық. Мен жаздың күні тезек теруді айттым. Қыстай жиған қиыңды жазда жағып алсаң, келер қыста сирағыңды жағасың ба?
sammita
көмір-отын бар ғой.
Қиды көбіне ағашы жоқ не аз ауылдар жинайды.
Aldeken
не ғо, қыста тезек теру түгілі, темекі тұтату да қиын екенін білем ғо.
просто, біздер жаздың күні де тезек термейтінімізді айтқанмын.
Қыстай жиған қиыңды жазда жағып алсаң, келер қыста сирағыңды жағасың ба?
біздің қыс бойғы жиған қиды көктемде ойып, кептіріп алғанда, ол келесі көктемге дейін қиналмай жететін-ді… Енді ойлап отырмын, әлде біздің жақ от жаққанда үнемшіл ме екен, әлде біздің жақтың малдары басқа жаққа қарағанда тышқақтау келді ме екен деп… тікішектерінссс…
Altygradus
Алдекендердегі жағдай біздің жақта та болған, қырылып кезекке тұрып нан алады, үлгермесе бос нан жоқ болады
Үйде ұн болатын, кейін ғой жасай бастағандары үйде, пыросто ондай нан пысыру үрдісу болмаған ғой.
Мамам нан пысырған емес өмірі, сосын ошақ қолданған кісі де емес, қысы жазы газ қолданатынбыз. (Қыста үйде от пещ жағылса да)
Кейін уже елдер үйден жасайтын болды. Сондай адамдардан ала салатынбыз
Altygradus
біздің қыс бойғы жиған қиды көктемде ойып, кептіріп алғанда, ол келесі көктемге дейін қиналмай жететін-ді… Енді ойлап отырмын, әлде біздің жақ от жаққанда үнемшіл ме екен, әлде біздің жақтың малдары басқа жаққа қарағанда тышқақтау келді ме екен деп… тікішектерінссс…

жазда ошақ қолданбаған шығарсыңдар.
Мым біздің мал үйде тұрмайтын, далада болатын, үйде сол сиырлар мен он шақты ғой ғана болды, ондайдан қи қайдан босын. Қосымша қиды сатып алатын, далада мал ұстайтын адамдардан.
satibaldi
Ресейдің ауылдарына барып, спиртке үйрек, қаз айырбастап алып қайтып жүрдік. Әттең, бейбіт уақытта қайдағы құстың етіне спиртімді берген болар ма едім, бірақ амал қанша? Бір литр спиртке төрт-ақ үйрек пен бір қаз беретін. Жеп отырып, қайран да болған көк бөтелкенің қолдан кеткені еске түсіп, жасымыз парлап отыратын.
satibaldi
Бірде отын тапшылығы әбден меңдеді, ақыры сарайлардағы самогон құйылған флягалар қатуға көшті. Сонда бір атыңнан айналайын Байғаниндік өнертапқшытың құтқарғаны бар еді, жарқамысстың. Очм, кәдімгі ракуший блок кірпішті керосинге шылап алып, пеке салып қоясың. Маздаааап жанып тұрады кешке дейін. Үй қайнап кетпесе де, дамбалыңды киюге қолыңның икемі келетіндей жылушы еді.
asaubota
Әкеміздің жалақысының орнына жүздеген дана пышақ берді.

әкеміз бір күні толтырып өтек (утюг) алып келді. теміржол мен өтекті еш байланыстыра алмадым сол кезде, бірақ солай болды енді
Zilola
сол кезде недокүлкі болса да, қазір прикольно болып отыр
omarbirat
Бәрі айналып келіп 90-жылдарға тіреле береді. 2007-2008 жылғы кризис кезінде ешкім қиналмаған сияқты ғой
asaubota
білмеймін, мен қиналған жоқпын. үлкен ақшам, бизнесім жоқ. сол баяғы темекімді тартып, пибімді ішіп жүре бердім.
satibaldi
Бірде бір пяншік шетелдіктер тастап кеткен алаңнан сыртында шошқаның суреті мен қытайша жазуы бар 200 литрлік бөшке тауып алып келді. Ішінде қызық май бар екен. Дәмін татып көрді де, «лібә, шошқаның майы!» деді де, дереу базарға шығарып, орыс қақолдарға киләсін 140 теңгеден сата бастады. Бір күнде сатып бітірді, орыстар тағы бар ма деп, сұрастырып келіп жүрді үйіне. Аштық кезде жақсы екен дә.
Со жігіт біравздан соң вахтаға жұмысқа тұрды. Алғашқы жұмыс күні-ақ таныс бөшкенің алдына 4-еуін домалатып әкеліп тастапты. Мұны не істейм десе, біргәдір: — лібәд, кинематикасы мен полшипнигі бар бүкіл узелдерге жағып шық! — депт. Сүйтсе, шошқа майынан жасалатын солидол екен, хайнаньаралынсстың.
Qojeke
Лібә, біздер есектің артын жуып тиын тапқан едік.
satibaldi
Абай атаң қабірінде тройной тулуп жасап, па билеп тастаған шығар, жарықтық амиго-ай!
AL-ASTER
Қазіргі қаланың аласапыран иттірлігінен қажыған әкем, сол кездер жақсы еді, бір күндік тамағыңды ғана ойлап қана жүретін кез еді дейтін.
a63a1
 тауып айтқан екен