Елім-айлап өткен 10 жыл....

Посттың тақырыбы шындыққа жанаспайды, жәй жарнама ғой, Хасан Оралтайдың «Елім-айлап өткен өмір» атты кітабінің аты есіме түскені.
Айтайын дегенім бүгін менің Қазақ топырағына аяқ басқаныма тура 10 жыл толыпты. Әлі есімде сол бір кез… қорғас шегарасының іркілдеген семіз қызметкері бізді өткізбей ақша сұрағаны, одан әупірімдеп өткен соң енді кедергі жоқ шығар деп жүре бергенімізде, алдымызды солдаттар кесті. Беті күнге күйіп мейлінше қарайған екі солдат автобусқа кіріп келіп 500 ден жинағаны бар еді. Атамекенге деген алып ұшқан сезім су сепкендей басылып, көңіліміз түсіп-ақ кеткен еді сонда. Е содан бері жақсылығында көрдік қиындығын да бастан кештік.
Біз алғаш келгенде қандай еді Алматы.
1. үйдің бағасы арзан. 3000-10000 аралығында пәтерлер.
2. Қала тым жұтаң еді.
3. Ақша құнды еді.
4. Оралмандар аз, қадыры бар еді.
Есіме түскендері осы қазірше, Тәуелсіз қазақ мемлекетінің барына мыңда бір шүкір!!!
Бөлісу:

9 пікір

19852407
Алматыдағы студенттік кезімнің алғашқы жылдарын есіме түсірдіңіз, 25 теңгеге нан алып жейтін кездер-ай!
1-ші курсқа қабылданған жылы біздің «папамыз» (кураторымыз) 7 мың долларға хан сарайындай 3 бөлмелі пәтер алып, №5-ші жатақтан көшіп кеткен. Еһһ, қазір алып көр осы сомаға :-(
KILYZAMAN
Оралмандар аз, қадыры бар еді.
— көбейе бастағанына қамығып отрымаған шығарсың?
serjan
Көбейе бастағанына емес қадырының кеткеніне қамығасың.
KILYZAMAN
Өй енді, айтысыңа қарағанда көштің басы жақсы болыпты(кейбір нәрселерді ескермегенде,) кейінгісі үйреншікті болмайма ;-)
serjan
Жоқ мен ондай «маған неге бермейді»- деп қақсайтын оралмандардан емеспін, еліңе келдің бе, сенде ел қатарлы тіршілігіңді көруің керек.
meirzhan
Туысқандарыңыз қайда?
serjan
Екі жақта да бар.
Aramza
Атамекенге деген алып ұшқан сезім су сепкендей басылып, көңіліміз түсіп-ақ кеткен еді сонда.
ҚР-ға осыларды көре тұрып келуге не себепкер болды?
izbasar
Педагог дос! Қаймықпа алға ұмтыл. Негізі мықты халық.