Қаламақы төлесең де...

Биыл 19-20 наурызда Алматы қаласында өткен қазақ блогшыларының алғашқы құрылтайында «Ана мен бала» сайты Kcell-дің 100 000 теңгелік грантын ұтып алған болатын. ҚР заңдарына сәйкес, сыйақының 10 пайызы мемлекетке салық ретінде төленеді екен. Онысын төлегенде, біздің қолымызға 90 мың теңге тиді.

Грантқа ие болған сәтте ол ақшаның аталған сайтқа мақала жазатын авторларға (сайт әкімшілігіндегілерге ақы төленбейді) қаламақы рет берілетіндігін де айтқан болатынмын. Сол айтылғандай, қазірге дейін (алты айда) 90 мың теңгенің 50 мың теңгесі жұмсалды. Жарты жыл үшін бұл соммадағы ақша өте аз. Оның нәтижесін сайтымыздағы мақалалардың жаңару жиігінен көруге болады.

Бізге айтылатын сын сайтымыздың келбетіне байланысты болуда. Сайтты үлкен портал ретінде жасауға мүмкіндік жоқ. Себебі, тұрақты редакциямыз жоқ. Редакция жасақтаудың өзі қыруар қаржыны қажет етеді. Бұл жағынан да біздің мүмкіндік жоқ. Керемет қылып жасау үшін сайттың іші контентке толы болмаса, дизайн, техникалық мүмкіндікт, т.б. «тфәй күйсін» болады.
Біз «Ана мен бала» сайты үшін 90 мың теңгелік гранттан басқа ешқандай қаржылай қолдау алмадық. "Қолдау болмады" деп айта алмаймын, өйткені бұл сайтқа қолдау іздегенім жоқ. Ізденуге, жүгіруге қазірше мүмкіндік болмай тұр. Ал сенімді әріптестер мен бірге істеуге дайын адамдар табылмады.
Барымен базар деп, берілетін қаламақының мөлшерін өзімше белгілеп, авторлардың еңбегін бағалап жатқан жайымыз бар. Мақаланың көлеміне қарай қаламақы да әр түрлі: 500-1200 теңге аралығында. Біреуге көп, біреуге аз болатыны түсінікті ғой. Осы орайда мұндай қаламақыны менсінбейтіндердің бар екендігін, қаламақыны жоғары мөлшерде төлемесек, жазбайтындығын айтатындар да бар. Ондай журиктер «Егемен Қазақстан», «Алаш айнасы», «Айқын» және тағы да басқа республикалық газеттерге мақалалары жариянғандығын айтып, еңбектерінің ақысын жоғарлатуды көздей ме? Маған десе, мақаласы неге ағылшыншаға аударылып миллиондаған данамен тарайтын «New York Times» газетіне шықпайды?! Мені авторлардың мамандығы, жасы, жынысы, қызметі қызықтырмайды. Журналистсымақ оншашақты адамның біздің сайттан бірнеше рет мақала ұрлап газет-журналдарында басқандарын көрдіңіздер.

Солай. Kcell-дің грантын алғандығымыздан хабардар көпшілік «Ақшаны алып, қайда, қалай жұмсағанын айтпай кетті» демес үшін аздап есеп беріп қойғаным жөн болар деп ойладым.
Бөлісу:

20 пікір

meirzhan
Сайт жұмысына сәттілік тілеймін!
satibaldi
Меніңше 1500-2000 теңге фрилансер журиктерге тәцір ақы сияқты бір муахахала үшін. Бұ жерде мәселе жәй біреу: қаззақтар тоқтықтан құтырған.
Qojeke
Дипломы барлар ма? Өзіне сенім болмағасоң дипломға сенеді
muza
Koldan algansha joldan al degenge uirengengoi bizidin kazak. Kazak desen ozine tiedi degende osi bolar. Kaitkenmende esep beru pikirin jaksi eken. Endi Arshattan bir jildik esep surasak kalai boladi eken @Asaubota
asaubota
кімге, неге есеп беремін және ненің?  тек хостингке көмек сұрадым, 20 шақты қолданушы көмектесті мүмкіндіктерінше.
Qojeke
Қодаушылар беті келіп қапты
muza
menin aitain degenim jai gana ne istedin,nendei jagdailardan rahat aldin osi sait arkili degendi aitkan edim. Finans otchet demegen siyakti edimgoi :-)
Janasil
Біріншіден қит етсе Қазақты кінәлап шыға келетіндеріңді түсінбей ақ қойдым. Екіншіден Аршан шынында не үшін есеп беруі керек?
Qojeke
ДоС, мына сайтқа қалтасы көтерегендер мен фанаттар аздап тиын лақтырған. Лимондап беретін шірік бай жоқ.
Aikona
Массаған сен Сағынсың ба не?
sammita
Туған күніңе осы сюрпризді қабыл ал
Aikona
 хи*хи рахмет ))
Qojeke
Боқтасам, боқтады дейсіңдер на. Арамтамақ журиктерді қалай боқтамауға болады? Боқтамасақ, клавиатура не не үшін тұр монитордың алдында?

1000-1500 теңгені көттеріне де қыстырмайтын журиктер анау жазған мемлекеттік газеттер мен ради, телевидинеде істейтін болу керек. Олар істесе де істемесе де мемлекеттің ақшасын мамасының емшегін емгендей «сорып» жатады. Сенің берген гонарарың оларға бір күнде таксиге беретін жолақысы бола ма. Қазақтың журиктерінің 98%-ы жолдарынан адасқандар. Ақша үшін деп жүргенде шығармашылық пен қоғамдық игілік атаулыны жинап, портфеліне тығып жібереді. Нахтар, қазақ журналистикасы мал болмаса өзінің бір әлеуметтік желісі, сайты болмай ма? Журналистиканы күнкөріс амалына айналдырғандар көөөөөөөөөөөөөп. Ештең бермеу керек көкірек, тойымыз журналистерге.
Zako
Назарларыңызға ризамын. Қарап отырсақ, қаламақының мөлшеріне қарай жұмыс істейтін адамдар (жирналист па, механик пе, еден жуушы ма, қызықтырмайды) ол сайттың қалай ашылғандығына, қаржылай мүмкіндігіне қарамайды. Оны қоя беріңдерші. Ақшаны ойласа, ойласын. Бірақ ол сайттың кімдерге керек екендігін, сол тақырыпта мақала іздегендер үшін қандай маңызға ие екендігін аңғаруына болады ғой.
«Ана мен бала» сайты қазақтілді ресурс болып табылады. Оның иесі бір адам болғанымен, оқырманы халық. Егер мен де "Маған не керегі бар? Уақытымды алады, зиянткерлік мүмкіншілігімді жұмсаймын, бірақ материалдық пайдасы жоқ" десем, біреу келіп Интернетімды ағытып кетпес. Өйткені, ол жағы менің жеке шаруам дер едім. Бірақ, бірақ қашанғы олай өзімшіл болуға болады? Маған бүгін керек болмаса, ертең менің әйеліме, қарындастарыма керек. Түптің түбінде, қазақтың басқа тілдерді білмейтін қаракөздеріне керек, студент жастарға керек. Әй, әйтеуір біреуге керек қой.
Иә, басқалардың қажет ететіндіктерін пайдалана отырып, мүмкін, жекелеген адамдардан пайда табуға болатын шығар. Бірақ сайт негізінен жас аналарға арналғандықтан, оларға мақаланы ақылы түрде оқытуды (сатуды) құп көрмедім. Неге? Өйткені, мен ондай ақпараттың менің анам үшін де тегін әрі қолжетімді болғанын қалар едім. Олай болса, өзімнің анама қалаған игі істі неге басқа да аналар үшін де қаламасқа?! Бар болғаны осы ғана. Одан асқан әзірше философия жоқ. Ақша, сайт арқылы келетін атақ-шатақтар кейінгі орындардағы дүниелер.
Janasil
ӘКЕҢНІҢ БАЛАСЫ БОЛМА АДАМНЫҢ БАЛАСЫ БАЛ! Еңбегің жансын!!!
Zako
1200 теңгені місе тұтпағанымен қоймай, маған әңшіме айтып жіберген Айнұр ТӨЛЕУ (Мой мир) есімді журик бүйдейді: "… ой енбегінін кандай киын екенін жазып жазып журген адам ретінде тусінерсіз. Біз калам устагандар өзімізді багалатканымыз абзал. Шаштараз шаш кескені үшін 1500 тенге, тырнақшы бояганы ушін 3000 тенге алады. Біздін жазганымыз неге кунсыз болуга тиіс?"

Бәлеге қалғанда осы қалам ұстанағдардан қалдық қой. Клавиатура ұстағандардың нанын тартып жеген ұры журиктер аз емес еді, енді келіп жоғары дәрежелі асыл тұқымды журиктердің әңгімесін еститін болдық.