Жүйкең сыр бермей ме?

Бүгін бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні (Всемирный день психического здоровья (World Mental Health Day)).

Осыған орай, бүгін мынандай мақалаға кезігіп қалдым. (шама-шарқымша аударғаным)

Бүкіләлемдік психикалық денсаулық федерациясының бастамасымен бұл күн 1992 жылдан бастап аталып келе жатқанға ұқсайды.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда планетамызда психикалық ауруға шалдыққан 450 миллионнан астам адам бар екен-мыс. Ал, ең сорақысы, батыс елдерінде (батысқа еліктеуші космополиттердің құлағына алтын сырға) әрбір 7 адамның біреуі немесе параноик/шизофреник болып табылады, немесе депрессия мен алқаштыққа бейім болады екен (пяншіктер опшым).
Осыған орай, Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күнінің басты мақсаты депрессиялық ауытқуларды, шизофренияны, Альцгеймер ауруын, нашақорлық тәуелділік, эпилепсия, ақыл-ой кемістігін азайту болып табылады екен-мыс.
Бұл аурулардың көбеюіне шамадан тыс ақпараттану, мемлекеттегі саяси және экономикалық катаклизмдер (сонда Ливия мен Египеттің халқы наркоман, пяншік, шизик, параноик боп кеткен шығар) әсер етіп, аурудың туындауының алғышарттары стресстер болып табылады-мыс.
Қазіргі өміріміз стресстерге толы болып саналады: саяси, экономикалық өмірдегі өзгерістер, жұмыстағы келеңсіздіктер, қарапайым қоғамдық көлікте жол жүрудің барлығы адамның өз стресстеріне мойынсұнуына, одан әрі депрессияға душар болуына әкеп соқпақ.
Қазіргі таңда стресс адам өмірінің құрамдас бөлігіне айналды. Адамдар оларды болдырмаудың орнына олармен күресіп әлек деген тұжырымға келіпті.

Түйгенім, Сатыбалдының тілімен айтқанда жоғарыда аталған ұйым мен күн қарапайым тиын сындыру үшін ойлап табылған секілді. Сендер не ойлайсыңдар?

Пы.Сы. Жүйке талщықтарың талықсымай, асылмай, үзілмей, жұқармай, ашуларыңды сабырға жеңдіріп, сыйластықпен ғұмыр кешулеріңе тілектеспін!
Бөлісу:

32 пікір

e_zhalgas
батысқа еліктеуші космополиттердің

;*) оларда, тіпті болмағанда, сәл нақтылау статистика бар
asaubota
бұрын өте қатты ашушаң едім. темекіні де қазіргіден 2 есе көп тартатын және стабильно ішіп тұратын едім. соңғы жылдары ашуымды жеңдім. бір күні интернетте әйел мен еркек айырмашылықтары туралы әдеттегідей приколдар оқып отырғам. сонда бір сөз қатты әсер етті:

«біз кез келген нәрсеге қолды бір сілтеп, нуинахуй деп кете бере аламыз» деген.

сол сөз әсер етті кәдімгідей, неге мен кез келген нәрсеге жүйке құрта беру керекпін деп ойладым және біреуге жүйке құрту арқылы оған өзіммен тең дәреже, маңыз беріп тұрғанымды түсіндім. сосын ойландым кім ол нах соншама мен оған нервы құртатындай деп.

қазір көп нәрсеге жүйке құртпаймын, абсолютті похуизммен өмір сүремін. бақыттымын.
Aldeken
«Здравствуйте, меня зовут Асаубота и я похуист» деген секілді әсер қалдырды.
Тек қол шапалақтаудан басқа амалым қалмады десем, ия?
))))))))))))))))))

Шынына келсек, дұрыс позиция, қолдаймын, бырат.
Zhan
«Здравствуйте, меня зовут Асаубота и я похуист» — қаттым.
e_zhalgas
пофигизм, белгілі бір деңгейде, адамды көп стресстен құтқарады! бірақ, оның шектен шыққан формасы көпірдің астындағы қорапқа алып барады ғой деймін
Aldeken
деңгейлер туралы нақты мағлұмат бере кетсең…
мүмкін болса, өз тәжірибеңнен…
e_zhalgas
тәжірибелі пофигистпін десем, артық емес! әр майда нәрсеге өз жүйкеңді мазалай беру — ақымақтық! Пофигизмнен мануал ретінде «Доктор Хаус» сериалын көр дегеннен басқа ештеңе айта алмаймын. Әркімнің ішкі қабылдауы болады ғо
Beytanis
Жалғастыкіндей «пайдалы пофигизммен» улануларыңа тілектеспін!!! уәқәқәқәқәқә
e_zhalgas
пофигизм пайдалы болса, тек қана адамның өзіне пайдалы, ол альтруистік бастаудан кішкене аулағырақ жатыр.
Beytanis
Тоталды пофигизмнің қажеті жоқ, майда-шүйде ерегіс, біреудің сөзі-боқтауы, ұрсуы, арандатуына пофигизммен (игнормен)қарамағанда немен қараймыз?! Альтруистік таным бөлек, ол қайта жүйкеге белгілі бір жеңілдік әкеледі, меніңше.
asaubota
міне осы ғой, менің айтқым келгенді сен жақсы жеткіздің. мендегі игнор ғо, иә игнор көп нәрсеге.
asaubota
жоқ, сен ойлап тұрған беспределный похуизм туралы емес еді айтқаным. менің похуситігім оқиғаларға, пікірлерге, адамдарға қарсы еді
Aldeken
бәсе, әйтпесе, «Поқинақ рулит!» деген қауымдастықтың ұрығы шашылып кетуге шақ қалып еді… ))))))))))
a63a1
мен туғаннан пофигизммен шұғылданам
Beytanis
Тақырыпты басқаша атау керек пе еді, қалай… Ал, мұндай атаулы күннің барын осы постан біліп отырмын.

Түйгенім, Сатыбалдының тілімен айтқанда жоғарыда аталған ұйым мен күн қарапайым тиын сындыру үшін ойлап табылған секілді. Сендер не ойлайсыңдар?

дегенге, қазақ атамыз баяғыда «ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос» деп айтқан ғой. Еуроцентристер білгішсімесінші әрмен десем уәқәқәқәқәққәқәқә
Aldeken
Бұл күннің барын мен де осы постты жазарда ғана білгенмін десем, таң қалмассыз…

Ал, тақырыпқа келсек, бүгінгі атаулы күнді осы жерде атаусыз қалдырмайын деп, жүйкем, оның талшықтары, ішкі ойым, сыртқы пікірім, барлығымыз ойлана келіп, басты кейәпкер жүйке болғасын соның атауымен шығаруды жөн көрдік… )))))))))))))))
Beytanis
Бұл пост қажет пост, әңгіме жоқ. Рақмет, саусақтарың ешқашан ойылмасын, компың сынса да өзің сынба!
Bekjan
Алдекең шо та белсенді болып баратын барған сайын… Бұл керекинфо негізі бір індет… Баяғыда қойған едік оның диагнозын, «керекомания» деген..)))

Қош келдің бро… Барлық елдердің керекомандарының атынан жалынды сәлем..))
Aldeken
Қалайсың, Бекес, сенің аулыңа да соғып тұрам ғо… ))))))))))))))
Бұрын бір нағашы апамыз жалғыз баласы далада жүріп, құлап, одан жылап, үйіне келсе, «жалғызым-ай, қалай ауырды екен денесі?» деп баласының құлаған жеріне барып құлап көреді екен.
Уоот, біз де сол сендер өткен жағдайдан өтіп көрейік деген ой ғой, әйтпесе, сендердей жазу қайдааааа? деп мақтап қояйын.
Пы.сы. Айтпақшы, Бекес, біз өткен белестен (үйлену) саған да өтуге рекомендеймін. жақсы негізі…
Bekjan
Осыны қыстырмасаңдар тілдерің қышып тұрад ғой деймін..))))
asaubota
сен алдымен үйленіп көр, сосын жүресің өйстіп бойдақтардың миымен жыныстық қатынас істеп
Bekjan
Үйленуді бір үлкен өнер сияқты көретіндерін ай осы сендердін..) Кешке кинога барайык..)
Aldeken
е-мое, кішкентай өнер деп менсінбей жүрсің бе, не? Сен әуелі соны игер, қалғанын сосын айтамыз деп интрига жасап отырайын…
Bekjan
Өнер емес еді дегім келгені, жетістік сияқты көресіңдер ме, сондай бірдеме… Ол жай әншейін өмірдің бір сәтті сәті ғой, бір біріне сай екі адам жолығады, сосын арадағы қарым қатынастың логикалық өрбуінің нәтижесінде қолға сақина тағып тынасың болды… Соны сонша, бір Майкрософтты басқарып отырған Гейтстің жетістіктері сияқты жеткізесіңдер,..:))))
meirzhan
Ал, ең сорақысы, батыс елдерінде (батысқа еліктеуші космополиттердің құлағына алтын сырға) әрбір 7 адамның біреуі немесе параноик/шизофреник болып табылады, немесе депрессия мен алқаштыққа бейім болады екен (пяншіктер опшым).
Меніңше оларда паталогия, ауытқу, ауруларды анықтау дұрыс жолға қойылған да просто.
meirzhan
Және де олардың адамдары тым нәзік.
Aldeken
Біздің тәуіп, бақсы, балгер, әулие, емшілерге жету қайдаааа, оларға…
Aizhantabyn
от жиру бесятся! Өмір почти кайф, аштан өліп жатқан жоқ, малейшие проблемы — психологқа кетеді!
balzaminka
Сол стресті өзіміз қолдан жасап аламыз қарап отырсаңыздар

Бір ережелерді құрып аламыз, сол ережеден шығып кетсе бітті жын ойнап шыға келеді. Басқа кісіні өзіміздей қабылдай алмаймыз, әркімнің өз дұрысы болады, соны қабылдамай, өзіміздікін істеткіміз келеді. Ол жүзеге аспай жатса тағы жын ойнайды. Одан жөні бар, жөні жоқ банктен несие алып тағы повод тауып аламыз. Қарап отырсақ бәрі қолдан жасалған

Қазіргі ортамда күйіп-пісіп жүрген адам көрмедім. Олар бастарын қатырмайды, мынауым бұрыс болды-ау, қате айттым-ау, ренжіттім-ау тағысын тағы… Немқұрайлы өзге жандарға, өздерін жақсы көреді, құдайларын әспеттейді
araika
Қазіргі таңда стресс адам өмірінің құрамдас бөлігіне айналды. Адамдар оларды болдырмаудың орнына олармен күресіп әлек 
расыменде, солай боп кетті