Айжан Табын туған күніңмен!!!!!
10-қазан Айжан Табынның туған күні! Өмірің мәнді, сәнді болсын! Әр күнің тек жақсылықтарға толы болсын! Ата-анаңның көз қуанышы болып жүре бер! Мына гүлді қабыл ал!!!
Арманың алдамасын,
Өмірің өкіндірмесін.
Махаббатың мұңайтпасын.
Тілек еттім алғы күннің ажарын,
Сарқылмасын өмір-өзен, базарың.
Абыройың арта түсіп үнемі,
Хақ-тәңірі көрсетпесін азабын.
Қызық-шаттық жақсылықты көре бер,
Жұртшылықтың алғысын тек тере бер.
Беделің де артсын ылғи ортада,
Еңбегіңмен алда өсіп-өне бер.
Құтты болсын мерейтойың, белесің,
Барлық жаннан мақтау алып келесің.
Аман болып, жасыңа жас қосылсын,
Аллаһ жазса, талай тойды көресің! (а)
Аямай арзан gif-тен төгерсің…
Туған күнің құтты болсын, пенденің басына берілетін барлық ауыртпалық сенен аулақ болсын және барлық жақсылық саған жұғысты болсын!
Бүгін туылғандар көп сияқты.
Туған күніңмен! Өзіңнен артық өзіңе жақсы тілекті кім айтқан, мен тек сол тілектеріңнің жүзеге асуына тілектеспін!!!
мына өлең жолдарын бір жерден ұрлап алдым
Туған күнді шығармаңдар есіңнен,
Бір Алладан жарық көр деп шешілген.
Анаң сені әкелем деп өмірге,
Қиналып еді кете жаздап есінен.
Туған күнің жарық көрген шуағың,
Іңгәлаған естілді алғаш жыр әнің.
Өміріңнің ұзақтығын тілеймін.
Аспаныңның шуақтығын тілеймін,
Қуанышыңның тұрақтылығын тілеймін.
Дендеріңнің қуаттылығын тілеймін,
Өміріңнің сәнділігін тілеймін.
Ата-анаңның, туыстарыңның, амандығын тілеймін,
Өміріңнің ұзақтығын тілеймін.