ҒАШЫҚТЫҢ ТІЛІ / ЯЗЫК ЛЮБВИ - 2011 (Тизер) [HD]



ГАШЫКТЫН ТІЛІ

Гонконгта тұратын бай қазақ отбасының мұрагері әкесінің өлер алдындағы тапсырмасын орындау үшін атажұртқа оралады. «Қазақ қызына үйлен» деген әке аманатын арқалаған жігіт ана тілін білмейтін бойжеткенмен танысады. Қала қызының құрбысы да ол жігітті ұнатып қалады. Жігіттің өте бай екенін байқаған қала қызы оған тұрмысқа шығу үшін қазақ тілін үйрене бастайды. Мақсатына тезірек жетуді көздеген қала қызы құрбысымен бірге ауылға барып, тіл үйренбекші болады. Бірақ тағдыр оған ауылдың тамылжыған табиғаты мен ақжарқын адамдарынан басқа өзге тосын кездесу сыйлайтынын ол білмейтін еді.


Фильмде қала мен дала тіршілігі, шетелдегі оралман отбасының өмірі бір оқиға аясында өрбіп, көрініс тапқан.
bk
Бөлісу:

11 пікір

Qojeke
Тегтеріңдіссс, тегін жарнама жасайтын жер тауыпсың.
Qojeke
Фильмнің қандай екенін көрмей айта алмаймын. Ал мына тизер деген мизерің жарамады. Тизер дегеніміз белгілі бір өнімнің жарнамалық құралы болу керек. Негізі ше, фильмдердің тизерін қараған адам кейіпкерлердің не айтқандарын естіп, олай болмаса, сыртынан бастырылған дыбысқа құлақ түріп, фильмнің не жайлы екенін біле алады. Түсініктемесін оқып жүрмейтіндер де болады. Сол үшін жарнама тек бір типтегі туынды: не мәтін, не видео болу керек.
satibaldi
Жігіттің өте бай екенін байқаған қала қызы оған тұрмысқа шығу үшін қазақ тілін үйрене бастайды.
Әйтпесе шықпайды екен, а? Сорлы, кезекті тиын істеген кино десейш нақ!!!
Qojeke
Орысы мен қазағы аралас қазақ.ру сайтында жазған тегтерге ұқсатып жазыпты  
HD дегеніне сөз бар ма, жамағат?  Көздерің HD-ны ажырата ала ма? Ажырата алмасаңдар тиын шығарып алданып қалмаңдар на.
Aizhantabyn
))) постердегі қыз қандай әдемі!!!

Қала қызы деген анау сары шаштысы ғой дим, да?))) Негізі, кезекті ужастик сияқты.

З.Ы. Соңында келе жатқанда 3 қыздың артындағы «голубое в оборочках» көйлегі сондай ((( метрі 2 мың теңге соның ((((
araika
кинохикая дегені қызық екен, бірінші рет естіп тұрмын. Былай жақсы сияқты, көру керек екен
satvaldo
телехикаяға құлағымыз әбден үйренісіп келе жатыр еді…
meirzhan
Видео сапасы ұнады. Гонконг дегеннен бірден батыс фильмдерінің сценарийлері еске түсті. Бірақ оқиғалар өзіміз Қазақстанға ойысыпты. Көрейік, қандай фильм екенін.
know_how88
Мұндай фильмдерді көруге жұмсалған уақыт — қор болып жылап кеткен уақыт…
Xansha
Әртістер емес сияқты ғой… Жасанды ойнайды, меніңше. + анандай шляпкаларды кім киед қазір?
know_how88
Прюнет қазақ қызы менің мектебімде менен 1 сынып төмен оқыған қызға ұқсайды екен…
Пы Сы: Енді менің қандай екенімді елестете беріңдер… Мұқақақа  десем