Супер-микро-"транзистор" туралы ертегі немесе мыңдаған жылдардан кейін



Бүгін түскі үзілісте асқа тойып ап, будильникті 12-30 ға қойып, әрнәрсені ойлап жатып, көзім ілініп кетті.

15-ақ минут ұйқтаппын. Түсімдегі қиялымда адамдар жаңа сигналдар жүйесін ойлап тауыпты. Сандық технологиялар, компьютер, ұялы байланыс, интернет, 3-4-5D, нанотехнология деген ұғымдарың боқ сасып қапты оның қасында. Дөңгелек ойлап табу мен алғашқы жазудың пайда болғанына парабар бірнеше жаңалықтардан аттап, мыңдаған жылға алға секіріп кетіппін.

Бұл сигналдар жүйесі адамның барлық мүшесімен қабылдай алатын ақпаратын жарық жылдамдығын жақын лездікпен шифрлеп, келесі адамға түпнұсқа күйінде қайта декодтап ешқандай өзгеріссіз жеткізетін жүйе екен. Әңгіме адамның қолданатыны әріптер мен тілдер, сурет пен видеомәтін туралы емес. Әңгіме адамның жеке басынан өткен шын оқиғаны басқаның басына тасымалдау туралы.

Яғни агентпен түнімен сөйлескеніңді бес минут ауызша әңгімеде айтып бере алатын болсаң, бұл сигналдар жүйесінің жүйріктігі адамның ойының жүйректігімен бірдей болады екен. Яғни шаршап отырсаң баяу, ал ұйқың қанып, сергек болып тез ойлансаң, тез жүретін көрінеді.

Бұл сигналдық жүйе, кинодағыдай желкеден шошайған ебедейсіз сымдар, немесе конструкциялар арқылы емес, адамның миындағы импулсьтар жиілігіне бапталған транзистор арқылы қабылдап, оны келесі адамның қабылдағышына тасымалдайды екен.
Тасымалдағыш кішкентай ғана микротранзистор кез-келген жерге жапсыра салуға болады.
Бірақ қажет дағдылар мен ақпаратты кинодағыдай басыңа жүктеп әуре болмайсың.

Тек адамдардың дағдыларының ортақ базасына тікелей қосылсаң бітті, сен самолетті де, сүңгуір қайықты да айдай алатын боп шығасың. Пайдаланып болған соң, байланысты үзе саласың. Ол дағды жайлы ақпарат миыңда сақтау, сақтамау өз еркіңе байланысты. Егер бір ғана операцияға керек болса, қажет емес.

Адамдар сөйлеспейді, тек бір доля секундта келісімге келеді. Немесе келісімге келмейтінін түсініп тарқайды.
Адамдардың өмір сүру жылдамдығы өте жылдам. Өте. Ақылға сыймайтын дәрежеде өндіріс жылдамданған. Космостың адам бара алмайтын жерлеріне, кішкентай бір бөлшекті космосқа жіберіп, соны ойша басқару арқылы, басқа әлемдерге жетуге болады.
Адамдар роботтарға жасанды интеллект берудің дамығанымен, оларды енді арнайы ауызша, не терілген командалармен емес, адамдардың ойын тасымалдайтын супертранзисторға жүгінеді.

21-ші ғасырда жүйке импульстарына бағынатын протез қол, аяқтардан бастау алған технология шарықтау шегіне жеткен. Енді адам міндетті түрде тек қол мен аяқ емес, жүз аяқты, жүз қолды немесе шексіз қол-аяқты механизмдерді миындағы импульстармен басқара алады, сурогатынс. Және суррогаттағыдай, адамдар адам кейіпінде ғана емес, түрлі жануар, тіпті бірнеше адам кейіпінде де бола алады. Мен тіпті транзистордың үкіметке тиесілі таудай алып конструкцияларды басқаруына куә болдым. Бірақ үлкен конструкциялар өткен дәуірдің еншісінде қалған. Микророботтар миллиондап, миллардтап шығарылатын болған. ОЛар арқыл медицинада пышаққа жүгінбей операция жасауға болады. Тек миының әлгілерді басқаруға күші келсе болды. Күші келмесе, бірнеше адам миының ресурстарын біріктіреді.

Әлгі көзге көрінбейтін микро-роботтар қарапайым топырақ пен лайдан, мүсіншінің ойша жетегімен әпсәтте сұлу мүсіндерді жасап шығарғанын көрдім. Сырттан қарағанда қиял-ғажайып, ғайыптан пайда болған мүсіндерге ұқсайды.
Өз миының уникалды толқындарына келтірілген кішкентай ғана аппарат бұны мүмкін етеді, Дискавери сайенсынссс.

Адамның ойлау мәнері де өзгерген. Олар өте жылдам ойлайды. Әдетте абстрактылы ұғымдарды ойлау үшін сөздермен ойлайтын адамға енді, енді ол қажет емес. Олар тек нақты образдармен, сезімдерді жарық жылдамдығының оннан бір бөлігіндей лездікпен алмасады екен. Дені сау миы аман адамдар мен адамдар арасында түсінбеушілік деген жоқ, өйткені абстрактілі ұғымдар атымен құрыған. Жануарлар тіпті бактериялардың өзіне транзистор арқылы кішігірім және жәндіктің өз мүмкіндігінің шеңберінде қабылдай алатын командалар беруге болады. Өйткені КҮрделі бұйрықтар мен операцияларды олар қорыта алмайды.

Ал адамдар мәселеге бір-бірінің көзімен қарай алады. Жолдасының қандай көңіл күйде, қандай ақпаратты қабылдап, қалай оны сезгенін, сол күйінде кодтап, жолдасына сол күйінде жібереді екен. Оның миы оны декодтағанда, кәдімгідей әлгінің орында басынан кешкендей болады екен. Және оның барлығы бірер милисекундта. Психологтар 21-ші ғасырдағы алхимиктердің күлкілі күйін кешіп жүр. Жалпы көптеген ғылымдар тек микроботтарға ғана үйретілетін болған.

Ақын, жазушылар, кинематограф қызметкерлері биологиялық түр ретінде құрып бітіп, тек Орталық Африка елдерінде ғана қалған. Сосын, әлгі кішігірім транзистор арқылы жүз аяқты, жүз қолды роботтарға, дегустаторлардан, т.б. лардан ақпаратты миға алып, оны қорытып, қажетті дағдыларды үйреніп алып, өз командаңды беру арқылы бір-ақ адам зәулім үйді, бір зауытты өте жылдам мерзімде, мысалы 1 күн ішінде соғып бітіре алады.

Бірнеше адам брейнсторм жасап, әртүрлі бұрыштан, қашықтықтан көрген естігендерімен супертранзистор арқылы алмасқанда ақиқатты танудың бұған дейінгі болмаған деңгейіне жетеді. Білім беру жүйесі түбегейлі өзгерген.

Адамның ақпарат алмасуы мен ойша байланысу жылдамдығының өсуінің нәтижесінде, 21-ші ғасырдың орташа адамының он жылда басынан кешкендерін, бір минутта кеше алады. Соның нәтижесінде, адамдардың өмір ұзақтығы субективті түрде мыңдаған жылдар сияқты қабылданады. Объективті түрде адамның орта жасы да қатты ұзарған. Әлдебір күштер (үкімет, Әлем қауіпсіздігі ұйымы) әрбір адамның ойларына барлық кедергілерден өтіп, өз рұқсатынсыз, тікелей қосылуға құзырлы.

Оның үстіне эксперимент жүзінде, жаңа туған нәрестенің миын жуырда қайтыс болған адамның бүкіл өмір тәжірибесі мен сезімдерін құйып, оның реинкорнациясын жасауға болады.
Жерді бір айналып өтіп, әлгі супертранзистордің күшін өз басыммен сынап көріп, неше түрлі қияли дүниелерді әлгі шексіз қол-аяқты роботтарға милисекунд ішінде жасатып, миының кей бөліктеріне пароль қоймаған мыңдаған адамдардың ойларын оқып, қызық көріп болып жатқанымда супертранзисторім істен шығып, жағымсыз дыбыстар шығара бастады.

Оянып кетсем, телефоным шырылдап, обед уақыты бітті дейд. Білә, мына дүниеге бірнеше жыл болашақта өмір сүріп қайта оралғандай болдым, 20-шы ғасырдағы примитивті өнертапқыштардың сорлаған сормаңдай туындысы теледидардың динамигіне де дамыл жоқ. Қайдағы бір «голографиялық пернетақтаны» жаңалық көріп, дабырлап тұр. Терезеден қарасам, көне дәуірдің қалдығы сияқты Тойота Хайлюкс бибілдеп тұр, ол арбаны айдау үшін де бір адам керек екенін ұмытыппын нақ, шопыр темекісін бұрқыратып, күтіп тұр. – Автоматты түрде үстіме күртемді жамылып, сыртқа шықтым да-аң таң болдым. Шопыр, темекісінің тұқылына түкіріп, жерге тастады да «Ежелгі полимерлер дәуіріне оралуыңмен!» -дегендей жымия қарады. Машинаның ішінде отырып, түсімді қисынға келтіруге тырыстым. Ештеңе шеккен жоқ сияқты едім.
Бөлісу:

18 пікір

ken
Дискавериді шамалы азырақ қарау керек.
Gastarbaiter
zhalpy teliktin betine ote sirek karaimyn. Atten mikrotranzistoryn bolganda kop aripsiz bir satte menin sezgenime ortak eter edim. Sormandai zaman arip koldanuga mazhburlep otyr.
VKM
Асқарға ақылды түстер кіреді екен))
Karakyz
Фантастика жанрындағы фильмге дайын арқау болардай түс екен
bake
Психологтар 21-ші ғасырдағы алхимиктердің күлкілі күйін кешіп жүр. Жалпы көптеген ғылымдар тек микроботтарға ғана үйретілетін болған.
Көз алдыма жаман елестеп кетті
satibaldi
Жануарлар тіпті бактериялардың өзіне транзистор арқылы кішігірім және жәндіктің өз мүмкіндігінің шеңберінде қабылдай алатын командалар беруге болады.
Фантастика — қиялың жеткенше өтірікті соғу емес, ең алдымен — жаратылыстану заңдарының қисынына бағынатын футуристік әңгіме айту. Транзистор деген сіңлім-ау, 1970 жылдары-ақ тұрпайы боп есептелген жабдық қой, жалпы — команда беру үшін дәл осы транзисторға бекініп қалғаның — фантастика жазуға әлі дайын емес екеніңді көрсетеді. Өсімдікке әмір беру үшін сигналдың күшейтілуінің қажеттілігін ойлағаның — сенің санаң әлі де сандық форматқа бойламағанын, аналогтық электроника* категориясымен ойлайтыныңды көрсетіп тұр.



аналогтық электроника* — жалпы, осы терминге де келіспеймін, аналогтық принциппен жұмысты электромеханика деп айтқан дұрыс сияқты.
satibaldi
21-ші ғасырда жүйке импульстарына бағынатын протез қол, аяқтардан бастау алған технология шарықтау шегіне жеткен.
Өтірік.
Gastarbaiter
Бұл жерде менің дұрыс түсінбегенсің, 21 ғасырда бастау алған технология, әлгі заманда тіпті шарықтау шегіне жетті деген мағынада. Қайта оқып, әзер түсіндім не меңзегеніңді.
satibaldi
Ақын, жазушылар, кинематограф қызметкерлері биологиялық түр ретінде
Өте-мөте сауатсыз құрылым. Адамның кәсібін биологиялық түрге жатқызуға тіпті менің досым Галиктің арақтан шайқалған миы жетпес еді. Семіз екі, сіңлім.
Gastarbaiter
Бұл енді публицистикалық стиль Қайыршыларды биологиялық түр ретінде жек көремін деген сияқты.
Жалпы экспромтпен ұйқыдан тұра салып сартылдатып тастаған нәрсені, лупамен ғылыми қате іздеп қарағаның қызық. Тап солай Жюль Верннің Зеңбіректіңң оғына мініп айға ұшу туралы, Жердің «Жүрегіне» саяхат әңгімесін біреулер күл талқан қылуға тырыспақ еді.
Футуристтік деп көтіңді қинап терминдетіп қайтесің, болашақ дегенді білдіреді футура деген. Келешектік дей берсейш, хаямның басын жей бермей)))
Бірақ маған бәрібір
Gastarbaiter
Адамның түсі логикаға бағынбайды. Мен көргенімді тек сол өз өреме сай түсіндіруге тырыстым. Дегенмен, «транзистор» деп әдейісол радиотранзистордың аналогиясымен айтқанмын. Негізі оның аты не екенін түсімде көрмедім. Бұрын соңды болмаған жиілікте және сапада ақпарат тарататын бұйым. Оны микротранслятор, инфодиспенсер дейсің бе басқа дейсің бе әрине қалай тәржімалайтыныңды өзің білесің.
Адамның санасы, эмоциялары белгілі бір толқындар тудыратыны ескі жаңалық. Ал соны зерттеудің жемісті нәтижелерінің арқасында ол толқындарды басқа тіршілік иелеріне тасымалдауды бақылау мен оны саналы түрде меңгерудің болашақта орын алуы қисынды.
satibaldi
ЖльамащЪ нақ, просто сені «Адамның түсі логикаға бағынбайды» деп айтады деп, өзіммен өзім бәстесіп едім, лібә, тіпті алғашқы сөйлем қылып жаздың, ризамын
Gastarbaiter
Лібә, ерігесің нақ. Сонша дем тауысып сол үшін
pessemist
епт, мынадай еңбекті минустау қандай қатыгез, тасжүрек болу керек