Лондон қайдасың деп
"Қысқы сессияны өте жақсы аяқтап, Гүлеке, мұндай ауыр кезеңнен кейін міндетті түрде демалып қайт деп сыйға алған билетпен Лондонға саяхатқа кетіп барам, кетіп.
Ұшақтан түсе бергенім сол еді, жан-жақтан құшақ-құшақ гүлдерімен өзіме қарай ағылған халықты көрдім, көрдім де абдырап қалдым. Трап алдындағы ақшыл жасыл ролс-ройсты көргенде, бойды тез ғана жиып алып, қазақ қызы қандай да қошаметке лайық, оны қабылдай да алады деп еңсемді көтеріп алып ешнәрсе көрмеген жабайы қазақ демесін деп, құрмет көрсеткен халыққа разылығымды білдіре көлікке отырып алдым.
Өзім жақсы көретін апельсин шырынын дайындап қойған кісілерге іштей рахметімді айта отырып, Лондон көшелерінен көз алмаймын. Мейлі, жабайы деп ойласа ойлай берсін, Ченнайдан кейін кең де таза, ескі ғимараттардан көз ала алмай отырмын. Қайда бара жатырмын деп ойламаймын да. Ойлаған күнде кімнен сұрар едім, жүргізуші де мен ғана. Жаман ойға берілгім жоқ, жо-жоқ, негатив ойларға бұл өмірде еш жол жоқ.
Позитив ойла деп айтып болмадым, жүргізуші машинаны қақпаға қарай бұра бастағаны. Таныдым. Танығанда қандай, Букингем сарайы! Есікті ашқан мажордомға алғысымды білдіріп, құрметпен күтіп алған Камилла ханшаның соңынан ілесе отырып, сөзбен айтып жеткізуі мүмкін емес бөлмеге өттік. Бұл менің бөлмем екен, алыс жолдан тынығып алғаннан кейін Елизавета Екінші Ханшайыммен кездесу болатынын айтқан Камилла ханша кешірек қайта оралатынын айтып, жұмыстарымен кете барды.
Сарай этикетін тез ғана еске түсіру керек, мүмкін кітаптар бар шығар деп іздеу жұмыстары басталды. Әлемдегі өте ықпалды кісінің алдында қазақ деген атыма кір келтірмеу керек! Осы уақытта есік қағылып, асқа әзірленуге көмектесу үшін қызметкерлер кіре бастады бөлмеме. Кетті бәрі, кетті айналып. Бір уақытта байқасам Ханшайым отбасымен дастархан басындамын. Ханшайымның ілтипатпен әңгіме айтып отырғанына қарап, емтиханнан сүрінбей өткенімді түсініп шаттана түстім.
Бәрі де керемет болған бұл саяхатымды өмірімде еш ұмытпаспын. Ұлы Британияның астанасы деген арманым ойы мен қырын көрсетеді деп ойлаппын ба?!"
деп өздеріңізбен арманымның бірімен таныстырып отырмын . Не ойласаңыз да өз еркіңіз, бұл менің арманым, арманымда қиялды еркімен жібергенмін. Қиялда шекара жоқ, жоқ «болмайды, мүмкін емес» деген сөздер. Арман алға жетелейді, армандаудан, мейлі тіпті қияли болсын менікі секілді, қашпау керек деп ойлаймын. Мектепте жүргенде сымсыз телефон деп қиялдағанға қияли де күлер едік, ол қиял неге әкелгенін көріп жүрміз. Мысал көп тере берсем, ең бастысы қиялымыз позитивке толы болса екен. Әйтпесе, соңғы уақыттағы творчество адамдарының қиялынан қорқа бастадым Жақсы ойлар әрқашан жақсы істерге әкелетінін ұмытпайықшы
Сіздің арманыңыз қандай?

Енді Ұлыбритания экономикасы әлсіреп, Букингем туризм орталығы, ал ұлы ханша Камилла гид болуға мәжбүр болып жүрмесін. Армандайық, тек байқап
Армандарың орындала берсін!
Букингем туристтерге ашық қой барлық жері болмаса да. Сол туристтерден түскен қаржымен экономикалық жағдайын біраз жөндеп алғанын ескерсек, әлі де ашық болады деп ойлаймын
Алла жазса көресің деп үміттенемін
— Сатыбалды сөйтіп президент болыпты дейді
— Қасқа, сенерімді-сенбесімді білмей отырғаным, бетім-ай, о заманда, бұ заман Дәруішөлгеннің азаматы Аццстонаға келеді дегенге кім сенген
— Ер бармаймын дегеніне үш барады дейді деген осы, Қатипаш-ау
Пыс: Лондонды қайдам, бірақ Кембридж өте таза дейді, прям айына бір-ақ рет шаң сүртеді-мыс. Вот сол жақта тұрса болад.
Ал арманыңа келсек, мен де студент кезімде Австралияға кетуді армандағам, әрине оқу мақсатымен, сол жақтың ТОП-10 ЖОО тізімін жасап, қиялдап кететінмін. Кейін анау-мынаумен ұмытылып қалды, бірақ өзің айтқандай армандар жүзеге асады, тек жақсылап армандау керек:)
Ал, айтқың келген тілегіңе рахмет ;)
Macchu Pikchu — ote kauipti jer… ol jerge tourism ote kimbat turatinin bilem… kezinde bir Peru azamatimen soylesken edim… solay aytkan edi… ozderi de barmaitin jer eken…
Ispaniya, Italiya, Franziya, Germaniyanin derevnyalarin aralap ,,, karapaim halikpen aralasip… hand-made zattarin satip alip,,,, naturalni tamaktarin jep korgim keledi…