Әскери оқу-жаттығу жиыны 2011
Ассалаумағалейкүм керекші достар! Міне бір айлық әскери оқу жаттығу жиынын бітіріп орталарыңа оралған жай.
Қызықтың шыжықтың бәрі артта қалды . Отыздан асып әскери өмірмен азда болса танысып келдік. Ақтөбедегі 30238 артиллериялық әскери бөлімінің плацын 22-ден 35 жас аралығындағы 300 ден астам жігіт бір ай тападық. Қалалық военкоматтан 90-ға жуық, қалғаны аудандардан жиналды. Заңгер де, прокурор, банкте істейтін, тіпті нұротаннан да болды жігіттер. Не бір қызықтар өтті. 1 сентябрь күні таңертең облыстық военкоматтың ауласына жиналдық.
Мынау бізді военкоматтан алып кеткен әскери бөлімнің тәрбие жөніндегі орынбасары майор Бозжігітов asaubotaға ұқсастығы бар сияқты көрінді.
Сол жерден бастап әскерилердің бұйрығы басталды. Ресми шығарып салды бөлімге концертімен. Жай тек әншейін атағы өтемізде шығамыз деп ойлағанмын. Қателесіппін
опшым солдат қылып жіберді ғо.
Мен солдатпын
Әр салаға мамандыққа бөлді. Мен есептегіштер бөлімі командирі болдым. Мамандық бойынша сабақ кезі
Ештеңе көрмеген осы жасқа келгенше, әскердің иісінде сезбеген басымыз епібайымайд не болып кетті деп қалдық. Частыға келдік ырбаң ырбаң. Содан сол жерден 3 батарея, 2 взводқа бөлді. Мен 2-ші батареяға тап келдім.батареяға взводқа бөліп болғанша түсте болды. Асханаға түскі асқа бардық бөлінген тобымызбен.
Астан шыққасын әскери киімдерді киіп складтан, атып шықтық солдат болып. Қызық екен ешкімді танымай қаласын. Кластасымда болған киініп шаққаннан кейін соны танымай қалдым .
Алғашқы апта қатты ыстық болды. Төрт-бес күн саппен жүріп таңертеңнен кешке дейін присягаға дайындалдық. Киміңді шешіп тастағын келеді екен аяқ енді тіптен қиын зілдей ауа бармайды. Қайта ауылда өстік шылғау орауды ұмытпаған екенмін. Кейбір жігіттер аяқтарын жеп қойып ақсақ-тоқсақтар көбейіп шыға келді. . Алғалшқы апталары аптап ыстық, одан жаңбыр, суық күндерді өткіздік бір ай ішінде. бәрі режиммен таңертең 6-ға 10 минут қалғанда дивизион поодьееем! дегененнен кешке отбооой дегенше жазылған кестемен өткіздік уақытты. Алғашқы күндері отбой дегенде одеялына сүңгіп кетіп қор ете қаласын тіл тартпай. Дыбыс шықпай қалады . Артынан ұйқыға да үйренеді екенсің, 12-1 де жатып таңертең 6-да қақшаңдап атып тұра бересің. Ұйқыдан тұра сала 40 минут жүгіру, жаттығу, турник. Үйде төсек жинап көрмеген, төсек жинаудын өзі тәрттіппен, әп әдемі қылып қақшитатын болдық. Палаткада жаттық. Екі күн далалықта полигонда болып автомат аттық. Опщым енді суреттер сөйлесінші айтып жеткізе алмаспын.
Присяга:
Әскери оқу-жаттығулар:
Демалыс күндері:
Сонымен көрген түстей әскерлік өмірімізде бітті. Жақсы доста табылды. Қимастықпен қош айтысып тарадық. Жалқаулықтан айырылып азда болса, шыдамдылық сергектікке үйрендім… қайдан білейін қанша уақытқа созыларын . Өкінішке орай әскери тәртіпке шыдай алмай оқу-жаттығудан бас тартқан, сынған шыдамсыз жігіттер де табылды. Ал жігіттер шақырса қалмаңдар, көріңдер, сынаңдар өздеріңді.
кәдімгі шын автоматпен атывацыңдар ғо күшті!
Спасскке келуің керек еді
Шашты тықыр етіп алып тастаса күшті болар еді. Тамақтарың жақсы екен былай.