Лирикалық шегініс :)

Ешқандай шекараны мойындамайтын интернет жүйесінде бір ғана егемендікке мүмкіндік бар, ол – тілдік егемендік. Әлемдік жүйеде қазақ тілінің ауқымды орын иеленуі – тілді дамыту мен сақтаудың маңызды факторы болып табылады. Біз қазақша Википедия қазақ тілі мен мәдениетін қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын толықтырады деп санаймыз. Сөз жоқ, ол халықтың білім қорынт олықтыруға қомақты үлес қосады, қоғамды ақпараттандырудың тиімді құралына айналады. Сондықтан ұлт тағдырына бей-жай қарамайтын барша азаматтарды, әсіресе, білімді жас қауымды қазақ Википедиясының жанашыры болуға шақырамыз.

Тимур Құлыбаев,
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы
Бөлісу:

3 пікір

Onlasyn
Әуелі өзі бастасын ))
Qojeke
Пиарить етіп жатқан адамың қазақша сөйлей ме? Ваще ол сөйлей ала ма? БАҚтан көрмейсің сөйлегенін.
a63a1
әсіресе, білімді жас қауымды қазақ
көжесін ішіп бос тәрелкені итере салдығой итиямайыт