Миссис Қазақстан - 2011

14 қыркүйек күні Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында «Қазақстан ханымы — 2011» байқауы өткен болатын. Сол байқауға әскери келіншектердің атынан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі мен фольклорлық ансамблінің әншісі әрі домбырашысы Ольга Сағындықова қатысады деген соң, біз де барғанбыз. Енді, әскери газет болған соң армияда жүрген ханымға қолдау көрсетейік деген тілек қой біздікі. Ол алдында Семейде өткен байқаудан суырылып шығып, Астанаға жолдама алған екен.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп қазір түрлі-түрлі шаралар өтіп жатыр. Бұл байқау да сол 20 жылдықтың құрметіне орай 20 келіншекті қатыстырыпты. Қатысқандардың жас аралығы 25 пен 50 жас. Байқауда әскерилердің атынан қатысқан Ольга екінші вице-миссис атанды. Бірінші вице-миссис болып алматылық Ақнұр Жұмабаева танылды. Ал "Қазақстан ханымы-2011" тәжін алматылық Виктория Момынбаева жеңіп алды.
Жалпы, байқауға келіншектер жақсы дайындалған. Бәрі үлгілі отбасының тұтқасы, кем дегенде 5-6 шағасы бар келіншектер. Бірінші орын алған Ақнұрдың 6 баласы бар дегенге сенгің келмейді. Ал, ханым атағын жеңіп алған Виктория бес баласымен өте күшті сахналық қойылым көрсетті. Идеясын қайдан алғанын білмеймін, бірақ күшті. Жалпы, қатысқан келіншектердің қай-қайсысы болсын бәрі алғыр, бәрі керемет. Оларға орын беру де әділетті болды деп ойлаймын. Өнер адамдарынан ақтөбелік Светлана Айтбаева деген әнші қатысты. «Бәрін айта та, бірін айт» деген, Ольга қазақшаға судай, әрі домбыраны да керемет тартады. Мен өйтіп тарта алмаймын  



Екеуі де жүлделі боларын білді ме екен?..

Әскери әйелдердің үмітін ақтап, үшінші орынды жеңіп алды.

Осы байқауды жүргізуші Рахман Омардың келіншегі Ақмарал Дайрабаева
Бөлісу:

53 пікір

asaubota
Ақмарал Гүлмира Дайрабаевның сестренкасы ма?
Zhan
Гүлмира Дайрабаева деген кім?
araika
тележүргізуші
asaubota


қазақ телевидениесінің секс-символы деп ойлап жүрсем, оны танымайтындар бар екен ғой…
Zhan
Аршат, мен негізі теледидарды көп қарамайтын едім. Қазір менен пәлен деген тележүргізушіні білесің бе, десең ұялып қаларым анық. Гүлнәз Әлімгерейдің ғана профессионалдығына тәнтімін. Қалғанын танымайтындығым үшін или мен кінәлімін или олар…
Nurgisa
Гүлнәз биыл АҚШта өтетін әлемдік миссистер байқауына барады, қателеспесем. Қазақы колоритіне тәнтіміз.
Zhan
А. иә оны жазуды ұмытып кетіппін ғой. осындағылардың стиліне салып сөйлесек, кечроң
Nurgisa
Еліктегішсің бе? "Өздігіңді" жоғалтпауға тырыс. Әйтпесе бір сыдырғы «материал» боп кету қаупі жейді жегідей.
Zhan
Желтоқсанда барады
sammita
иә ұқсайды, мен де сол деп ойлап ем.
Zilola
маган унайды, катты унайды. Сырга деген багдарламада журетн ед
dark_nazgul
Гүлмира Дайрабаеваны «Сырғадан» басқа хабардан көрген емеспін.
araika
Ақмарал Дайрабаева Гүлмира Дайрабайға ұқсайды екен
satibaldi
Тағы да өткен жылғыдай әбігерге түсіпті. Бірден ипподромның қасында ұйымдастыра берсе қайтеді екен осы?
Nurgisa
Түсінгенім, қыыл түс модада екен.
AKY
Ачө Света Айтбаева дым алмады ма?
Zhan
дым…  бірақ бар ғой, бәрі күшті, орын алса да, алмаса да… Білмеймін маған ұнады. Бәрінің дайындығы жақсы!
satibaldi
Света Айтбаева дым алмады ма?
Постарел Кана, нет былой хватки.
AKY
Әсілі солай-ау…
a63a1
Кемпірлер сайысы дегенге келіңкірейді екен
Janasil
Эх!!! Бәрі орысша өткен секілді.
Nurgisa
Тек Ольга ғана қазақша неткен сияқты.
Zhan
Екі тілде де қатар өтті
AKY
Өңкей орыстарға беріпті ғо.
Nurgisa
Әдетте жөн-жоралғысыз қалдырмаушы еді ғой мұндайда, «Көрермен көзайымы», «Ең әдемі кешкілік көйлек», «Ең секси бикини» боп жалғасып кете беруші еді ынталандырушы «пакеттер». Әрине, оларды жеңіліп қалғандар деп ашық айтпайды, бірақ солайы солай.
Zhan
Астаналық бизнес-леди Ләйлә Троицкаяны «Сезон» журналына шығарамыз деді, ал 10-шы номерлі талдықорғандық Қарлығаш Балапановаға «Мисс Аvon» атағы берілді. Ал қалғандарына «Аvon»-ның косметикалары тарту етілді. Негізі, шыны керек, тек қана Ольга үшін барған едім…
Armanjan
Жүлденің көбін орыстың қатындары алып кеткен ба қалай
satibaldi
Со баяғы жаман борщты қалай пісіретінін әдемілеп айтып ұтып кеткен ғой нақ. Қаззақтар, бәрі істей алатын нәрсені қалай айтам деп ұялып, ұтылып қалған шешесстің.
Zhan
Жоқ, бірінші турда өздерін таныстырды. Сосын сұрақ-жауап сайысы болды. Үшінші, сәнді киімді таңдап киюден жарысты. Одан іріктелгендер төртіншісінде қысылтаяң ситуациядан қалай шығу керек, содан бақ сынады. Әлгі үш жеңімпаз да честно түрде алды.
Janasil
ҚАЗАҚСТАН АРУЫ
деп жаздыруға ақшалары жетпей қалған ба?
Zhan
Байқау аруларға емес, арнайы тұрмыс құрған келіншектерге арналған.
Janasil
Түсіндім,, МИСсисТЫҢ қазақшасын таппаған ғой.Мойындағыларын қазақша жазса нетті хот бы.
Gastarbaiter
Ауылдың Бибібатмасы -деген сайыстар өтеді ауылдарда, немесе Қазақстан бас бәйбішесі десе, ааай бля онша естілмейд
dark_nazgul
Қазақстан бас бәйбішесі деген күшті.
Janasil
Бұл жағдайда Тоқалдарға да тағы бір бәйге өткізуге тура келеді.
dark_nazgul
Тоқал тойғанына мәз болып отырсын, бәйгеге қатысқан не теңі.
nurjanbay
немесе «супер келинчек» деп.
meirzhan
міне, күшті аударма.
Zhan
"Қазақстан ханымы — 2011" деп аударған
meirzhan
мынау да жақсы.
AKY
Сенен сұраватыр ед.
Zilola
сумдык айел деу керек )))
sammita
Өсек айта отырайық)
Виктория Момынбаева туралы небір әңгімелер бар қызықты. Қазіргі күйеуі қазақ, әлгі атақты Момынбаев. Кезінде ОПГ құрамында болған. Ақшалы, мұнай саласында басшылық қызметте.
Ұл-қызы:
Игорь – 16 жас
Амир – 12 жас
Жан-­Марат – 10 жас
Арман – 9 жас
Алем – 7 жас
Марселя – 2 жас
Zhan
Иә, күйеуі қазақ. Әлгі Ольганың да күйеуі қазақ. Викторияны өткенде «Муз.тв»-де светская львица деп көрсетіп жатқанын көзім шалып қалды. Иығына осы байқаудан алған лентасын тағып алыпты.
sammita
ну енД ақшаң көп болса… хммм)
Janasil
Әдеттегі қос мекенділікті дәріптеу.
Aldeken
Қазіргі күйеуі қазақ, әлгі атақты Момынбаев. Кезінде ОПГ құрамында болған. Ақшалы, мұнай саласында басшылық қызметте.

Енді жүрген жерінде "Қазақстан ханымының күйеуімін" деп танысып жүрген шығар байғұс…
Бұрынғы істерін жасыру үшін қатынның артына тығылуға мәжбүр еткен қу тірлік-ай десеңші…
Nurgisa
Таза өз күшімен «алатын» ару, миссис, мисс, т.с.с. қандай болуы керек?
Zhan
Оны байқауды ұйымдастырғандар шешеді.