Өмір. " Болашақ" сериалының саундтрегі (С. Майғазиев, Меломен тобы)


Сол адал шағымның,
Балауса күнін сағындым бәрін.
Сол күндермен мұңсыз,
Қоштасып үнсіз, қолым бұлғадым.
Сол менің мұңлы әнім,
Менің жырларым, менің жылдарым.

Қайырмасы:
Өмір, өмір заңы қатал,
Күнім батып, таңым атар,
Сен біреуді ұнатарсың,
Сені біреу тағы ұнатар.
Өмір, өмір — ақ пен қара,
Өмір, өмір — бақ пен нала.
Өмір деген қуаныш пен
Өкінішті сәттер ғана…

2.Мен ашып құшақты,
Бақытты шақты қарсы алар ма екем?
Сол арманға жетіп,
Таңдарға жетіп тамсанар ма екем?
Сол аңсаған мекен,
Жетуге саған қанша қалды екен?
Бөлісу:

20 пікір

TERISKEY
Sozin jazgan Kalkaman Saryn ekenn bildim, ani kimdiki boldi eken?
TERISKEY
anin jazgan Renat Aubakirov eken, oni da bilip keldim
AKY
Мадисс Інішегім-ау, білсем айтар едім ғой өзім де.
TERISKEY
Аптыр «сол, сол» деген сілтеу есімдігін қайта қайта қолдана беріпті.
Altygradus
кімде бар осы ән, жіберіңдерЧ аа
Dinara
менімен де бөлісіңдерші плз а
AKA
Мына жерден жүктей аласыздар
meirman_g
бүгінгі сериасын онша емес болды
AKY
Плеердің үстінен 2 рет бассаңдар, Кивиден бір-ақ шығасыңдар. Сол жерден жүкті қылып алуға болад.
Dinara
rahmet Aygerim, juktep aldim sol jaktan jaksi boldi
Gulistan
Алтыградус, алдың ба, тыңдадың ба?
Altygradus
иә рахмет бәріне, айфонымда жүр
AKY
жылауық әнді бекер тыңдаған екем деватыр ең ғо
Altygradus
иә сондай хандра әсері бар екен, көңіл күйім жоқ кезде тыңдап одан сайын
AKY
Сен біреуді ұнатарсың,
Неге ана бір жігіт «сен біреуді уунатарсың» деп айтад, а? Жынға тиеді.
meirzhan
Жақсы ән екен. Керекинфоның сыртында жүрген Гуглдан «осы әнді естідің бе» десем, «анау жолы АКУ айтып жүрген» дид.
Болашақ сериалын көрмесем де сандтректі ұнаттым.
BeknurKambarbek
керемет ән
BeknurKambarbek
Бүл Әнді кайдан скачать етеді
qonyrbai
Ақтауда Адайлар Наймандарға тегін таратып жатыр дейд. Албан бе едің?