Тоқтар батырдың ғарышқа ұшудан басқа ерліктері
Тоқтар Әубәкіровты қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер ретінде, Қазақстанның Халық қаһарманы ретін жене оппозиционер ретінде жақсы білеміз. Тоқтар ағаны білетіндердің барлығы бірдей оның Кеңес Одағының батыры екенін біле бермейді. Білгердердің барлығы бірдей не үшін батыр атанғандығын білмейді. Тоқтар батырдың батырлығы мен басқалар қайталай бермейтін ерліктері мен ерен еңбектері туралы біраз деректерді назарларыңызға ұсынамын.
Тоқтар Әубәкіров ғарышкер болуды армандамаған. Бірақ жас кезінде ұшқыш болғысы келген. Ғарышкер атанбай тұрып сынақшы-ұшқыш болды.
1988 жылы Тоқтар Әубәкіров КСРО-да алғаш болып Солтүстік полюс аймағында МиГ-31 истребителімен аспанда қонбай ұшып жүрген. Осы ұшу сапарында ұшағын екі рет әуеде жанармаймен қамтамасыз етті. Ұшудың мұндай түрі сегіз сағатқа созылады. Сынақтың мақсаты: ұшақтың солтүстік ендіктегі магниттік аномалияға реакиясын байқау, т.б.
1988 жылы 31 қазанда авиация саласындағы ерен еңбегі үшін Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. «Тоқтаров КСРО батыры атағын МиГ-29 истребителін „Тбилиси“ крейсері палубасынан алшақ болып ұшырғаны үшін алды» деген әңгіме барып тұрған өтірік. Өйткені бұл ерлікті ол 1989 жылдың соңында жасады.
1.11.1989: Тоқтар Әубәкіров КСРО-да алғаш болып МиГ-29К истребителін «Тбилиси» крейсерінен истребительге арналған трамплиннің көмегімен алғаш болып ұшырды. Қондырған да өзі болатын. Жалпы алғанда, крейсерге қонған екінші сынақшы-ұшқыш болды.
Тоқтар ағамыздың жасаған сынақтарының ішінде өмір мен өлім арасында болған ұшылар да болған. Оны айтпағанның өзінде, сегіз сағат бойына дыбыстан жылдам ұшақтың тізгінін ұстаудың қандай қиын екенін елестіп көріңіздер. Ол сегіз сағат тек ұшу, «заправка жасаудан» емес, ұшақтың ұшу барысындағы техникалық мінездемелерін бақылаудан тұрады.
Әуе мен ғарышта күрделі әрекеттерді жасаған, ерлігін КСРО-ға мойындатқан батыр ағамыздың соңғы жылдары оппозиция қатарына өтуіне байланысты шәңкілдеген шенеуніктер мен айтақтаса шаба жөнелетін шеголдардан теперіш көріп жүргені жанға батады. Қазір көзінің тірісінде қадірлемей жатқан ағамызды ертең о дүниелік болғанында "Ол ондай керемет адам еді, Сондай батыр еді..." деп еске алып отырамыз, "Көшеге Тоқтар батырдың есімін берейік" дейді әлі. Егер қазір өз елінде билік тарапынан лайықты құрметке ие болмаса, өлгеннен кейін ондай еске алу мен құрметтеудің қажеті қанша?!
БАТЫРЫМЫЗДЫ ҚҰРМЕТТЕЙІК, ҚОРҒАЙЫҚ! Ондай адамдар қазақтың маңдайына 100 жыл сайын да жазыла бермес.
фото: Итар-тасс
9 пікір