бұрын сериалдарды кешкі шәй ішіп отырғанда үйдегілер қарайтын болған соң амалсыздан қарайтынмын, мына сериалдың желісі баурап алғаны сонщалықты әрбір сериясын асыға күтіп қарайтын болдым.
бірінші бөлімінде Мұстафа істеген күнәсін мойнымен көтеріп, өзі барып беріледі шығар деп отырсам, Яшарандар өлтірген деп Вуралдың ата-анасының миын қатырып жатыр. өткенде түрмеге келген типа Керимнің жанашыр болып жүрген Яшарандардың кісісі екен ғо, ана кафедегі бала да өз фокустерін көрсетеді шығар енді.
Керимнің шешесі сиуцидінен бұрын жазып кеткен хатты іздеген ғой. Ал ана балаға қатысты өткенде ДНК тестін жасатып еді, Рахмиден деп дәлелдеді. Егер, әрине, ол жерде доқтырға ауызбастырық беріп қойған болмаса…
Асу Мұстафаның Вуралды өлтіргенін білді. Бірақ екеуі үйленеді де, Мұстафа одан ешкімге ештеңені айтпауын өтінеді. Дегенмен, сотта Керимнің ісі қаралып, абақтыдан босатылады. Яшарандар Мелтемнің әкесін әшкерелейтін материалды жарыққа шығарады. Яшарандарға Керимнің әкесі де барады, енді жұмысым сендермен болсын деп. Мукаддес Мериемнің заттарын ақтарып жатып, оқиға орнында қолға түсіп қалады. Сосын бөлмеден асықпай тез-тез шығып бара жатып, текпішектерден артқа қарай құлайды, бірақ ішіндегі баласы аман қалады.
Мерием бір түрлі боп жүр. Негізі, Керимнің әкесінің жазығы жоқ сияқты, Мерием Керимді әдейі солай өсірген, бала күнінен әкесін жамандап, санасына солай сіңдіріп…
Керимнің Яшарандардың кісісіне ермегені қатты қуантты. Бұл сериясындағы ең маңыздысы Керимнің абақтыдан босауы. машинеде келе жатқандағы Керим мен Фатмагүлдің оқиғасы романтикаға толы. бір-біріне үздіге қарайды, бірақ әлі де ортадағы келеңсіздіктің кесірінен бір біріне жақындай алмауы қынжылтады.
Р. Яшаранды кім атқызды екен? варианттар: Туранер мырза, балдызы адвокат Мунир немесе Керимнің әкесі.
Күшті үш нұсқа, Базука! Әзірше үшеуінің де «шансы» 1/3. Ал Керим мен Фатмагүл… Есіңде ме, өткенде ана үйге көшіп жатқанда, Фатмагүл Керимнің заттарын өз бөлмесіне жинастырып жатыр еді. Екеуі той жасап, Мукаддеске қосылып Фатмагүл де жерік болатын күн алыс емес-ау
бұрыңғыға қарағанда аралары жақсарып келе жатыр, 44-ші бөлімінде той бола ма екен?.. толық трейлерін көре алмадым, бірақ ертен кешке шығады шығар 44-ші бөлімде.
сіздің сериалға деген қызығушылығыңыз артып отырған сияқты
Рахмет!
Мерием бір түрлі боп жүр. Негізі, Керимнің әкесінің жазығы жоқ сияқты, Мерием Керимді әдейі солай өсірген, бала күнінен әкесін жамандап, санасына солай сіңдіріп…
Р. Яшаранды кім атқызды екен? варианттар: Туранер мырза, балдызы адвокат Мунир немесе Керимнің әкесі.
44-бөлімге әзірше тек мындай анонс жасапты. бүгін/ертең толық трейлер шығатын шығар.