Есерсоқ пен қарт

Құрылыста істейтін бір жас жігіт күшінің көптігімен және өзінің ақылдылығымен мақтанып, кез келген адамды сайыста басып озатынын, басым түсетінін айтып қоймайды екен. Күнде өзінің осы үстемдіктерін айтып қасындағы әріптестерінің мазасын қашырып жүред. Тағы бірде осылай тәкаппарлығын паш ете бастағанында әріптестерінен бір қарт кісі
шыдай алмай:
— Жарайды, мен сенімен сайысқа түсемін, бірақ жеңілсең бір апталық айлығыңды маған бересің. Мен мына анау тұрған ғимаратқа дейін арбаға салып сондай бір затты апарам, сен оны сол арбаға салып қайтадан осы жерге әкеле алмайсың, келісесің бе?- дейді қария.
-Жарайды ата, келісемін- деп жауаптайды жас жігіт. Қарт кісі арба әкеледі де әлгі жігітке:
— Қане, кел мін арбаға!- деген екен
Бөлісу:

6 пікір

satibaldi
Базынаңыз қарапайым әрі өткірлігімен — Гесиодтың «Бұлбұл мен қаршыға» атты әфсанасын еске түсірді, рақмет.
a63a1
Сіріңке қорабына екі аяғыңмен шығып секір дегендей ғой
Abilakim
Немесе сіріңкенің қорабының мына жағынан кіріп мына жағынан шықшы дегендей