Туылған күніңмен, Google!
Бүгін Google өзінің бірінші мүшел жасын тойлап жатыр! Сүйікті гугылымыз он үшке толды. Алғашында джимейлді таңсық дүние деп қабылдағансып, қазір, міне, тек соны айналсоқтап отырып алдық. Бәрі де 1995 жылы басталған: Ларри Пейдж және Сергей Брин Стэнфордта жолығады. Ол кезде біріншісі 22, екіншісі 21-де. Ең қызығы, алғашқы кездесулерінде олар қандай бір мәселе болмасын, ойлары бір жерден шықпай, қарама-қайшы пікірде болған. 1996 жылы екеуі BackRub атты іздеу моторын жасақтау үшін қоян-қолтықтаса еңбектенеді. 1997 жылы Ларри мен Сергей BackRub іздеу моторына жаңа ат қою керектігіне келіп тоқтайды. Біраз толғаныстан соң Google атауы байлам болады. Асылында, Google «googol» сөзін «төңкеруден» туады: бұл математикалық термин, 1 санынан кейін қаз-қатар тізілген жүз 0 — міне, осы «googol». Бұл терминді кәдеге жарата отырып ойластырушылар интернетте шексіз ақпарат кеңістігін түзуді мақсат тұтқан болса керек.
Google'да «20% ережесі» қағидасы жұмыс істейді: программалаушылар өздерінің жұмыс уақытының 20% тек өздері үшін ғана қызық жобаларға жұмсауға құқылы.