Осы жұрт Абсентті біле ме екен?!

Абсент арқылы қазақтың аты әлемге тарамаса да Қазақстанның жылқы зауытынан шыққанын жоққа шығара алмаймыз. Қазақы бие мен Араб атты ахалтеке айғырдан туған Абсент 1960-шы жылғы өткен Рим Олимпиадасының (27-ші жазғы олимпиада) чемпионы.Абсенттің әкесі Арабты 1945-ші жылғы Жеңіс парадында маршал Жуков мініп шыққан екен. Бұл айғыр 1936 жылы 83 күнге созылған Ашғабад — Мәскеу (4300 км) салт жүру жарысына қатысқан.Ерекше көзге түскен айғырды Буденныйға сыйға тартса керек, Жжеңіс күнінің парадында бұдан артық сәйгүлікті таппайсыз деп Буденный Жуковқа осы Арабты ұсыныпты. Кейін айғырдың есімі ұнамады ма, оны Қазыбек деп атап кеткен екен.
Абсентке қайта оралсақ. Буденный Қазақстанға келген бір сапарында Әулиеата жылқы зауыдының жұмысына сүйсініп, қазақтардың атбегілік өнеріне қызығып өзіне сыйға тартылған Араб атты айғырынан асыл тұқымды жылқы алу мақсатында Қазақстанға жібертіпті. Көп ұзамай жабылып қалған жылқы зауытының жылқыларын Луговой жылқы зауытына тапсырыпты. Сол кезде Абсент әлі құлын екен. Келе-келе көзге түскен Абсентті сол кездегі саяси жүйенің шешімі бойынша Мәскеуге ауыстырып алыпты. Осылайша ол жасы жетіп, басынан бағы тайған уақытында Қазақстанға қайтып келіпті. Абсентті құлын кезінен баптаған атбегі әрі күтушісі қартайып, өз ажалынан өлген айғырды тік тұрған қалпында жерлепті. Атақты айғырдан тараған жылқылардың мықты деп есептелгендері әдеттегідей Мәскеу асып отырыпты.
абсент жайлы толықтай білгіңіз келсе мында өтіңіз

Суретке сілтеме
Бөлісу:

8 пікір

Janasil
кезінде оқығаным бар еді.
satibaldi
Тамағымды кенеп, кеп қалғанымда — аттыкі боп шыққаны…
e_zhalgas
қайтарға жол жоқ дейсің ғой
KILYZAMAN
Талай доданың ту талақайын шығарған мықты тұқым...(Әттең ақын емсепін) Тұлпарға(Жылқыға) тән бар мақтау бір бойына сыйып кеткен дерсің. Айтпақшы ол зауыт әлі бар, БИОГАЗ өндіру үрдісін алғаш бастаған жүйрік ұжым
socrates
осындай қызықты мәліметтермен бөлісіп тұрайық.