Құлаққап пен наушниктің айырмашылығы не?


Бүгін таңертең Қазақстан арнасыдағы Таңшолпан бағдарламасын көріп отқам. Наушниктің хикаясын айтып жатыр. Былай болған, былай болған деп кішігірім тарихын айтып жатыр енді. Сөйтіп, басында құлаққап деп жатқан ғой, бір кезде наушник деп қалды да, мен қателесіп айтқан шығар деп ойладым. Бір кезде тағы айтты, сосын тағы айтты. Очм не керек құлаққап пен наушник сөздерін араластырып айтып жатыр.
Басында құлаққап деген наушник шығар деп отқам, сосын бұл ойыма күмәндана бастадым.
Сонда құлаққап деген не?
Бөлісу:

27 пікір

meirzhan
Екеуі бір ғой. Просто жүргізушінің эфирден тыс және эфирдегі пайдаланатын сөздері әр-түрлі болып тұр ғой. Құлаққап деген пассивті сөздер қорында, ал наушник күнделікті тұрмыста көп айтылатындықтан белсенді сөздік қорында.
Бәрі солай сөйлейді ғой. Қазақшасын еске түсіруге ерініп, орысшасын айта салады. Бірақ эфирде олай істемеген абзал.
Onlasyn
Олар айтатын нәрсесін алдын ала жазып алмай ма?
meirzhan
Жазып алғанмен тікелей эфир деген оңай емес.
e_zhalgas
"құлаққап" түрікше сөз ғой, осы "қаптар", шыны керек, маған ұнамайды. «аяққап», "құлаққап", «шашқап», «төсқап», «мүшеқап»…
asaubota
"құлаққап" түрікше сөз ғой

наушникті түріктер кулаклык деп атайды, қазақша дәлме дәл аударсақ: құлақтық.

меніңше дұрыс аударған. наушнктің бәрі құлақтың қабы емес қой, тығып қоятындар бар. сонда олар да қап бола ма?
e_zhalgas
"құлақтық" — осы нұсқаны бір ауыздан қабылдайық
Gastarbaiter
Керекинфомен бекітетін жақсы бір дәстүрді бастап еді Техносиндром.
e_zhalgas
так, қолды қайда қойып, мөрді қайда басу керек??
omarbirat
құлақтық
Осы сөзді мен де ойладым. Соны бірдеңе қылып, қолданысқа енгізу керек.
sword
Кейін «аяққап», "құлаққап", «шашқап», «төсқап», «мүшеқап» -тар, «аяқтық», "құлақтық", «шаштық», «төстық», «мүшетық» болып кетпейді ме?)))
qisyq
«Төстық» емес «төстік», «мүшетық» емес «мүшелік» болады онда үндестік заңы бойынша
Onlasyn
құрылғыларға атау ең бірінші пішіміне қарап берілмей ме?!
Gastarbaiter
Дұрыс. бірақ бұл құрылғының ең бірінші пішіміне атауды біз қойған жоқпыз. Сондықтан, ондай сылтауды айта алмаймыз.
omarbirat
"Құлаққап" деген — меніңше, қыста құлақ тоңып қалмау үшін киілетін наушник. Құлаққа киілетін қап, тойыс. Опшым, «наушниктің» қазақша аударылған кезіндегі задумкасы солай болған. Кейін келе, барлық терминдер жапа-тармағай қазақшалана бастағанда, музыка тыңдайтын наушникті де қазақшалау керек болды. Сол кезде көбі сөздіктен қараса, «наушник — құлаққап» деп тұр екен. Содан, ол қандай «наушник» екеніне қарамастан орыс тіліндегі «наушник» атаулының бәрін "құлаққап" деп айта беретін болған
Жасыл сөздікте «наушник (құлақ аспабы)» деп жақшаның ішіндегі түсіндірмемен берген.
patick
Құлақтық деген дұрыс сияқты негізі. Бір жағынан "құлаққа тық" деп айтып тұрғандай. Ауылдың балдары наушникті "Құлаққа тығатын бар ма?" деп сұрайды ғо.
Nurgisa
Өте дұрыс. Мұрындық, ауыздық деген сарында.
Gastarbaiter
ТасақтықТасаттық деген де сөз бар, аха.
Onlasyn
Ол тасаддуқ деген арапша сөзден келген
a63a1
тасаттық құрғақшылық жалдары қой сойып өткелге барып қойды құрбандыққа шалып құран оқиды жаңбыр шақырту үшін
satibaldi
Хедфон дей саламыз. Тез тарап кетті, іштегілердің барлығы хедфон дейд.
asaubota
енді Дәруішөлгенмен бізді салыстырмашиш
Qojeke
Суреттегі құлаққап, ал мынау наушник ыҚҚ
socrates
Осы құлаққап деген аударма нақты бекітілмеген ғой деймін.
Onlasyn
Жоғарыда "құлақтық" деп бекітілді ғо )