Белгілі сазгер Ержан Серікбаев қаза тапты...

Қазақ өнері тағы да қайғы жамылды. Әнші-сазгер Ержан Серікбаев кеше кешкісін 50 жасқа толған шағында жол апатынан қаза тапты.

Ол осы оқиғадан бір күн бұрын ғана Алматыдан туған жері – Арыс қаласына асығып аттанған екен. Сазгерді сонда көлік қағып кеткен. 70-тен аса ән жазған Ержан Серікбаевтің «Шымкенттің салқын сырасы» қалжың әні халық ішінде кеңінен таралды. Оның “Қала”, «Көтерейік, кәне, достар», «Інжу маржан», «Алматы таңы», “Қазақ жігіттері” сияқты шығармалары ел сүйіп тыңдайтын тамаша туындыларға айналды. Марқұмның артында 70-тен асқан анасы, жұбайы мен ұлы қалды.

Бөлісу:

19 пікір

Onlasyn
Арты хайырлы болсын…
User
Ерте кетті ғой жарықтық…
Abilakim
Иманы жолдас болсын!
e_zhalgas
иманды болсын… «шымкенттің салқын сырасы» үшін сыйлаймын…
Gastarbaiter
Таңертең телевидениеден кілең негатив жаңалық болды бүгін.
e_zhalgas
жаңалық по идее негатив болуы керек қой, «хабар» мен "қазақстан" исключение
Gastarbaiter
Жоқ, шынымен де. Таңертеңнен бүгін Қазақстанда бір маньяк педофил бар екен, Свадебный картеч авария бопты, Ержан Серікбаев қайтыс бопты, Колонияға героинді тәпішкеге сіңдіртіп тасымалдайтындар бар екен, байқаусызда бір бес жасар баланың жас анасын районский балдар травматпен атып өлтіріпті… Осының бәрі бүгінгі таңертеңгі бір санда шықты.
Gastarbaiter
Тағы бір жерде мектеп оқушылары қырылып, біреуді өлтіріп қойыпты. Класс жетекшісіліктен ғана босатыпты мұғалімдерін.
Onlasyn
Күндебір педофилды көрсетеді ғой 31-ден
Gastarbaiter
Білмеймін әйтеуір жаңалықтардың жүргізушісі әшкиін шешіп тастаса, сол фоторобот туындысынан аумайды.
Onlasyn
"Құтырған мүшелерін" кесу керек ептілердің
Gastarbaiter
Енді жазалау жағы жазалаушының сексуалдық талғамына байланысты. Мен болсам, жай атып тастай салсын, немесе ауыр және зиянды жұмыстарға салсын дер едім.
KILYZAMAN
Иманы жолдас болғай… Неге осы жарқырай бере сөнетіндер көбейіп кетті?
Qojeke
Қилеке, бұл не дегенің? Бұл сазгердің жарқырағаны баяғы замандардың бірінде өтіп еді. Елуге келіп те жарқырайтын әншіні көрмедім.
KILYZAMAN
Жұлдыздардың арсында да Жұлдызыболады емеспе?.. Баяғы дейтіндей, уақыт өте қоймады жарқырай тұрса маңдайымызға тарлық етпес еді деген қимастық ой ғой :-(
saken
арты қайырлы болсын.
«Алға қазақ жігіттері» әні ерекше рух беретін әндердің бірі еді…
KILYZAMAN
Сахнадағы қарапайымдығы тіпті ерекше…
Gastarbaiter
Машина қағып кетіпті ғой.