Әйт, шуу, Алматы!

Иә, атымды ерттеп мініп Алматыма аттанып барам, алақай!
Алматының тура үш жазын (маусымын) көрмеппін. Аттай он күн бойы «Алатау» санаторийінде аунап-қунап қайтсам....
арман не?! Әзірге іссапармен бара жатырған жайым бар.
Қым-қуыт тіршілік осы кезге дейін өзімізді ерттеп мініп, «Гладиаторларша шапылдасу» шайқасына да жете алмадым /таймкипер мырза, кечроң/. Болашақта дуельге шығатындарың болса, жаушы жіберерсіңдер. Әзірге өз позициясын мыхттты қорғап, қамшы салдырмай шыққандардың құрметіне шампан! 
23-24 күні сіңлімнің тойын өткізіп, 25 қыркүйек күні бұйырса түсте Алматыда болам. Жұмыс діңкелетіп жіберсе де, әлі «чудо чемоданым» жиналмаса да, көңілім Қара теңіздей шалқулы. Құрбы-құрдас, курстастарды көруге деген дәмем Даранг өзеніндей. Тағы бір қуантатыны дәл мен барған кезде Театрлар фестивалі басталады екен, қойылымдардың басым көпшілігі ТЮЗ-да болатын көрінеді /керектік театрсүйер қауымның құлағына алтын сырға/. Уақыт тауып қойылым тамашалауға барсам деп жоспарлап қойдым ойша.

Келгенше «Керекке» кіруге уақыт таршылық қылатын шығар, көріскенше, Керекинфо!

Әйт-Чу
Әй-чу деген та-ма-ша би!
Әйт- Чу!
26 қыркүйекке дейін аман бол, балақай!