Еркін тақырып: Ширек Финал Тақырыптары

Аса қадірменді ережесіз дебаттың ширек финалисттері!
Жалғас Ертай, Абзал, Бальзаминка (Гүлшат), Аль-Астер (Нұржол),Қисық (Димаш), Сигма, Сатыбалды
Нұрберген,
және барша қызыққұмар жамағат!

АПДЕЙТ:
Келесі сайыста үміткерлер еркін тақырыпта көсіледі, еркін болғанда шартты түрде ғана еркін, яғни ширек финалисттердің дебатының мазмұнын басқа қолданушылар анықтайды. Қалған ережелер баяғы күйінде.
Ия, айтпақшы жеңімпазға тіркелгеніне 4-айдан асқан кез келген мүше дауыс бере алатын болады.

Шешендер сайысына қатысты алдыңғы тақырыптар- мұнда:
www.kerekinfo.kz/blog/debats/


Ал енді халайық, келесі дебаттар қай тақырыпта болғанын қалайсыздар? Ұсыныңыздар.

Мен мына тақырыптарды ұсынамын:

  1. Ұстазыңмен бақталас болу әбестік!

  2. Достарыңа да айтпайтын сырың болсын!
  3. Туыспен алыстан араласқан дұрыс!
  4. Әрқашанда қажетті мөлшерден аз сөйле!
  5. Жұмысыңды басқаларға жасатуға тырыс!
  6. Басқаларды өзіңе бағынышты етуді үйрен!
  7. Қойныңдағы қатыныңа да сенбе!
  8. Жауы жоқ адам қорқақ!
bk
Бөлісу:

42 пікір

a63a1
осы жұмада інімніңі тойына кетем осыны ескере салыңыз
Gastarbaiter
Ондайды жекеге жазыңдар, әйтпесе, кімнің қай күні шыққаны белгілі болады.
balzaminka
2-wi tarmakty tusinbedim, kandai pikir?
Gastarbaiter
Ол жағын қарастырып жатырмын бір өзгеріс болары анық. Әзірге сценарий толықтырылуда.
Gastarbaiter
АПДЕЙТ:
Келесі сайыста үміткерлер еркін тақырыпта көсіледі, еркін болғанда шартты түрде ғана еркін, яғни ширек финалисттердің дебатының мазмұнын басқа қолданушылар анықтайды. Қалған ережелер баяғы күйінде.
Ия, айтпақшы жеңімпазға тіркелгеніне 4-айдан асқан кез келген мүше дауыс бере алатын болады.
ПС: Басым қатып отыр идея айтыңдарш, тақырыптар… Дерзкий, керек тақырыптар. Актуалды тақырыптар.
ППС: Жүргізуші эстафетасын кім алады, Екі анонимді өткізе салайын деп едім. Бір айға дейін белсенді бола алмаймын.
Gastarbaiter
Мен мына тақырыптарды ұсынамын:

  1. Ұстазыңмен бақталас болу әбестік!

  2. Достарыңа да айтпайтын сырың болсын!
  3. Туыспен алыстан араласқан дұрыс!
  4. Әрқашанда қажетті мөлшерден аз сөйле!
  5. Жұмысыңды басқаларға жасатуға тырыс!
  6. Басқаларды өзіңе бағынышты етуді үйрен!
  7. Қойныңдағы қатыныңа да сенбе!
  8. Жауы жоқ адам қорқақ!
meirzhan
Тақырыптар өте сәтті таңдалынған. Іске сәт сөзуарлар!
Gastarbaiter
Айтпақшы құпия ашам деп уәде еткен едім.
Қарасақал қазір Сигмамен сыралатып отырып, онымен өткен жолы айтысқан Сигма емес, Гастарбайтер екенін сезбей отырса керек.
ПС. Қарасақал, сақалыңнан айналайын амиго, ренжіме ничего личного. Жай, жағдаяттар солай боп қалды. Сигма шаруаларға қатысты шыға алмады, маған өз атынан шығуға рұқсат етті.
Көрерменге керекті деңгейінде пікірталас көрсете алмағаным үшін кешірім сұраймын.
blackbeard
libaaaaaaaaaaaa jana Gasta aytad degen birdenesi sol eken goi Nakmet rak
balzaminka
8 saiysker eken, toppen aityssa kalai bolady?
Gastarbaiter
Жүргізушілікті кімге тапсырарымды білмей дал боп отырмын. Жарты жолда тоқтап қалғанын қаламаймын. Вахтаға да таю керек боп тұрғаны.
balzaminka
jurgizein be?
Gastarbaiter
Сенің орныңа кім айтысады сонда?
Ақиқат деген темпераментный жігітті ескеріп қой. Менімен шапылдасқанда, бетпақтығы бесеуіңнен асып, көкбеттігі менен асып түспесе, кем болмады. Далаға шабатыны болмаса, жылдамдығына гарант берем.
balzaminka
Oilanu kerek eken)))
Gastarbaiter
Ақиқат, тексерілген, целкасын өзім алғам десең… ия. астапырбудда не деп кеттім
blackbeard
Ма*** жақсы жігіт болуы керек нақтың!
Gastarbaiter
Тыныш Саған құпияны ашуға рұқсат беріп пе еді? Әлде… баяғы әдетіңе салып отырсың ба?
blackbeard
Ойбай шшсс! Қасарысып отырм оған Эмоциямдыссс…
Zilola
менiн атымнан базар деген такырып косшы.
Gastarbaiter
Базары нес? Дебатта тақырыптар тұжырым ретінде қойылады.

Йесман «Базар!» десе
Ноуман «Базар жоқ!» деп отыра ма?
Zilola
Казахстанда ашык базар болганы дурыс па? Тарихымыздан кашып кутылмаймыз, арине керек. бiрак санитария жагынан ужссс дегендей ойлар айтуга
Gastarbaiter
«Базарларды жабық ғимараттарға көшіру керек» -деп ұсынайық.
konvict
*Қазақстанда сөз бостандығы жоқ.
*БІзге жабық экономика керек
*Әйел ақылды ма, еркек ақылды ма?
blackbeard
Шрек: Финал Тақырыптары
Gastarbaiter
Noman мен Yesman — деген «жезөкше» аккаунттарды паролімен қоса Balzaminka -ға тапсырдым.
Gastarbaiter
Мына істі аяғына қалай болса солай емес, өз деңгейінде ұйымдастырып, жеткізетін сенімді адам маған хабарлассыншы.
Немесе, жамағат ренжімесе жалғасын Қазан айының соңына қалдырайық. Амандық болса, мен сол кезде келемін.
Gastarbaiter
Ұйымдастырушыға талап:
1) Ойыншымен санасу
2) Ойыншымен санасу
3) Ойыншымен санасу
4)Жамғатпен санасу
5) Дікеңдемей, жамағатқа да, ойыншыларға да мүмкіндігінше ұйымдастырғанын ешкімге міндет қылмай альтернатива ұсына білу.

Ақысы: Әр өткізген сайысына 1000 единица.
Gastarbaiter
Жамағат жаңалық бар ма мынадан? Ешкім кіріскісі келмей ме? Бір жауабын беріңдер енді. Кететін уақыт таяп қалд
a63a1
сені тосқан дұрыс шығар, қазанды күтсек қайтеді?
Gastarbaiter
Сайыс аяқталды.
Өз басым бірінші орынды дервиштердің бірі алады деп болжадым. Сатыбалды, Қисық, Нұрберген Мақым. Дервиш еместерден Нұржол мен СИгмада ғана шанс бар дер едім.
Gastarbaiter
Мынаны жалғастыруға қалай қарайсыңдар?
bazuka
басынан бастап па?)
Gastarbaiter
тоқтаған жерінен… Ипаать бір жыл да өте шығыпты ғой нақ, қу өмір-ай…
zholantai
еһһ, осы қауымдастықта отырғаныма, міне, алты сағат болды. Бұған дейін дауаламай жүр едім, мұндағы жазбаларды оқуға.
Кеше бір досыммен ренжісіп қалдым, себеп: екеуміз әдеттегідей бір тақырыпқа дауластық, түсінісе алмай, қоя салдық. Содан кейін, осындағы сөзталасты оқуға бекідім.
Айтпақшы, араға бір жыл үзіліс салған сайыс жалғасын тауып жатса, мынабір тақырыпты ұсынсам болады ма? "Әйелі сұлу еркектің нағыз досы болмайды" Немат Келімбетовтың бір кітабында осы аттас тақырыптағы жазба бар еді. Кітаптың атауы жадымда жоқ. Жазушының не жазғаны да есімде жоқ. Қаншалықты бұрыс, не дұрыс екенін де білмеймін. Дәл осы тақырыпқа келгенде өзіндік ойым да жоқ. «Бұрыс» дегім-ақ келеді. Бірақ… Кейбір көзбен көргендерім-«дұрыс» деген ойға жетелеп те тастайды. (Ойбой, демеулік шылауды өкіртіп қолданып тастаппын-ау) Қаласа-қабылдау, қаламаса-қабылдамау — әр керекшінің өз еркінде. Бір жағынан, Gastarbaiter ұсынған 7-тақырыпқа келіңкірейді. Солай. Құрсын, ұйықтайық, жаңбыр жаууда, алақай)))
Gastarbaiter
осы қауымдастықта отырғаныма, міне, алты сағат болды
Рахмет.
Д*ебатерлардың )) көз майы бекер тамбапты онда.
Zhan
Жаңа сайт. Көре отырыңыздар Ұлт, кз...
zholantai
тарихты қаузайтын, шуылдататын тақырыптар болса, шіркін
Erasyl2
Финалын таппай отырмын жол сілтеп жіберсеңіздер екен