Интернетпен адамша сөйлесу

«Маған бір тәрбие сабағын тауып берші»- деді бір әріптесім, конституция күніне арналған болсын деп қосып қойды. Гуглды ашып тәрбие сағаты деп жаздым да, қозғалттым.
— Былай деп жазсайшы «Конституция күніне арналған тәрбие сағаттары» сонда бәрін көрсетеді ғой. – деді тап бір ішіндегі бір адамға өтініш жасап тұрғандаймыз.
Енді оған кілт сөздерді ғана жазу керек деп қоқысып отырсам бұл жерде басқаша түсінік қалыптасады. «мынау неге білгенін бұлдап отыр» деген сияқты. Амал жоқ айтқанын істейсің, іздеген нәрсең шашырап шығады, ары қопарып бері қопарып таппаған соң қоямыз.
Жаңа келсем бәрі интернет бар компюьтерге үймелеп отыр, гуглға былай жазып қойыпты. «Тіл мерекесіне арналған көріністер» еріксіз мырс еттім.
Сонда мен ғана бәрін білем демексің бе? Деген сияқты пікірлер қабылданбайды.
Бөлісу:

8 пікір

asaubota
интернеттің ішінде бір адам отыр, ол еще қазақша түсінеді және бәрін біледі, тауып береді.
qisyq
«Тіл мерекесіне арналған көріністер»
Onlasyn
Күннің соңы болғасын ба игере алмадым не туралы екенін )
meirzhan
Әріптестеріңізді мысқылдауды сіз де қоймайсыз-ау.
Aizhantabyn
мен өткенде біреу үшін ваще бір керемет іздедім, аж екі сөйлем! түсіндіріп жеткізе алмадым. ренжіп қалды, что мен тауып бермедім!!!
Aqiqat
Автор көтерген мәселе өте орынды деп білемін. Керекинфода осындай тақырыптар жиі қозғалуы керек. Мақалаға өзіме тиісілі плюсімді қоямын
satibaldi
Мақалаға өзіме тиісілі плюсімді қоямын
Ток-шоуларда жюри болған жоқсың ба бұрын?
ken
есіме секс көрсет түсіп кетті)))