Осы жұрт moodle жайлы біле ме екен?

Көптен бері пәнге байланысты сайт ашуға движок іздедім, соңында осы moodle ге тоқтадым. Осы движокпен айналысқандарың бар ма? Қазақстанда Ұлттық ақпараттандыру орталығының сайты осымен жасалыпты, айтпақшы бұл CMS емес LMS екен. Кешеден бері алысып денверге орната алмадым. Мына жерде айтылған түсініктемемен істесем де болмады. білетіндер бірдеңе айтыңдаршы.
Бөлісу:

16 пікір

Onlasyn
Не деп шығып жатыр?
asaubota
қандай мақсатта керек? бұрын естімеппін бұл движокты.
serjan
Пәнге байланысты сайт ашу керек еді? білім ресурсын жасауға дегендей.
KILYZAMAN
Үйреншікті нәрселер жарамай жатырма Секе?
serjan
Енді осы білім саласына арналған движок болған соң қызығушылық тудырады ғой.
Onlasyn
Ксампқа орнатсай
serjan
Ксампты білмейді екем.
Onlasyn
Қарасақал видерсабағында көрсеткен жоқ па?
serjan
Йә сол ма еді, оның салмағы да ауырлау екен, жүктеуге.
Onlasyn
сенде денверге орнатқанда қандай қателік шығып жатыр?
serjan
файылдарын Z:\home\moodle\www көшірген соң браузерге moodle деп жазып қозғалту керек екен, қозғалтсам браузер moodle/denwer болып өзгеріп кете береді, қазір скрипшотын салам.
serjan
Жұмытағы компютерге орнатылды, бірақ орнатудың екінші этабында PHP дің 5.3.2 версиясын сұрап ары қарай жүрмей қалды. ал үйдегі компютерде жаңағыдай қателік.
Onlasyn
Сен жүктеген мудлдың салмағы қанша?
Мұның өзінің сервері бар ғой
sigma
Оқу үрдісінде пайдалануға арналған керемет движок десем жағым қисайып кетпес, (келіспейтіндер менің субъективті пікірім деп қабылдасын).
Ия, коптеген хостингтердің проблемасы сол PHP версиясын жаңартпайды, мен де қазір сол ИТ ИДхостпен біраз жерге барып қалып едім осы тұрғыда.
PHP 5.2.8 версиясына арналған moodle 2.0.5 нұсқасын алып құйып жатырмын.
Егер өзіңіз жеке серверге көтергіңіз келсе виндоусқа арналған нұсқасын түсіріп алыңыз. Автоматты түрде апачи өзі қояды, денвердің қажеті жоқ.

Мен де жаңа бастап жатырмын, қалған опытыммен шұқуды бастағасын бөлісемін.
sigma
айтпағышы, оны сырттан коретін қылу үшін днс көтеру керек