Құт қонақ па екен?..

Алдымен қонақ келеді делініп, сенбілік пен мазасыздық қатар қосыла келді қала халқына.Қадірлі қонақты сөзбен ғана емес, көзбен де тойғызайық деп шабылып жатыр нешеме күннен бері Жайық.Оралға бұрын-соңды келген, келіп-кетіп жүрген қонақтың НӘНі көктемдегі тасқын су тарықтырған қалың көптен алғыс алмаққа келе жатыр жоспар бойынша.



Құтты қонаққа таза қала

Сенбі күнгі демалыстарын құрбандыққа қиған әріптестерім бірі қалмай жаңбырдың астында ағаштардың түптерін әктеп, Шаруашылықты қамтамасыздандыру орталығының күрек-тырмауыштарына тыным таптырмады. Тіпті болмағасын үйдегі туысқандарын да көмекке ала келді
Сыртта сенбілік, іште жиылыс жасап, басшылық та аяқтан тозды-ау. Қысқасы, шарщадықъ.


Облыс әкімінің орынбасары Шәкімов Тимуржан Әдиетұлы облактивті жедел жиып алды

Жиылыс та жиылыс. Бүгін ала таңнан тыныштық жоқ. Құлаққа да. Жұмыс жүрмей, миым ашып кетті. Терезеден қарасаң ала таяқты ағайындар екі қадам ғана қалдырып сап түзепті. Ысқырып-пысқырып + дауысзорайтқышпен жол жиегіндегі көліктердің бәрін тырқыратып қуып жатыр.
«Еееа, не пускай сюда!» деп айхаооойлап жатыр дәл қазір. Бүгін мындай, 14-ті күні не болар екен?.. Қысқасы кәнсерт тезірек бітсе екен деп жатқан жалғыз мен емес ау деймін
Бөлісу:

9 пікір

19852407
Осы жаңа екі микроаптабуспен «арыстандық» джигиттарды алды-артынан қос-қос мигалка, джиптармен сопроваждать етіп алып өтті аэропорт жақ беттен
Gulistan
Орал, жалпы таза қала ғой. Қателеспесем, сіздерден кейін біздерге бас сұғады НӘН адамдар.
Nurgisa
Атырау қайтадан шулап жатыр ма, «Бергейді алады екен, Бергейді алады екен» деп  Жылда сөйтуші еді ғой
19852407
Біздің облысымыздың қожасын да алып кетеді десіп шулап жатыр
www.uralskweek.kz/?p=1599#more-1599
19852407
мхм, батыста тура бір апта жүрмек
19852407
Ең жақын құрбымның күйеуі келем деген соң, үйге шақырып, есік көрсетіп, шала той жасап жіберетін болдық қой деп шабылып жүр едім, жаңа хабарласып отмена болды деееп тұр. Атырауда екен жартысы «джигиттардың», соларды алдыратын болыпты Оралға. Сіздерге алдын-ала бәрін дайын қып қоюға барған болса керек.
Nurgisa
Соңғы ай ішінде бүкіл елді аралады… Өткен апта үш облыс келіп, тотальді көрме жасады. Не болды екен бұның ар жағында. Баяғыда осыншама қысқа мерзім аралығына тықпалақтамаушы еді «бүкілҚазақстандық турнені»…
19852407
Әрі асырмай, төртінші президенттік мерзіміне ырзалығын білдірейін деп жатпаса…
О возможности “чрезвычайной ситуации, связанной с внезапным уходом главы государства”, президентский советник заговорил после того, как Назарбаев во время отпуска был замечен в немецкой клинике.
Gulistan
Нұрғиса, Бергейдің орны бек болып тұр әзірге. Біз де соңын күтеміз.