Романтика қайда кеттің?

Романтика таусылып қалды ма әлде адам жасы ұлғайған сайын романтикадан айырыла бастай ма? Әлде ол тек кейбір адамдарға ғана тиесілі ма?




Ойбай, ол жиі звондамайды, мені іздемейді, менен отчет сұрамайды, қайда жүрсің деген сұраққа қыздармен десең, мм деген ғана жауап аласың, қыздармен қыдырған соң келіп неге алып кетпейді, мен любой жерде тұрған жерде шақырғанымда келіп алып кетсе қайтеді, гүл сыйламайды, қызықты жақтарға апармайды, бір керемет романтикалық нәрселер неге ол ойлап таппайды, неге мені таңқалдырмайды, неге кәрістің киносындағыдай жігіттердің романтик емес, тіпті жаным деген сөзді естімейсің де, сүйем дегенді армандамай-ақ қой…

Бұның бәрі не? Бұның бәрі 18 ге жаңа келген қыздардың «идеальный» қарым-қатынастың шаблоны ма әлде бұл жалпы қыздардың қалыптастырып алған шаблондары ма?

Әлде жас ұлғайған сайын, жігіттер қауымы мына сөздерді ғана есіне ұстай ма: мә сүйгім келіп тұр, я хочу тебя, үйленетін қыз іздеп жүрмін бірақ қыз көп сол менікі кездеспей жүр сол сен ба деппп… Енді тіпті жиі және ең керемет сөздері «я хочу тебя».

Ал қыздардыкы «күйеуге шығу». Алам деген адам болса бітті, шығып кету. Жұмысы, үйі машинасы бар сені асырай алатын адам болса болды.

Сомен романтика өзгере ма? Оның жалпылама құрылған сипаттамасы бар ма? Романтикада адамның жасына бағына ма? Тіпті ол қайда өзі? Әлде тек киноларда, кітаптарда өмір сүре ма ол?
bk
Бөлісу:

42 пікір

kuniqumar
Қиын болған екен
Aikona
иа со қиын боп тұр да…
kuniqumar
Жігітіңнің романтиакадан жұрдайлығының өзінде бір романтика бар емес пе?
Aikona
жалғыз ойлай берген иногда қиынырақ
Gastarbaiter
Адамдар романткика туралы соншалықты көп естіп, көп оқып, көп кино көрмесе, ол туралы көп ойланбас та еді.
© Француа Ларошфуконың ізімен
Zilola
Романтика бар, жеке озiмнiн жагдайымда ол алi тiрi. Мысалы екi кун бурын гана тiзем дiрiлдегенше сезiндiм  Сол сезiмдi сыйлаган кiсiм адетте оте салмакты, ал менiн касымда оте мамык адам
Aikona
Жақсы жаңалықтар бар ға ұқсайды
Zilola
Атыраудамын. Ертеннен бастап вахта, так что «кош бол романтика 1 айга» ))
19852407
тәк-тәк-тәәк, бұндайда «осы жерден нақтыраақ, нақтырақ» деуші еді асқабақ ағамыз
Sayana
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ адамдары романтик болады қай жаста болса да…
Zilola
келiспеймiн
e_zhalgas
мен де келісе алмаймын, олар көбіне шығармашылықты романтиктеуге тырысады, онысы сәтті шыға бермейді көбіне )
AKY
Сүйем сені ғана, сүйем сені ғана, сүйем сені ғана, жүрек оты жанаааа…
Gulistan
Меніңше, романтика мәңгілік! Оны тек балғын шаққа ғана телімейікші.
Zilola
тiлипонынды косшы, конырауым бармай жатыр
Gulistan
жекеге хат жаздым.
a63a1
лібә барлық нәрседен шұқылап отырып ырбантика тауып алуға болад. тек махаббат жолынан іздеген бос әурешілік. мен сымалға жұмыстан да романтика іздим, командировкалардың өзі бір ғажайып ырбантика емеспе халайеқ!
Aizhantabyn
ой, жан! Сен де қайдағы жоқтың айтып)))))))))))) Романтик бар, жай не до романтики боп кетті ғой.))) Мысалы, мен күткен адамымнан оннан бір бөлігін де көрмедім, ал күтпеген адамнан романтиканың бума бумасын алып жатырмын. Крышаға шығып жұлдыз тамашалау, түнгі қалаға қарау, пикник на крыше, сосын құшақ құщақ гүлдер, жұмысқа жіберілген торт, но, эффект не тот))) (жақсы көрмесең, солай) Романтиканы да сүйген адамнан болса екен деп тілеу керек екен)))

Бәрі де болады, шыдай тұр))))
Tarazkyzy
Біреулер «сүйдім, күйдім» дегенін романтикаға балап жатады, ал енді бірі үнсіз махаббатты романтика деп ұғынады. Талғамға талас жоқ. Оның үстіне адамның мінезіне де байланысты сияқты.
Aikona
иа мінезге көп нәрсе байланысты…
satibaldi
Бірден ескертіп қояйын: менің мінезім — иттің мінезі.
Aikona
хи*хи  маған қатысы бар ма?
satibaldi
Меніңше романтика бар, бірақ дәл сол уақытта — жоқ, түсінесіз бе?
Aikona
кейін ойлағанда бола ма?
Gastarbaiter
Мен түсінем
Ұят сияқты ғой. Былай бар да, бірақ жоқ.
Романтика деген пациенттің бір мезетте күтпеген жерден бірнеше жағымды эмоцияны бастан кешіргендегі симптомдар жиынтығы деп ойлаймын.
Объективті әлемде жоқ, бірақ субьективті әлемде бар нәрсе.
Біреудің романтикалық кеші, біреуге пяншіктердің жын-ойнағы боп көрінуін өз басым солай түсіндім.
edige
РОМАНТИКА — ол ғашық болып жүріп жүрген кезден үйленген кездегі алғашқы бір жылдар аралық интервал. Жарайды, Қоғамда бір отбасына қарап әуесің келеді.
-Лібә, мүлдем ұрспайтын шығарсыңдар ия…
— Неге ұрсамыз, бір бірімізді түсінсек… /шелек болады/
Басында сковородкадан қалған шрамдар, денедегі жарақаттар ешкімге көрінбей тұрса болды дә…
Біреуге айтсаң көмек бере ма… Жоқ…
Aikona
ма*ма көз алдыма елестетіп…
balzaminka
Әркімге романтика әрқалай келеді, біреуге аспандағы жұлдызды атасаң романтика, ал енді екіншіге жаңбырлы күні қол ұстасып қыдырып қайтқан романтика сияқты меніңше
nurbergen_makym
Романтика «Романтик», «Комета», «Спидолалармен» бірге кетті ғой…
edige
Романтикалық сезімнен кейін адам баққыты сезінуі керек… Біз пенделер болып турған уақытта ешкімнің ештеңенің қадірін білмейміз. Біреудің бақытын сырттай бақылағанда оларда романтика секілді… Бірақ ол адамның бір мезетте бірнеше адамға уақытша романтика силаушы екенін көрсең жеркенесің…
Өткенің романтика… Қолың жетпей қалып ойлағаның «шешестің… сол кез жақсы еді я» деп, кешеден қалған ыдыстарды жуып, күйбеңге сүңгіп кетесің…
madlen
Бүгін романтика тұнған күн болды  Жәй, ұмытып кетпейін деп жазып қойдым өзіме.
AL-ASTER
Шынымен романтика қайда кетті???



Осы басыма кепті ғо
VKM
Нұржол, басыңда мүлдем басқа нәрселер... темірлер, комптар…
AL-ASTER
Күлкілі болмағанда, мұңлы болар еді
VKM
жүрекке әмір жүрмейді десей)))
a63a1
темір болып тұрғой мәселе темір…