Каз. домені берілетін күн таяу деседі

Былтыр каз домені туралы айтылып, саябырсып қалып еді. Соңғы күндері интернетте доменнің берілетіні туралы ақпар тарала бастады. Бұл доменнің пайдасы бар ма, жоқ па, қазнетке не береді, не үшін керек оны білмедім. (Ресейде былтыр бір шу болып жүргендей еді, осы рф домені туралы)Мамандар болса түсіндіріп берсеңдер. Төменде каз доменінің берілетіні туралы бүгін интернетте пайда болған ақпарат.

Қазақстанда каз. домені беріледі
Интернеттің дамуын реттеуші ICANN корпорациясы кириллица қаріпіндегі каз. домендік зонасын бағалау кезеңін (String Evaluation) аяқтады. Енді Қазақстан каз. доменін алу үшін өтініш бере алады.

Бұл реттегі Қазақстанның өтінішін ICANN мен IANA ұйымдары қарастырады. Егер қолдануға рұқсат жуық арада берілсе, Қазақстан кириллицамен домен алған үшінші ел болмақ. Бірінші болып өз қарпі бойынша рф. доменін Ресей 2010 жылы алған болатын. Екінші болып срб.доменіне Сербия қол жеткізді.

Еске сала кетейік, каз доменін тіркеу туралы ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі 2010 жылы айтқан болатын. Tengrinews.kz агенттігінің хабарлауынша мем.каз домені мемлекеттік мекемелерге, біл.каз білім мекемелеріне, ком.каз коммерциялық ұйымдарға, орг.каз коммерциялық емес ұйымдар мен жобалар ала алады.
Түпнұсқа www.aorda.kz/?p=12549
Бөлісу:

8 пікір

Janasil
Бұл тірлікте латынға ауысуға қарсылардың ықпалы жоқ па екен.
Aldarkose
Болуы мүмкін. Қазақстандағы орыстілділердің істеп отырған ісі болуы мүмкін.
Aizhantabyn
че то ұқпадым, неге каз? қаз емес, қз емес, каз…
satibaldi
Кімге керек бұл, әнасстың, казачествоның домені.
patick
.қаз десе түсінер едім, типі ұлттық домен деп. Каз нахуя? Орыс тілді малдар үшін ба?
Aldarkose
Орыс білгенін істейді, казах көргенін істейді.
omarbirat
.kz аман болсын, мынаны тегін берсе де алмайм, шешесс.
satibaldi
даблюдаблюдаблю.қоқи.қаз