Қу ақша

«Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда» дей ме?! Әжем үнемі айтып отырады. Баяғыдағы ақшалардыі құны болушы еді, 1 тиынға 100 сіріңке сатып алып, 3 соммен Қарағандыға барып-қайтамыз деп… Мен енді ол кезді білмеймін. Бірақ қазіргі ақшалардың иісі бұрқырап тұрғанымен, құны жоқ. Су сияқты ағып кетеді, жібек сияқты қолдан сусып кетеді. Мүмкін ол адамның ұқсата білуіне де байланысты шығар. Әйтпесе… Ақшаның соңына түсеміз деп, бәріне барамыз.Ұрлық та жасаймыз, кісі өлтіреміз. «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық аздырар адам баласын» деген Абай атамыздың сөзін «современный» тілмен айтқанда, «Ақшасы жоқтық аздырар адам баласын»...қалай десек те, адам ақшаны басқарып тұрған жоқ, ақша адамды билеп тұр (ақша таба алмай қалғандағы ашынып айтқан сөзім ғой )
Бөлісу:

36 пікір

a63a1
кісі өлтіреміз.
сондама едің чырағым o_O )))
a63a1
Сайана қанша керек еді?
Sayana
Охранаға жұмысқа тұрамын ба деп бір ойым...қалжың. Жұмысқа тұру керек
a63a1
Парақорлық?
Sayana
ПАРАҚОРЛЫҚ- №1 ақша табудың «доступный» жолы!!!
a63a1
Бағың бар екен!!! )))
Sayana
неге олай дедіңіз???
a63a1
Ақша табу жолдарын жақсы меңгеріпсің дим
Sayana
Құдай бетін аулақ қылсын! Ондайлардың бағы бар болып көрінгенімен, ертеңгі күні соры бес елі! Аулақ жүрейік! Техничка болып, 500 теңге тапсақ та, сол сіңімді.
Abilakim
@a63a1 үйімізге бір техничка керек деп жүр еді…
a63a1
бірақ маған тегін техничка керек, мына кісінікі тым қымбат екен 500 теңге ыхххххх)))
konvict
басы бос екен ғой. Нетсең тегін техничкі болады ғо
Abilakim
Менде соны ескертіп жатырмын ғой…
konvict
оны а алты үш а бір ескеремін дегеншеее…

не ғо сосын, көп әйел алуды заңдастырады деВ жатыр еД… дін де қарсы емес
Abilakim
«ХХІ ғасырда Құдай болмайды, ақша Құдай болады» деген екен Карл Маркс
Sayana
мен де осыны оқып едім… күпірлік болмасын, дегенмен… солай болып тұр. айналаңа қарашы, тек жүрген адам жоқ. бәрі асығыс, ақшаның қамы үшін. Серуендеп жүрсе де, ертең ақшаны қайдан табамын деп ойланады…
Nurgisa
Еді осында болып тақырып бір, ұрып шарқ көмектесіңдерші ақшалай, тірлік қудан деді шаршадым. Тақырып сол кетті бірақ жоқ болып. Білем өшірілді.
a63a1
меңгере алмай отырм)))
Onlasyn
Мына сайтты көре салшы ашылып тұр ма сен де?
liveinternet.ru
Gulistan
Сол жігіттің жағдайын білу керек еді.
Sayana
түсінбей отырмын…
Nurgisa
Osenda bughan dewin basha berew akxa berinderchi dep sharq ureb ede. Sone eske aleb oteirghanemez ghoi.
19852407
есімде, асарлатып жіберіндерш дегені,
салыстыра келгенде шымкенттіктердің өздерінде ақша басқаларға қарағанда көөөп болуы керек еді ғой, ия)))))))
a63a1
билгейтс деген жігіт
Gulistan
Өткенде ақша сұрап, бір жігіт осы Керекке жазып еді, соны айтып отырмын Нұрғисаға қаратып.
Nurgisa
Сол Бил Гей тссс!!! тақырыптарын өшіріп тастады ғой, ақыры. Соған қарағанда ес жинап, жұмыс тауып, екі қолға бір күрек ұстаса керек.
Gulistan
Операциядан кейін оңалып кету де оқай емес, бәріне қолын бір сілтеген болар.
Nurgisa
Иә, оның үстіне ағасының алған кредиттері бар еді…
Gulistan
Туу, мына өмірде тартып қалсаң проблема жетеді ғой әркімнің басында.
AKY
оның үстіне тұқымға жасалса…
edige
Ей Қатігез қу дүние ай… «Елдің бір шетінде Саян бірлік тегін таратып жатыр, бір шетінда Саянаға ...»
konvict
Ақшаның адамды билеуін кейбір білгіштер Федеральді резервтің іс-әрекеті деп айтып жүр