КХЛ-дің "Локомотиві" ұшақ апатынан қаза тапты
Бүгін Континенталды Хоккей Лигасы өз жалауын көтеріп, кезекті біріншілікті бастауы керек болатын. Бірақ Башикирияның Уфасында жергілікті «Салават Юлаев» пен «Атлант» арасында «Ашылу кубогы» ойналып жатқан кезде трибунадағыларға қазалы ақпар келіп жетті. Минскіге бет алған Ярославльдің «Локомотив» командасы толық құрамда ұшақ апатынан қаза тапты. Қазіргі беріліп жатқан ақпаратқа сәйкес, борттағы 45 адамның 1-нен басқасының бәрі мерт болған. Бастапқы болжам бойынша, ұшақ тиісті биіктікке көтеріле алмай, маяктың антеннасына соқтығысқан. Бұдан кейін әуе кемесі бірнеше бөлшекке бөлініп, жерге құлаған.
Ресми деректер бойынша КХЛ күнтізбесіне тиісті түзетулер енгізіледі. КХЛ президенті А.Медведев Ярославль командасына қолдау көрсетілетінін, ол қаладағы үлкен хоккей дәстүрі ұмыт қалдырылмайтынын мәлім етті.
Ресми деректер бойынша КХЛ күнтізбесіне тиісті түзетулер енгізіледі. КХЛ президенті А.Медведев Ярославль командасына қолдау көрсетілетінін, ол қаладағы үлкен хоккей дәстүрі ұмыт қалдырылмайтынын мәлім етті.
Қазіргі деректер бойынша, команданың бір ойыншысы мен экипаждың бір мүшесі тірі қалыпты. 80% күйік алған, бірақ.
Кезінде «Пахтакормен» осындай жағдай болғанда бүкіл КСРО бойынша еріктілер Тәшкенге барып, «Пахтакордың» туы астында ойнап еді. Бұл жолы қалай болар екен…
Экипаждан Сизов Александр тірі қалыпты.
Сауығып кетуін тілеп жатыр ғой фанаттар, жаны сірі болғай!
Әлем бүгін күрсінді,
Саңлақтардан айырылып
Жанарларға мұң тұнды
Қанат қалды қайырылып
Спорт деген елшісі
Татулықтың, достықтың
Үзілгені өкініш
Жалындаған жастықтың
Ел намысын қорғайды
Дара туған тектілер
Бұл апатты әлемге
Ортақ қайғы деп білем
26 хоккейші
Бапкерлер бар білікті
Ажал құшып қаларын
Қай жанкүйер біліпті
Өмір – сынақ екенін
Пенде енді ойға алар
Қош, спортшы саңлақтар!
Соғылмаған шайбалар!