Панфиловшылар дивизиясы майданға аттанар алдында
2011 жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының «28 гвардияшы панфиловшылар атындағы паркінде» тарихи-патриоттық реконструкция өтеді. «Информационная Инициатива» қоры ұйымдастыратын шара «316 атқыштар дивизиясы 1941 жылғы майданға аттанар алдында» деп аталады.
Көрермендерге панфиловшы жауынгерлер майданға кетпес бұрын, оларды неге және қалай үйреткенін: шұлғау мен орамаларды қалай орау керектігі, плащ шатырлардан қалай қалқа жасау керектігі, найзалы шабуылды қабылдау, винтовкалардан ату дағдылары (Мосин жүйесі және СВТ-40), қаруды шашу-жинау, т.б. көрсетіледі. Ұлы Отан соғысының басталу кезеңіне жататын форма, қару-жарақтар көрсетіледі.
Ел тарихына қызығушылық танытатын алматылықтар осы реконструкцияға өздері қатыса алады. Аяқ киім өлшемдері 41-43 және киім өлшемі 48-52 (бойы 176 см биік емес) болуы тиіс. Ол үшін жобаның жетекшісі Михаил Тюнинмен байланысу қажет: +77017864990.
Бағдарлама:
Баспасөз брифингі: 10-30-10-50
Басталуы:11-00
11-00-11-40- реконструкцияны бірінші көрсету
11-40-12-00-бірінші үзіліс
12-00-12-40- реконструкцияны екінші көрсету
12-40-13-00- екінші үзіліс
13-00-13-40-реконструкцияны үшінші көрсету
13-40-14-00-үшінші үзіліс
14-00-14-40-реконструкцияны соңғы рет көрсету
14-40-15-00-соңғы үзіліс
15-00 шараның аяқталуы.
Рәзмерлері осындай балдар қалай қару алып жауға шығады екен.